Жаратылыстану-математика факультеті деканы


Тақырып:Картографиялаудың биоэкологиялық аспектілері



бет25/46
Дата05.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#16058
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Тақырып:Картографиялаудың биоэкологиялық аспектілері.
Дәрістің мазмұны
1.Биоэкологиялық картографиялау.
Мақсаты: картографиялаудың биоэкологиялық аспектілерімен танысу
Тірек сөздер: биоэкологиялық картографиялау.
Негізгі сұрақтар: биоэкологиялық картографиялау деген не?
Экологиялық-геохимиялық түсініктердің әдістемесі өткен ХХ ғасырдың 80 жылдарында Ресейде жасақталды. Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген рудалы пайдалы қазбаларды барлаудағы ( литологиялық-геохимиялық зерттеулер) және геологиялық түсірістегі құрал-жабдықтармен нормативтік әдістемелерді пайдаланды. Экологиялық-геохимиялық түсірістің құрылыс бөліміне: сынақтар алу, аналитикалық өңдеу, нәтижелерді интерпретациялау және карталарды жасақтау жатады. Сынақ алу 10х10м мөлшердегі алаңда жүргізіледі. Ол «конверт» әдісімен, яғни орталық және әрбір бұрыштардан түрлі үлгілер алу арқылы жасалады. Сынаққа топырақ бетінің жоғарғы 10см-лік беткі қабаты алынады. Ал шымтезекті күлгін топырақтар тараған аймақтарда беті 5см қабатты алады. Осыған байланысты сынақ алудың тығыздығы жұмыстың масштабымен анықталады. Оның саны 1км²аумақта 1-ден 50-100-ге дейін сынақ алынуы тиіс. Сынақ алудың орнын таңдау зерттеудің міндетіне байланысты болады. Тығыз қалалардың құрылыс жағдайында берілген мөлшерде геометриялық дұрыс тор әдісін пайдалану жарамсыз болады. Сондықтан төмендегідей әдіспен сынақ алу ұсынылды:
- қолайлы ұзақ уақыт атмосфералық түсім жиынтығын сақтайтын, қалалардың тұйық және шартты тұйық кеңістікті аулалар алаңы, скверлер мен газондар аймақтағына тән сипаттағы нүктелер;
- қауіпті заттардың жоғары деңгейі жинақталған орындар, өндірістік қалдықтардың болатынын көрсететін рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстар, өткен кезеңде болған және қазіргі уақыттағы қауіпті нысандар;
- адам организміне енуіне мүмкін болатын топырақ бөлшектері бар орындар, (геофагия), яғни мектепке дейінгі мекемелердің ойын алаңы, спорт алаңы, мектеп стадионы, рекреациялық зоналар т.б.

11 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет