Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7- сынып оқушыларымен өткізгелі отырған танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздерді алда келе жатқан 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!!! Тәуелсіздіктің көк туы мәңгі аспанымызда желбіреп тұра берсін, еліміз тыныш, халқымыз берекелі, бейбітшілік заман болсын. Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты танымдық сайысымызды бастаймыз. Сайсымыздың мақсаты:Оқушылардың жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге баулу.Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; жас ұрпақтың ұлттық сана – сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту;ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Қазақ тілі - өте бай тіл.Тілдің күші мен құдіретін халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз. Мұғалім: Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Сахына төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді жастарды шақырайық. (Әділқазылармен таныстыру) Сайыста бақ сыналар, бап сыналар, Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын Қазылар алқасы болмаса анық сын алар – дей отыра – ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.