Жемістер
Жемістің түрлері
|
Қысқаша сипаттамасы
|
Зерттеуге арналған өсімдіктер
|
1
|
2
|
3
|
Қақырайтын жемістер (129 - сурет)
|
Топтама жеміс (листовка) және күрделі топтама жеміс (сборная листовка)
|
Апокарпты бір жеміс жапырағынан пайда болған, бір ұялы және көп тұқымды, бауыр жағындағы жігінен (тігісінен) қақырайтын құрғақ жеміс. Күрделі топтаманың айырмашылығы, ол апокарпты бірнеше жеміс жапырағынан пайда болады.
|
Егістік тегеурінгүл, сарғалдақ, қара уқорғасын, тобылғы, қазоты шөмішгүл, дамаск соданасы
|
Бұршақбас (боб)
|
Бір ұялы, бір жеміс жапырақшасынан пайда болған. Арқа және бауыр жіктерінен қақырайды. Бұршақ-бастар төмендегідей бола алады: серппелі ширатылған
көпіршіктәрізді торсылдақ
бір тұқымды, жаңғақ тәрізді
бунақты.
|
Егістік асбұршақ, кәдімгі үрме бұршақ
Кәдімгі жоңышқа
Датган астрагалы, торсылдақ астрагал
Жабайы беде, құм эспарцеті
Мия
|
Бұршаққын
|
Екі ұялы, екі жеміс жапырақшасынан пайда болағн, көп тұқымды.
Тұқымдары ортасындағы ұзына бойғы қалтарысқа бекінген. Арқа және буыр тегістері арқылы қақырайды. Ұзындығы көлденеңінен 4 есе және одан көп артық
|
Крестгүлділер тұқымдасына тән: қырық-қабат (капуста), қыша, рапс, шалқан және т.б.
|
Бунақты бұршаққын
|
Бунақтарға бөлінеді
|
Жабайы шомыр
|
Бұршаққынша
|
Ұзындығы көлденеңінен шамалы ғана артық, кейде тең
|
Жұмыршақ, егістік қанатжеміс (ярутка), жаздық арыш (рыжик яровой)
|
Қауашақ
|
Екі немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан пайда болған. Қауашақтың қақырау тәсілдері әр түрлі
|
Қарамықша, көкнәрлер, жолжелкен, меңдуана
|
Қақырамайтын (жаңғақ тәрізді) құрғақ жемістер (130-сурет)
|
Жаңғақ
|
Жеміс сергігі қатайған, сүректенген бір тұқымды.
|
Орманжапырақ, шамшат, кәдімгі емен
|
Жаңғақша
|
Жаңғақтан көлемінің кіші болуымен айырмашылық жасайды.
|
Жөке, егістік қарамық
|
Тұқымша (семянка)
|
Екі жеміс жапырағынан пайда болып, қауыз тәрізденген жеміс серігі (кебегі) тұқымымен кірікпеген
|
Күрделігүлділердің жемістері: күнбағыс, көк гүлкекіре, бақбақ
|
Бөлшекті тұқымша
|
Пісіп жетілген кейін бөлініп кететін, бірақ тұқым тұғырына бекінген ерекше тұғырда ілініп тұратын екі тұқымшадан тұрады
|
Шатыршагүлділер: аскөк, кәдімгі тмин
|
Қанатты жемістер
|
Жеміс серігінде тері немесе жарғақ тәрізді қанатты өскіншелері бар тұқымшалар мен жаңғақшалар
|
Қарағаш, шаған, қайың, үйеңкі
|
Дәнек, дән (зерновка)
|
Жұқа тері тәрізді жеміс серігі тұқым қабықшасымен тығыз кіріккен
|
Астық тұқымдастарының өкілдеріне тән
|
Шырынды жемістер (131-сурет)
|
Жидек
|
Жеміс серігінің экзокарпиі, жұқа, ал қалған бөліктері етті, шырынды
|
Жүзім, тұшала, қарлыған қызанақ, баклажан, картоп, қара жидек, мүк жидек
|
Асқабақ жеміс
|
Үш жеміс жапырақшаларынан тұратын төменгі жатыннан пайда болған, Экзокарпиі сүректенген, көп тұқымды, шырынды эндокарпиі негізінен плацентаның етженденіп өсуінен қалыптасқан
|
Асқабақ тұқысдасына тән: асқабақ, қияр, қауын, қарбыз
|
Алма жеміс
|
Жемістің пайда болуына гүлдің жатынынан басқа да бөлімдері: аталықтың, гүл желектерінің, тостағанша жапырақшаларының төменгі бөлімдері, сол сияқты гүл табаны қатынасады
|
Алма, алмұрт, беке (айва), шетен
|
Померанец
|
Экзокарпиі эыир майлы; мезокарпиі құрғақ, борпылдақ, ақ; эндокарпиі шырынды, етті
|
Цитрустардың жемістері: лимон, апельсин, мандарин
|
Сүйекті жемістер (132-сурет)
|
Сүйекті жеміс
|
Жеміс серігі жұқа экзокарпиге, етті, шырынды мезокарпиге және сүректеніп қатайған (сүйек) эндокарпиге жіктелген
|
Қара өрік, шие, шабдалы өрік
|
Құрғақ сүйекті жеміс
|
Мезокарпий құрғақ
|
Балам, кокос пальмасы
|
Күрделі сүйекті жеміс
|
Күрделі апокарпты гинецейден пайда болған жеміс
|
Таңқурай, қара бүлдірген (ежевика)
|
Солқым (шоқ) жемістер
|
|
Гүл шоғырының жеке гүлдерінен пайда болған жемістердің кейбіреулері кірігіп бір жеміске, ал кейбіреулері жеке жемістерге айналады.
|
Тұт, ананас, жүзім
|
10. ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМ АЛДЫ САРАМАН ӨТКІЗІЛУІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ЕСЕПТІК ҚҰЖАТ ФОРМАЛАРЫ
Бағдарламада жоспарланбаған
11. БІЛІМДІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1. Өсімдік клеткаларының бөліктері.
2. Әрбір бөлігінің функциясы.
3. Протоплазма мен ядроның құрлысы.
4. Вакуоля және клетка шырыны.
5. Клетка қабықшасы.
6. Клетка бөліктенінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері
7. Крахмал дәндерінің құрлысы мен қасиеттері, олардың ерекшеліктері.
8. Алейрон дәндерінің қасиеттері, крахмал дәндерінің айырмашылығы.
9. Майлардың қасиеттері, маңызы.
10. Кристалдардың құрлысы, түрлері мен пішіні және биологиялық маңызы.
11. Ткань деген не?
12. Алғашқы және соңғы меристемалар.
13. Жабын ұлпаларының классификация.
14. Жасмықшаның құрылыс ерекшеліктері.
15. Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың функциялары.
16. Механиқалық ұлпалардың түрлері, олардың құрлысы мен айырмашылықтары.
17. Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың бір-бірінен айырмашылығы.
18. Сабақтың қызметі.
19. Даражарнақтылардың сабағының алғашқы анатомиялық құрлысы.
20. Қосжарнақтылардың сабағының соңғы анатомиялық құрлысы.
21.Қосжарнақтылардың сабағының соңғы анатомиялық құрлысының ерекшеліктері.
22.Үйеңкі (жөке ағашын алса да болады) мен қарағай сабақтарының айырмашылығы.
23. Жылдық сақина, оның пайда болуы.
24. Ашық тұқ-р мен қос жарнақты өсімдіктерді алып анатомиялық құрлысы мен ерекшеліктері?
25. Көлеңкеде, жарықта өсетін өсімдіктер.
25. Жапырақ бөлімдері.
26. Жапырақ қызметі.
27. Жай, күрделі жапырақ түрлері.
28. Телімді, тілімді, бөлімді жапырақ.
29. Гетерофилия мен метоморфоз.
30. Жапырақтың орналасуы.
31. Көбею дегеніміз не?
32. Спора дегеніміз не? Спора қайда пайда болады?
33. Жынысты көбею деп қандай көбеюді айтамыз, оның қандай түрлері бар?
34. Вегетативті көбею дегеніміз не?
35. Көбеюдің биологиялық маңызы.
36. Гүлдің құрлысы және оның атқаратын қызметтері.
37. Гүл бөліктерінің орналасуы.
38. Бір немесе қос гүлсерігі бар актинаморфты гүлдердің құрлысы.
39. Әртүрлі типті күлтесі бар зигоморфты гүл.
40. Біріккен желекті және дара желекті гүлдер.
41. Түйіннің түрлерін мысалға келтіріп, атап бер.
42. Гүл шоғыры деген не?
43. Анықталмаған гүл шоғыры.
44. Анықталған гүл шоғыры.
45. Гүл шоғырларының негізгі түрлері.
46. Гүл шоғырының биологиялық маңызы.
47. Жеміс деген не?
48. Жеміс классификация.
49. Құрғақ және шырынды жеміс деп нені айтамыз?
50. Жалған жеміс дегеніміз не?
51. Нағыз жеміс дегеніміз не?
Тест сұрақтары
1.Апекальді меристема өсімдіктің қай бөлімінде орналасады?
a) өсімідіктің барлық бөлімінде.
b) жарақаттанған кезде пайда болады.
c) тамыр мен сабақ ұшында пайда болады.
d) буын аралығында пайда болады.
2. Сәйкесін тап:
Апокарпты гинецей:
a) гүлде кездесетін аналық бірікпей бөлек өссе.
b) егер бірнеше аналық бірігіп кетсе.
c) тігісі жойылып, тұқым бүршігі орталық діңгекке бекітілсе.
d) көп аналықтан тұрады, бөлек орналасады.
3. Флоэма мен ксилеманың негізгі ерекшелігі.
a) орналасуында.
b) ксилема тірі, флоэма өлі.
c) флоэма элементтерінің іші қуыс болып келеді.
d) ксилема өлі, флоэма тірі клеткадан тұрады.
4. Жапырақтың жүйкеленуінің атқаратын қызметі:
a) фотосинтез процесі жүреді.
b) су мен минерал тұздардың ерітіндісін паренхималық клеткаларға жеткізу.
c) су булану процесі жүреді.
d) жапырақты қосымша ылғалмен қамтамасыз етеді.
5. Сәйкесін тап: !. Бір үйлі өсімдік:
a) аталық және аналық гүл, даражынысты.
b) аталық және аналық гүл бір. Өсімдіктің бойында кездессе.
c) бір өсімдіктің бойына даражынысты гүл және қос жынысты гүл кездеседі.
d) көп жарнақты өсімдік.
6. Мына айтылған белгілердің қайсысы дұрыс?
a) сүзгілі түтік сүректің құрамына кіреді.
b) камбий алғашқы түзуші ұлпа.
c) эпидермис, тоз, өткізгіш ұлпаға жатады.
d) камбий соңғы жасаушы ұлпа.
7. Эукариотты өсімдіктерде пигменттер қайда жинақталған.
a) хлоропласта.
b) митохондрияда.
c) рибосомада.
d) пластидтерде.
8. Перидерма деген не?
a) перицикл, эпидермис, камбий.
b) тоз, феллоген, сүрек.
c) тоз, феллоген, феллодерма.
d) ксилема, флоэма, перицикл.
9. Орнитофилия деген не?
a) жел арқылы тозаңдану.
b) құс арқылы.
c) су арқылы.
d) насекомдар арқылы
10. Непентес өсімдігіне қандай қосылыс жетіспейді?
a) Н2
b) NO2
c) HCL
d) O2
11. Эндосперм қайдан пайда болады?
a) жұмыртқа клеткасынан.
b) спермиядан.
c) орталық ядродан.
d) антиподтан.
12. Анықталған гүл шоғырында ең 1-ші қайда орналасқан гүл ашылады:
a) төменгі.
b) ортаңғы.
c) жоғарғы.
d) төменгі, жоғарғы.
13. Кампилатропты тұқым бүрі:
a) тұқым бүрі мен микропия бір жазықтың бойында орналасады.
b) микропилия тұқым тірсегіне түйісіп жатады.
c) микропиле тұқым тірсегіне тік бұрыш жасап орналасады.
d) микропиле халазамен түйіседі.
14. Жүгерінің гүл шоғырының типі:
a) шоқпарбас
b) айдарша
c) собық гүл
d) қалқанша гүл
15. Сәйкестік тап:
Зигоморфты гүл:
a) қызғалдақ
b) шалфей
c) інжугүл
d) лалагүл
16. Төменде аталған қасиеттердің қайсысы сабаққа тән:
өсімдікті топыраққа бекітіп тұрады.
a) селбесіп тіршілік етеді.
b) қор заттарын тасымалдайды.
c) буланудан сақтайды.
d) фотосинтез жүреді.
17. Мына жауаптың қайсысы дұрыс?
a) сүйекті жеміс – шырынды жеміске жатады.
b) сүйекті жеміс – құрғақ жеміске жатады.
c) айтылған жауаптың екеуі де дұрыс.
d) айтылған жауаптың екеуі де дұрыс емес.
18. Мына аталған белгілердің қайсысы тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысына тән?
a) колленхима
b) сосуд – талшық шоғы радиальды. Эндодерма.
c) сосуд – талшық шоғы коллотеральды.
d) сосуд – талшықтары болмайды.
19. Хлоропластың ішкі құрылымы:
a) хлоропластағы тилакоид типті: ламелла грана, ламела строма.
b) хлоропластағы тилакоид 1 типті: жасыл грана.
c) хлоропластағы тилакоид: строма ламелласы, түссіз.
d) хлоропластағы тилакоид белок, крахмал.
20. Дихотомиялы бұтақтану.
a) негізгі ось үнемі өсе береді.
b) негізгі ось үнемі өсуін тоқтатып, ығысып қалып отырады.
c) негізгі ось 2-ге ажырамайды, 2 бүршіктен пайда болады.
d) негізгі ось ашаланып 2-ге бөлінеді.
21. Гүл неден тұрады?
a) мегаспорофил.
b) микроспорофил.
c) гүл табаннан.
d) жапырақтардан.
22. Тозаңдану мен ұрықтану неде жүреді?
a) мүкте.
b) плаунда.
c) сарғалдақта.
d) эфедрада.
23. Қандай органелланың құрамында хлорофилл болады?
a) ядро.
b) цитоплазма.
c) митохондрия.
d) хлоропалст.
24. Меристемалық ұлпаның атқаратын қызметі:
a) газ алмасу.
b) су мен минерал тұздардың ерітіндісін өткізу.
c) басқа ұлпаларды пайда ету, өсу.
d) органикалық зат тасымалдайды.
25. Төменде аталғандардың қайсысы өркеннің метоморфозасына тән?
a) жапырақ
b) сабақ
c) картоп түйнегі, тамыр сабақ
d) гүл
26. Сүрек деген не?
a) перицикл, эпидермис, камбий.
b) тоз, феллоген.
c) паренхима, колленхима
d) ксилема.
27. Тамыр жеміс пайда болады:
a) қосалқы тамырдан.
b) негізгі тамырдан.
c) негізгі, қосалқы тамырдан.
d) бүйір тамырдан.
28. Қандай өсімдіктердің қабықтық бөлімімен сүректік бөлімінің арасында камбий болмайды?
a) дара жарнақты.
b) қос жарнақты
c) дара және көп жарнақты.
d) көп жарнақты.
29. Гүлдің құрылысы:
a) сағақ, сабақ, аталық, аналық.
b) гүл табаны, гүл серігі, аталық, аналық.
c) тамыр, сағақ, түйіні.
d) аталық, аналық, жеміс.
30. Мына төменде аты аталған белгілердің қайсысы тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысына тән?
a) эпидермис.
b) колленхима
c) сосуд-талшық коллотеральды.
d) эпиблема, қабық, эндодерма, флоэма, ксилема.
31. Лимон, апельсин жемістің қай түрі:
a) құрғақ қақрайтын
b) құрғақ қақрамайтын
c) шырынды сүйекті жеміс
d) жидек тәрізді, шырынды
32. Қандай ұрықтануды қосарланып ұрықтану дейміз ?
a) бір мезгілде 2 спермияның орталық ядромен жұмыртқа жасушасын ұрықтандруы.
b) бір мезгілде 2 спермияның орталық ядроны ұрықтандруы.
c) жұмыртқа клеткасымен тозаң спермиясының қосылуы.
d) аталық тозаңның аналықтың аузына келіп түсуі.
33. Плазмолиз дегеніміз не?
а) еріген заттардың клеткаға енуінен пайда болған қысым.
b) клетка қабықшасынан цитоплазманың ішке қарай жиырылуы.
c) цитоплазманың клетка қабықшасына қысым түсіруі.
d) клеткадағы кернеулік жағдай.
34. Сәйкестікті тап: Төменгі жатын:
а) гүл табаны мен гүл жатыны бірігіп кеткен. Жоғарғы гүл.
b) гүл табаны ойыс, оған аталығы жартысына түсіп орналасады. Деңгейлес гүл.
с) Гүл табаны ойыс, жатын гүл табанымен бірігіп өсіп кетеді. Төменгі гүл.
d) Жатын гүл жапырақтарынан пайда болады. Тостағаншасы, күлтесі, аналығы жатынның орта деңгейіне орналасады.
35. Сәйкесін тап: Синкарпты гинецей:
а) гүлде кездесетін аналық бірікпей бөлек өссе.
b) егер бірнеше аналық бірігіп кетсе.
с) тігісі жойылып, тұқым бүршігіорталық діңгекке бекітіледі.
d) аналықтары бірікпеген, тігісі жойылмайды.
36. Дихотомиялы бұтақтану.
а) негізгі ось үнемі өсе береді.
b) негізгі ось өсуін тоқтатып, ығысып қалып отырады.
с) негізгі ось 2-ге ажырамайды, 2 бүршіктен пайда болады.
d) негізгі ось ашаланып 2-ге бөлінеді.
37. Тозаң қандай қабаттардан тұрады?
а) экзино, интина
b) фиброзды төселмелі мезодерма, аралық қабат.
с) эндотеций, археспиральді аралық қабат, тапетум.
d) эндотеций, археспиральді мезодерма тапетум.
38. Жапырақ тақтасының кедір-бұдыры негізі жүйкесінің 1/3 бөлімінен асып ортаңғы жүйкеге жетсе
а) телімді
b) бөлімді
с) тілімді
d) жұмыр тіс жапырақ
39. Дұрыс жауабын көрсет: Өскен ортаға байланысты жапырақтың бейімделуі: Шөлді жерде.
а) жапырақтары тілімделген
b) устьицалары тереңде орналасқан
с) устьицалары үстіңгі бетінде көп орналасады
d) су булану процесі тез өтеді
40. Қайсысына жатады: Плейохази:
а) ирек гүл.
b) сүттіген
с) сыпыртқы гүл.
d) қалампыр.
41. Сәйкестігін тап: Актиноморфты гүл.
а) шалфей
b) бақ-бақ
с) сарғалдақ
d) өгейшөп
42. Май клеткада не түрінде жинақталады:
а) крахмал дәні.
b) алейрон дәні.
с) друз.
d) тамшысы.
43. Кіріккен күлте жапырақша қандай бөлімдерден тұрады?
а) бүршік, сабақ.
b) желбір тырнақша.
с) ернеу, езу, түтікше.
d) ұрық қалтасы.
44. 10 жылдық алма ағашында неше жылдық сақина болады?
а) 10.
b) одан аз.
с) бiр.
d) болмайды.
45. Гүл қандай қызмет атқарады?
а) жеміс пайда болады.
b) осмос қысымының дамуына қатысады.
с) фотосинтез қызметін атқарады.
d) тозаңдануға қатысады.
46. Күн сәулесінің энергиясын сіңіру қайда жүреді?
а) вакуоляда.
b) цитоплазмада.
с) клетка қабығында.
d) пластидтерге.
47. Антоциан пигменті қандай түске ие?
а) қызғылт
b) жасыл
с) сары
d) көк
48. Төменде келтірілген белгілердің қайсысы өркеннің түр өзгерісіне жатпайды:
а) сояу
b) түйнек.
с) мұртша.
d) сәбіз.
49. Жанама тамыр қайдан пайда болады?
а) дерматогеннен.
b) перилемадан.
с) перициклдан.
d) негізгі меристемадан.
50. Тропизм деген не?
а) Өсімдік органының айналадағы ортаға бейіделуі.
b) өсімдік органының белгілі бір бағытқа қозғалуы.
с) екі организмнің селбесіп тіршілік етуі.
d) жапырақ тақталарының күн нұрына төселе жатуы.
ОҚУ САБАҚТАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
------------
АРНАЙЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНА ТІЗІМІ
№6 Корпус 27 және 28 аудиториялар
Достарыңызбен бөлісу: |