Жаратылыстану-математика



бет16/24
Дата29.01.2018
өлшемі1,93 Mb.
#36048
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

Дәріс мазмұны:


  1. Топырақтың табиғатта және адам өмірінде маңызы.

  2. ҚР-ғы жер ресурстарының экологиялық жағдайы.

  3. Топырақ эрозиясы, күресу жолдары.

  4. Топырақ аридизациясы. Деградация.

  5. Топырақты қайта қалпына келтіру жолдары.


Дәрістің мақсаты: Топырақтың табиғатта және адам өміріндегі маңызын, топырақ эрозиясымен күресу жолдары туралы айту.

Негізгі сөздер: литосфера, топырақ эрозиясы, топырақ аридизациясы.
Топырақты ластаушы факторлар:

  • топырақтың азуы немесе эрозиясы (лат. erasio – төзу, шіру) топырақтың үстіңгі нағыз құнарлы қабатының желдің күшімен ұшып, қар мен жаңбыр суларымен ағып кетіп, өсімдіктерге қажетті құнарлы заттар (гумус - қаршіріктер) азайғаннан кейін өнім бермейтін халге ұшырауы;

  • топырақтың тұздануы шөл және шөлейт өлкелерде, құрғақ далаларда жиі кездеседі. Топырақтың тұздануы үшін жауын-шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан аз болғанның өзі жеткілікті;

  • топырақтың құмға айналуы нәтижесінде дүние жүзінде жыл сайын 50-60 мың км2 жер шөлге айналып, құм астында қалып жатады. Қазір құмдардың жалпы көлемі 20 млн км2 жетті;

  • топырақтың батпақтануы жауын шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан көп болғанда байқалады;

  • топырақтағы қоректік заттардың азаюы егістік жерлерді дұрыс пайдаланбау кесірінен топырақ құрамының өзгеруі, ауа және су жүйелерінің бұзылуы, топырақтың тығыз, ірі бөлшектерге айналуы нәтижесінде байқалады.

1. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады. Топырақ – зат айналымның маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық затттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңірілу комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады. Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарда тіркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады.

Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі Владимир Владимирович Докучаев топырақты планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. В.В.Докучаев «топырақ – ландшафттың айнасы» деген. Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен, алуантүрліліктің кедейленуімен экожүйелердің тұрақтылығының күрт төмендеуімен, өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады.


2. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн. га жазық жерлер, 185 млн.га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.

Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.

Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдерініе әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайытқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті.

Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоактивті қалдықтар сақталған.

Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында - 3, Батыс Қазақстанда – 4 және Атырауда – 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета қалдықтарымен ластанған. Гептил өте улы болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 30-50% биомассасын жойып жібереді.

Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайлары келтіріліген фактілер арқылы көруге болады.

Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымекн ауырып зардап шегуде.
3. Топырақ эрозиясы ( грек тілінен аударғанда – «бұзамын» деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе желдің әсерінен бұзылуы. Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде бірінішісінде – ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады. Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар, жел эрозиясында да топырақтың көп бөлігі бұзылады.

Су және жел эрозиясы барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтылығына, кеңістікітң ашықтығына (ағашты өсімдіктердің болуы, рельеф) және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар (құмды және құмдақ) ұшырайды. Эрозияны топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді. Аталған факторлар далаларда, шөлейіттер мен шөлдерде, әсіресе, құмды топырақ грунтттары таралған жерлерде болады.

Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады. Су эрозиясы орманды дала зонасында басым болады. Антропогенді эрозияның ерекше түрі ирригацияның, яғни топыраққа көп мөлшерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады. Бұл су сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.

Белгілі мәліметтер бойынша адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд. га құнарлы жерлерден айрылған. Топырақтың жойылуы, халық санының артуы адам баласына шаққандағы жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп соқтырады. Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты топырақ қарашірігінің 25-30%-ын жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн. га, ал тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр.

Эрозиямен күресу жолдары:


  1. Айтарлықтай үлкен террриторияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

  2. Жайылымдық эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су эрозиясы және жел эрозиясының да болуы мүмкін. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негзгі жолы мал жаю ережелерін сақтау және рекреациялық қысымды (туризм, адамдардың табиғаттағы демалысы) төмендету болып табылады.

  3. Егістік жерлерді қорғау шараларын жүзеге асыру.

4. Аридизация дегеніміз климат ылғалының төмендеуі. Егер климат ылғалдылығы төмендесе, топырақтың құнарлылығын ұстап тұру мен арттыру оларғы көп энергия жұмсауды қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да, қоршаған ортаға да теріс әсерін тигізеді. Жерлердің бұзылуының деградациясының (латын тілінен аударғанда төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың теріс салдары, жердің азуы және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қоллданылуы және т.б.


5. Адамзат қоғамының дамуының экологиялық дағдарыстарының бірі дамыған өркениеттің өзінің мүмкіндіктерін топырақтың сортаңдануы нәтижесінде жоғалтқаны белгілі. Суарудың жетілдірілген технологияларын қоданумен қатар, жер асты суларының деңгейін көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы сортаңданумен күресуге болады. Топырақты шаю арқылы да сортаңданумен күресуге болады. Кейбір жағдайда химиялық әдістер де жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдістер қымбат және антиэкологиялық. Жер ресурстарына зиян келтіретін (эрозия мен суарудан соң) үшінші үлкен фактор – бұл жердің азуы. Оның орын алу себептері - өніммен бірге қоректік заттардың әкетілуі. Топыраққа өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды қайтарудың анағұрлым экологиялық әдістеріне органикалық тыңайытқыштарды (көң, копост және т.б.) енгізу, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру жатады. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық затттың кемуімен байланысты.

Минералды тыңайытқыштарды пайдалану интенсивті егіншіліктің бөлінбес құрамды бөлігі. Ғалымдардың есептеулері бойынша минералдық тыңайытьқыштардың пайдалану мөлшері шамамен бір адамға шаққанда жылына 90 кг. болуы керек.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Топырақтың табиғатта және адам өміріндегі маңызы.

2. ҚР-ның жер ресурстарының экологиялық жағдайы.

3. Топырақ эрозиясы, күресу жолдары.

4. Топырақ аридизациясы. Деградация.

5. Топырақты қайта қалпына келтіру жолдары.

6. «Капустин Яр» полигоны.

7. «Семей полигоны».

8. «Байқоңыр ғарыш алаңы».

9. Топырақ және адам денсаулығы.

10. Жер ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану.

Әдебиет:

1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 167-169 б

2. Ю.В Новиков Экология, окружающая среда и человек» Уч.пос:- М:ФАИР-ПРЕСС, 2003, 319-333 б.
Апта 13

Кредит сағат 13

Дәріс № 13

Тақырыбы: Ерекше қорғауға алынған аймақтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет