Жаратылыстану-математика факультеті деканы


Тақырып:Кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілері



бет29/46
Дата05.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#16058
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
Тақырып:Кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілері.
Дәрістің мазмұны
1. Кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілері.
Мақсаты: кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілерімен танысу
Тірек сөздер:кадастр
Негізгі сұрақтар: кадастрлік картографиялаудың экологиялық маңызы қандай?
Техногендік негізгі процестерді анықтауда, сонымен қатар әр кезеңде түсірілген суреттерді салыстыру, олардың динамикалық сипаты септігін тигізеді. Контурды дешифрлеу 2 және одан да көп бірдей процестер сипаты арқылы беріледі. Геодинамикалық процестердің сапалық жағын картографиялауды 2 тұрғыда жүргізуге болады:
-дешифрленген контурдың сипаты (процестер тізімі, олардың ішінен бастысын бөлу, қарқындылықты бағалау).
-процестердің көріну контурын бақылау, кей уақытта белсенді жүрген телімденуді бөлу.
Бірінші тұрғыда кешенді зерттеу міндетімен зерттеледі, екіншісінде 1 немесе бірнеше процестерді зерттегенде арнаулы жұмыстарды орындауды алға қояды. Контурлар бойынша картографиялауда көп қолданатын әдістердің бірі – түрлі түсті әдіс, процестердің көрінісін, контурын бақылауда ареалдық әдісті қолданады. Сандық картографиялауда белгілі бір уақыт аралығындағы процестердің көрінуін, шын мәнін өлшеуге сүйенеді. Геодинамикалық поцестерді сандық әдіспен сипаттауда қолданылған аппаратураның техникалық деңгейіне байланысты қарапайым, орта және күрделі болып бөлінеді. Осыған байланысты алғанда территорияның үздіксіз картографиялауға негізінен зерттегенде қолданатын сандар басым болады. Өте сирек жағдайда өзен бассейніндегі эрозиялық-аккумуляциялық процестерді зерттеуге арналған кешенді процестер алынады. Олардың қарқындылық сипаты ретінде төмендегі жағдайлар қызмет етеді:
-шайынды материалдардың көлемі (жыралар мен денудациялық кемерлердің (уступ) жоғарғы бөлігінің өсуін қадағалау жолымен тегіс шайындыларды зерттеудегі шпилек әдісімен анықтау).
-жаңа пайда болған шөгінділердің қалыңдығы және көлемі (бұл тоғандағы, өзен арнасындағы, жайылмаларда және жасалынған шұңқырларда пайда болған ил шөгінділердің жиналуы арқылы анықталады).
-қалдықты гумустың болуы (топырақты зерттеу нәтижесі арқылы анықталады).
Нәтижелерді салыстырғандағы басты жағдай- белгілі бір уақыт аралығында нормаларға сәйкес келетін сандық сипаттамалар арқылы анықталады. Мысалы: жылдамдығы т/км² қатты ағын модулін алуға болады.
Геодинамикалық процестердің дамуын және қарқындылығы фактілері жөніндегі эмпирикалық деректердің ірі көлемдері арқылыоларды болжауға мүмкіндік береді. Осы негізде топырақ эрозиясы теңдеуінің пайдалануы кең түрде болады. Олар шайынды аудандардың белгілі бір уақыт бірліктерімен қатар климатологиялық, геоморфологиялық топырақтың және агрономиялық сипатымен байланысады.Мұндай теңдеулер топырақ дефляциясын сипаттауда да қолданады. Геодинамикалық процестердің сандық болжамы картографияны жасақтауда бастамасында фактілер карталар серияларын құрастырады.

15 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет