Тақырып:Экскурсияны өткізудің әдістемелік жоспары. Мақсаты:экскурсияның өтілуінің әдістемелік жоспарын құруға үйрету
Практикалық сабақ мазмұны
1.Оқу экскурсияларын ұйымдастырумен өткізудің жоспарын жасау.
2.Тарихи, архитектура, экономикалық өндірістік объектілерге арналған экскурсия мазмұнын дайындау.
Әдістемелік нұсқау: Оқу экскурсияларын ұйымдастырумен өткізудің жоспары.
Оқу экскурсияларын ұйымдастыру 3 кезеңнен тұрады:
1.Экскурсияны ұйымдастыру кезең экскурсия тақырыбын анықтаумен, мақсатымен, міндетімен анықталады сонымен қатар экскурсия маршруты сызылып, қажетті құрал жабдықтар тізімі жазылады.Экскурсия жоспарын төмендегідей үлгімен жасауға болады.
2.Экскурсияны жүргізу Алдын ала дайындалған экскурсия бағдарламасы маршруты бойынша жеке оқушы тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
3.Экскурсияны қортындылау Экскурсия соңынан жиналған материалдар өңделеіп, теориялық бөлімі қортындалынып, жиналған материалдар бойынша суреттер, альбомдар, графиктер, сызбалар жасалады.