2.Құрлық беті суының өзіндік тазаруын картографиялау.
Мақсаты: құрлық суының ластануын картаға түсіру әдісімен танысу.
Тірек сөздер: құрлық беті суының ластануының жалпы заңдылығы, өзіндік тазаруы.
Негізгі сұрақтар: құрлық суының ластануы дегенді қалай түсінесің?
Беткі сулардың өзінен өзі тазаруы сандық және сапалық деңгейде зерттеледі: 1-сі: ірі территориялар бойынша ұсақ және орта масштабтағы жұмыстарға баға беруде қолданылса, 2-сі: ірі масштабта зерттелуіне мүкіндік болады. Ол дәл жағдайды мүмкін болады және мүмкін болатын салдарды болжауға арналады.
Өзін өзі тазартудың сапалық жағын картографиялау параметрі бойынша өзін-өзі тазарту жағдайын анықтайтын су объектілері бөлімі жатады.
-араластыру қарқындылығы
-жаз айларындағы судың температурасы
-ластанушы заттардың қосылған жағдайы.
Өзендегі судың араласу қарқындылығы жер бедерімен, түпкі шөгінділермен,реттеліп отыратын турбуленттік ағынға байланысты болып келеді.Осы жағдайларға байланысты өзендер жазықты, аласа таулы және таулы болып бөлінеді. Оларға судыңәлсіз, орта және күшті араласу қарқындылығы сәйкес келеді. Температуралық сипатына байланысты жазғы айлардағы орташа температураға 3 категория сәйкес келеді. Олар: температурасы 15° С-қа дейін, 15°-20° С және 20° С-тан жоғары. Араласу мен температураның бірігу сипатына байланысты ластанушы заттарды тасымалдануына қарай судың өзін-өзі тазарту жағдайын 4 категорияға бөлуге болады: жайлы, салыстырмалы жайлы, орташа, жайсыз.