Тақырып: Қолданбалы экологиялық картографиялау және экологиялық карталарды қолдану. Дәрістің мазмұны 1.Қаржыландыру негізіндегі экологиялық картографиялау.
Мақсаты: қолданбалы экологиялық картографиялаудың міндеттерімен танысу.
Тірек сөздер:экологиялық карта.
Негізгі сұрақтар:қолданбалы экологиялық карта жасаудың маңызы неде?
1.Геологиялық-геоморфологиялық ластануды картографиялау табиғи-техногендік жаңарған және сыртқы, ішкі литогендік, және геодинамикалық-техногендік процестердің аралық шекарасының толық айқын болмауының күрделі себептерінен жеке ғылыми бағыт болып жасақталмаған. Практикалық бағыты тұрғысынан картографиялаудың пайда болуына қарағанда процестердің сипаты және оның нәтижесі маңыздырақ болып келеді.
Геологиялық-геоморфологиялық ластануды картографиялаудың жасақталуына жер қойнауын және бетін зерттеу процесіндегі практикалық жұмыстарды жүргізгенде пәнаралық байланыстардың болмауы кедергі келтіруде, бірақ кейбір пәндермен тығыз байланыста болады. Мысалы: геоморфогендік изостазия және геоэкологиялық жағдайлардың тектоникалық құбылысы жағын анықтап бейнелегенде байқалады. Құбылыстардың ішкі біртұтастығы ол түрлі көріністердің бір-бірімен тығыз байланысын береді. Оның құрылымының шағын көрсеткіштерін жоққа шығармайды. Бұл жағдайда элементтердің құрылымы болып төмендегілер жатады:
литолгиялық-геодинамикалық процестер: (әрі қарай көп баспалдақты бөлімдерімен),
геодинамикалық процестерінің заттық нәтижесі (жинақтар, сұйық және қатты кірмелер, тұтас тау жыныстарының бұзылуы)
геологиялық-геоморфологиялық ластанудың сыртқы әсері (салдары). Геологиялық-геоморфологиялық ластанудың барлық көрсеткіштері картографиялаудың басты мәселелері, соның ішінде антропогендік әсерлерді бөлектеу.