Жаратылыстану-математика факультеті деканы


Тақырып:Кешенді экологиялық картографиялау



бет26/46
Дата05.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#16058
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Тақырып:Кешенді экологиялық картографиялау.
Дәрістің мазмұны
1.Кешенді экологиялық картографиялаудың міндеттері.
2.Экологиялық жағдайдың сапалық бағасы.
Мақсаты: кешенді экологиялық картографиялаудың міндеттерімен танысу.
Тірек сөздер:экологиялық жағдайдың сапалық бағасы.
Негізгі сұрақтар: кешенді экологиялық карта жасаудың маңызы неде?
1.Экологиялық картографиялаудың кешендігіг бір кезеңде төмендегідей көріністерді бейнелей алады:
-географиялық ортадағы (ландшафтағы) табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің арасындағы экологиялық қатынастардың әсерін және дамуын;
-табиғи ортаның техногендік және антропогендік әсерге реакциясын;
-бір-біріне әсері нәтижесінің бағасы, яғни табиғи орта элементтерінің экологиялық жағдайы.
Сондықтан картографиялау объектісі – ол географиялық ортаның қазіргі, өткен (белгілі бір уақыттағы) немесе болашақтағы жағдайы. Кешенді экологиялық картографиялаудың негізі күрделілігінің бірі – ескерілетін көптеген сипатталардың байланысы болып табылады. Бұл жағдайда кешенді экологиялық картографиялау бірде бір тақырыптық саламен (геологиялық, топырақ, әлеуметтік-экономикалық, және т.б. картографиялаумен), тіпті тұтас тұтас картографиялаумен салыстыруға болмайды. Кешенді экологиялық картографиялаудың практикалық міндеттерін түрлі атластар және бір біріне байланысты экологиялық мазмұндағы немесе бөлек кешенді карталар тұрғызу жолдары арқылы шешеді. Атластар мен карталар серияларында ортаның жекелеген компоненттерін сипаттайтын карталар басым болып келеді. Атластық картографиялаудың кешенді зерттеуінің нәтижесіне сүйене отырып, территорияның экологиялық жағдайын терең, жан-жақты сипаттайды. Бірақ жан-жақты сипаттауға кіретін салыстырмалы бағалаудағы қоғамның және практикалық жағын бөлек тұжырымдау карталарында беріледі. Сондықтан кешенді экологиялық картографиялау ерекшеліктерін толық жан-жақты ашу кешенді экологиялық карталарды жасақтау арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазіргі уақытта кешенді экологиялық картографиялаудың 3 түрі бар:
-инвентаризациялық;
-инвентаризациялық-бағалау;
-кешенді –бағалау.

12 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет