Жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану-ғылыми пәндер оқу кафедрасы 6В01509– «Химия-Биология»



бет1/7
Дата06.11.2023
өлшемі37,13 Kb.
#189973
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
file-7847 (2)


«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТ» КЕАҚ



Жаратылыстану-математика факультеті
Жаратылыстану-ғылыми пәндер оқу кафедрасы

6В01509– «Химия-Биология» мамандығы бойынша оқитын студенттерге


«ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ»


пәні бойынша өздік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған
әдістемелік нұсқаулар

Семей
2023
6В01509 – «Химия-Биология» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Химиялық технология» пәні бойынша өздік жұмысты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар

1. ӘЗІРЛЕГЕН

Сапакова А.К., б.ғ.к., аға оқытушы, жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы _______________________________ «_16 » ___05___ 2023 ж.




2 .КЕЛІСІЛДІ

Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының отырысында


Хаттама «__16___»______05_______2023 жыл, №10

Кафедра меңгерушісі_______________ Рахимжанова А.М., PhD


Жаратылыстану-математика факультеттің Сапаны қамтамассыз ету жөніндегі комиссия отырысында


Хаттама «___06__»_________06__________2023 жыл, № 6

Төраға ___________________________ Желдыбаева Б.С.




3.БЕКІТІЛДІ
Факультет деканы _________________Мукаев Ж.Т.


МАЗМҰНЫ
1.Кіріспе
2. Өздік жұмыстың тақырыбы
3. Өздік жұмысты орындау бойынша ұсыныстар және тапсыру мерзімі
4. Өздік жұмыстың нәтижелерін өңдеуге қойылатын талаптар
5.Әдебиет және интернет-ресурстар

КІРІСПЕ
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) – студенттердің өз білімдерін, өздерін дамыту жағдайларын қалыптастыруға қабілетін арттыратын, ойлау қабілетін кеңінен дамытатын басты іс-әрекеттерінің түрлері.
СӨЖ - ол дәріске алдын-ала дайындалуға, кітапхана жағдайында оқу материалын өздігінен оқуға, компьютерлік сыныпта, Ғаламтор арқылы зертханалық сабаққа, коллоквиумға дайындалуға, СӨЖ тақырыптары бойынша (сұрақтары СӨЖ жоспарында көрсетілген) өздіктерінен көшірме дайындау, зертханалық сабақ бойынша есеп бере білуге, химиядан берілген есептерді талдауға бағытталған аудиториядан тыс жұмыстар болып есептеледі.
Студенттердің өздік жұмыстарының мақсаты:

  • Химиялық технологияпәні бойынша фундаменталды білімдер, дағдылармен студенттерді қаруландыру;

  • Алған білімдерін бекіту және жүйелеу;

  • Біліктері мен дағдыларын меңгеру;

  • Шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту.

«Химиялық технология» пәні студенттерді дайындау барысында маңызды орын алады және 6В01509 - «Химия-Биология» мамандығында оқитын студенттер үшін кәсіптік пәндер блогының таңдаулы бөлігі болып табылады «Химиялық технология» құралы шығармашылық ойлау, студенттерге ғылыми көзқарас қалыптастыру, химияның өмірмен байланысын ашу, болашақ ғылыми маманды теориялық және профессионалды дайындықтын жоғары білім деңгейімен қаруландыру, белсенді ғылыми-педагогикалық әрекет үшін білім мен білікті қалыптастыруға көмегін тигізуі керек. Бұл пәнде студенттер химиялық технологияны жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа технологияларын оқып меңгереді.

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студенттер мыналарды:



  • әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру;

  • зертханалық жұмыс техникасын меңгеруі;

  • синтезді жүргізуге қажетті есептеулерді жүргізе білуі;

  • теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстыра білуі;

  • өндірістің кемшіліктері мен артықшылықтарын ажырата білу, оның перспективасы мен технологиядағы жаңа жеткіліктерін; заттардың концентрациясы мен шығымын есептеу;

  • органикалық және бейорганикалық заттарды алу әдістерін оқығанда алғашқы химия курсында алынған білімдерін қолдана білу;

  • заттардың қасиеттерін, қайтымды процесстердің ығысу жағдайларын меңгеру тиіс;

  • тәжірибиенің нәтижелерін сандық өндеу және зерттеулерді өткізу жөніндегі дағдылары мен шеберліктерін үйрену;

  • түзілген өнімдердің және химиялық шикізаттың анализдеуінің қазіргі әдістерінің қолданылуын білу тиіс;

  • химиялық-технологиялық есептерді шығару білу тиіс;

  • диаграммалар мен графиктерді тұрғызу білу тиіс;

  • принципиалді химиялық өндірістердің сызбаларын дайындау білу тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет