ІV. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде әр дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.
Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарды аударыңыз үш тілге.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білгенде,
Ұпайларым көбейеді деп тіле..
V. «Абайды оқы таңырқа» кезеңіне берсек
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен үзінді мәнерлеп оқу немесе әндерін айту
Бұл кезеңде тілдің машықтығы,оқудың тазалығы бағаланады.
ҮІ. “Еске алдық сол бір кезді” кезеңі. Біз сайысымыздың соңында желтоқсан оқиғасын еске алуды жөн көрдік,бұл кезеңде топтар Тәуелсіздіктің 24 жылдығына арнап дайындап келген өнерлерін ортаға салатын болады.
Осымен сайысымыздың жеті кезеңі де аяқталды.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,
Осыменен сайысымыз аяқталды!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразы-лап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаз топтар марапатталады.
Көріскенше күн жақсы
№ 41 Жамбыл атындағы
жалпы орта мектебі
«Тапқыр болсаң, талас жоқ» танымдық сайысы
Ұйымдастырған:
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі:
Низамова Н.Х
Достарыңызбен бөлісу: |