Жаратылыстану-математика



бет19/24
Дата29.01.2018
өлшемі1,93 Mb.
#36048
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Дәріс мазмұны:


1. Экологиялық құқық

1.1. Экологиялық құқық обьектілері мен субьектілері

1.2. Экологиялық құқықбұзушылықтағы жауапкершілік. Табиғи ресурстардың құқықтық режимдернің ерешеліктері.

2. Экологиялық мониторинг, анықтамасы мен міндеттері.

2.1. Мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары мен принциптері.
Дәрістің мақсаты: Глобальды экологиялық проблемалардың пайда болу себептері және онымен күресу жолдары туралы түсінікті қалыптастыру.

Негізгі сөздер: озон тесіктері, парниктік газдар, парниктік эффект, қышқылдық жауындар.

Жер бетінің түпкір-түпкірінде экологиялық жағдайдың нашарлауы барлық мемлекеттерді одан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Сөйтіп, 100-ден астам мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғауды басқаратын министрліктер, департаменттер мен агенттіктер құрылды. 1970 жж. бастап экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын бірге іздестіріп, қажетті шараларды бірге жүргізу туралы келісімге қол жетті.

Табиғат қорғау проблемаларына арналған І халықаралық жиналыс 1971 ж. көкек айында Чехияда өтті. Бұл БҰҰ Еуропаның эконмикалық комиссиясының симпозиумы болатын.

1972 ж. 5-маусымда Стокгольм қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясы ашылды. Осы күн Халықаралық ынтымақтастықтың басталу күні болып есептелетін конференция «Жер біреу» деген ұранмен өтті.

Халықаралық табиғат қорғау ұйымына, одаққа, кеңеске мыналар кіреді:


  • Халықаралық ғалымдар одағы (МСНС) барлық елдердің дерлік академиялары мен ғылым одақтарын біріктіреді. Ғарыштық кеңістік, Антарктида, мұхиттар проблемаларымен айналысып зерттейді;

  • Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет биологиялық циклдарды, қоршаған ортаның улануын зерттейді, табиғи ортаны бақылау (мониторинг) мәселесімен айналысады;

  • ЮНЕСКО-ның «Адам және табиғат» бағдарламасы адамдардың іс-әрекетінің тропиктік және субтропиктік орман және жайылым экологиялық жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді;

  • БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП) топырақты және су қорларын қорғау проблемаларын, мұхиттарды ластанудан сақтау мәселелерін зерттейді;

  • Қоршаған орта мониторингісінің глобалды жүйесі (ГСМОС) қоршаған ортаның жағдайын арнаулы бақылау жүйелері, бақылау станциялары, мониторинг, бақылау күзеттері, т.б. арқылы біліп отыру үшін құрылған;

  • Халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП) табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін зерттейді;

  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) қоршаған ортаны санитарлық тазалық жөнінен бағалайды және бақылайды;

  • Дүниежүзілік метереологиялық ұйым (ВМО) жер шары ауасындағы құбылыстар мен өзгерістерді бақылайды;

  • Халықаралық океанографиялық комитет (МОК) жер шары мұхиттарының жағдайын бақылайды;

  • Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйым (ФАО) топырақтың құнарлылығын, су қорларын үнемді пайдалану және қорғау, жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін зерттейді,

  • Дүниежүзілік білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) табиғат қорғау жөніндегі маман кадрлар оқыту, даярлау мәселелерімен айналысады.

1975 ж. шілде айында Хельсинки қаласында еуропалық 35 мемлекет және АҚШ пен Канада елдері басшылары қорытынды актіге қол қойып, ауаның ластауына қарсы күресті, тұщы су мен теңіз суларын, топырақ бетін, тірі ағзаларды қорғауды, қорықтар құру, елді мекендерді қоршаған ортаны жақсарту мәселелерін, қоршаған ортаны зерттеу жұмыстарын халықаралық ынтымақтастықтың негізінде және халықаралық бағдарламаларға сәйкес жүргізуге келісті.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Озон тесіктері.

2. Климаттың ғаламдық жылыну процесі.

3. Қышқылдық жауын-шашындар.

4.Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық бірлестік. Экология және қоршаған ортаны қорғау проблемаларымен айналысатын халықаралық ұйымдар.

Әдебиет:

1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

167-171 б.



6. СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы


Әдебиеттер тізімі

Сағат саны

1.

Тұрақты даму – қоршаған орта және қоғамның үйлесімді даму негізі

«Экология және тұрақты даму» журналы Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

Интернет материалдары


1

2.

Конференция Рио-92 «Қоршаған орта және даму»

«Экология және тұрақты даму журналы»

Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 2001;

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы, Алматы, Ғылым. 1997.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

Интернет материалдары


1

3.

Адам өмірінің ұзақ уақытқа жоспарланған модельді нұсқалары/

«Экология және тұрақты даму» журналы

Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002..

Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001.

Интернет материалдары


1

4.

«Рио+10» Дүниежүзілік тұрақты даму туралы саммит

«Экология және тұрақты даму» журналы

Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001.

Интернет материалдары


1

5.

Тұрақты даму концепциясы түсінігі бойынша бекіту және тексеру

«Экология және тұрақты даму» журналы

Новиков Ю.В Экология, окружающая среда и человек» Уч.пос:- М:ФАИР-ПРЕСС, 2003, 319-333 б.

Оспанова Г.С Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.

Интернет материалдары



1

6.

Қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы тұрақты дамудың институциональдық базасы

«Экология және тұрақты даму журналы»

1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001



1

7.

Тұрақты дамудың эколого-экономикалық аспектісі Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану: нақты жағдайлар және мәселелер

«Экология және тұрақты даму» журналы

Новиков Ю.В Экология, окружающая среда и человек» Уч.пос:- М:ФАИР-ПРЕСС, 2003, 319-333 б.

Оспанова Г.С Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.

Интернет материалдары



1

8

Тұрақты дамудың эколого-әлеуметтік аспектісі

«Экология және тұрақты даму журналы»

Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 2001;

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы, Алматы, Ғылым. 1997.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

Интернет материалдары


1

9

Адамдардың қалыпты өмірі (благосостояние) және қоршаған орта

«Экология және тұрақты даму» журналы Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

Интернет материалдары


1

10

Тұрақты орнығу және қала мәселелері/Устойчивое поселение и проблемы городов

«Экология және тұрақты даму» журналы

Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001.

Интернет материалдары


1

11

Тұрақты даму мақсатында табиғи ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану

«Экология және тұрақты даму журналы»

Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 2001;

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы, Алматы, Ғылым. 1997.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

Интернет материалдары


1

12

«Экологиялық аукциондағы» экологиялық технологиялар

«Экология және тұрақты даму» журналы

Новиков Ю.В Экология, окружающая среда и человек» Уч.пос:- М:ФАИР-ПРЕСС, 2003, 319-333 б.

Оспанова Г.С Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.

Интернет материалдары



1

13

Биологиялық алуантүрлілік бізге не үшін қажет

«Экология және тұрақты даму» журналы

Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001.

Интернет материалдары


1

14

Кімнің қалдығы пайдалырақ?

«Экология және тұрақты даму журналы»

Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 2001;

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы, Алматы, Ғылым. 1997.

Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.

Интернет материалдары


1

15

Тұрақты болашақ – қазіргі адамзат таңдауы

«Экология және тұрақты даму» журналы

Новиков Ю.В Экология, окружающая среда и человек» Уч.пос:- М:ФАИР-ПРЕСС, 2003, 319-333 б.

Оспанова Г.С Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.

Интернет материалдары



1




Барлығы:




15


ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Семинар
Семинар 1 Тұрақты даму – қоршаған орта және қоғамның үйлесімді даму негізі

Жұмыс тәсілі: Сұрақтар бойынша ауызша сұрап, талқылау

мақсаты: Экология мәселелері мен қатар тұрақты даму мәселелерінің барын түсіндіру

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.



Семинар 2 Конференция Рио-92 «Қоршаған орта және даму»

  1. Рио-92 конференциясы, оның мақсаты, жүру барысы.

  2. Рио-92 конференциясында қозғалған негізгі мәселелер (9)

  3. «Рио– Декларациясы» құжаты, «ХХІ ғасыр күн тәртібіне» бағдарламалық құжаты, «Биологиялық алуантүрллік туралы конвенциясы».

Жұмыс тәсілі: Сұрақтар бойынша ауызша сұрап, талқылау

мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды уақиғалардың бірі 1992 ж 3-14 маусым Рио-де-Жанейрода өткен конференция туралы толық мағлұмат беріп, маңыздылығын түсіндіру

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.



Семинар 3. Адам өмірінің ұзақ уақытқа жоспарланған модельді нұсқалары

Жұмыс тәсілі: Модельді жаттығу: «Аралдағы өмір»

мақсаты: Шектеулі табиғат жағдайларындағы адам өмірінің ұзақ уақытқа жоспарланған нұсқаларын модельдеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: таза ақ қағаз А-1, түрлі түсті маркерлер.

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.

Семинар 4 «Рио+10» Дүниежүзілік тұрақты даму туралы саммит


  1. «Рио + 92» дүниежүзілік саммиті, негізгі мақсаты, ерекшелігі.

  2. «ТДДС (тұрақты даму туралы дүнижүзілік саммиті) үшін шешімді қабылдау жоспары» құжаты.

  3. ТД (тұрақты даму) бойынша Йоханнесбург декларациясы», қарастырған мәселелері.

Жұмыс тәсілі: Сұрақтар бойынша ауызша сұрап, талқылау

мақсаты: «Рио+10» Дүниежүзілік тұрақты даму туралы саммитінде қаралған өткір мәселелерге тоқталып, қандай бөлімдерден тұрғанын талдау

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.



Семинар 5 Тұрақты даму концепциясы түсінігі бойынша бекіту және тексеру

Жұмыс тәсілі: «Құмырсқа илеуі» экологиялық марафон

Зерттеу және хабарлама сараптамасы. (Қарқынды жаттығу. Жұмыс барысында тыңдарманы бар аудитория құмырсқа илеуіне айналады, себебі пассивті қатысушы болмайды. Әдіс қатысушылардың толықтай қатысуына мүмкіндік береді.)



Мақсаты: Негізгі экологиялық түсініктерді және терминдерді бекіту және жүйелеу. Есті жаттықтыру, өз-өзін тексеру, көп көлемдегі ақпаратты меңгеру барысында белсенділікті алмастыру. Терминдерді сауатты пайдалану дағдысын қалыптастыру

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.



Семинар 6 Қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы тұрақты дамудың институциональдық базасы

  1. БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша коммисиясының қозғаған негізгі мәселелері.

  2. ТД инстутциональдық базасын құрудың негізгі мақсаты мен міндеттері: халықаралық, жергілікті, ұлттық деңгей.

Жұмыс тәсілі: Сұрақтар бойынша ауызша сұрап, талқылау

мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жан-жақты әтүрлі ұйымдардың жалпы қоғамның бірлесуі нәтижесінде шешілетініне көз жеткізу

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.



Семинар 7 Тұрақты дамудың эколого-экономикалық аспектісі

  1. ҒТП-тің, экономикалық өсімнің қоршаған ортаға әсері

  2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану: нақты жағдайлар мен мәселелер

  3. ТД-дың жаңа концепциясындағы тиімді экономиканы жүзеге асыру мүмкіндіктері

Жұмыс тәсілі: Сұрақтар бойынша ауызша сұрап, талқылау

мақсаты: Қазіргі кезде қоғамдағы экономикалық өсудің қоршаған ортаға тигізер әсеріне талдау жасатып үйрету

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.



Семинар 8 Тұрақты дамудың эколого-әлеуметтік аспектісі

  1. Тұрақты дамудың экологиялық-әлеуметтік аспектісі

  2. Әлеуметтік және экологиялық мәселелрді шешіге қажетті ТД нормасы

  3. Әлеуметтік мәселелерді ұлттық деңгейде шешу бағдарламасы

  4. Адам денсаулығын сақтау және нығайту

  5. Қала экологиясының мәселелерін шешудегі негізгі бағдарламалар

  6. «ХХі ғасыр күн тәртібінде» құжаты ұсынған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар

Жұмыс тәсілі: Сұрақтар бойынша ауызша сұрап, талқылау

мақсаты: Тұрақты дамудың үш басты аспектісі – экономикалық өсу, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау екенін ашып көрсету.

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.


Семинар 9. Адамдардың қалыпты өмірі ( благосостояние) және қоршаған орта

Жұмыс тәсілі: Модельдеу. (Рольдік ойын және дискуссия).

Аштық жайлаған елдерге тағамдық көмек мысалында халықаралық келісім мәселесін талдау.


Семинар 10. Тұрақты орнығу және қала мәселелері

Жұмыс тәсілі: Миға шабуыл.

Бұл әдіс топтық ойлану әрекетін талпындыра отырып, мәселені эффективті шешуге және мәселені шешуге мүмкін тәсілдердің максимальді санын ашуға бағытталған. Бұл стратегиялық оқытудың негізгі міндеті - қысқы уақыт ішінде көп идея жинақтау. «Миға шабуылды» тақырыпты оқығанға дейін өткізуге болады, себебі, қатысушылардың бастапқа білім деңгейін тексеруге мүмкіндік туады. Не болмаса сабақ қорытындысында оқыту тиімділігін арттыру үшін қолдануға болады.



Мақсаты: Әлеуметтік қала ортасын меңгеру барысында экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Сонымен бірге қала ортасында өтіп жатқан процестерге жеке адамның қатысын сезіну.

Семинар 11. Тұрақты даму мақсатында табиғи ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану

  1. Табиғи ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану

  2. Атмосфералық ауаны қорғау

  3. Жер ресурстарын пайдаланудағы кешенді тәсілдер

  4. Орманның жойылуын, шөллейтену, құрғақшылық мәселелерімен күресу, тау экожүйелерін қорғау

  5. Қоршаған орта және ауыл шаруашылығы. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау

  6. Биотехнология жетістіктерін экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып пайдалану

  7. Су экожүйелерін сақтау, тұщы суды тиімді пайдалану.

  8. Токсинді заттарды пайдалану

  9. Қауіпті қалдықтарды жою. Радиоактивті заттарды жою.

  10. Қатты қалдықтарды жою және ақаба суларды тазарту


Жұмыс тәсілі: Сұрақтар бойынша ауызша сұрап, талқылау

мақсаты: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатындағы жасалып жатқан жұмыстармен мәселелерге тоқталу

Әдебиеттер: 1.Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 219 б./244б/241б.


Семинар 12. «Экологиялық аукциондағы» экологиялық технологиялар

Жұмыс тәсілі: «Экологиялық аукцион» іскерлік ойыны. Табиғи ресурстарды, әсіресе суды шығынсыз пайдалану және тұрақты дамуға қажетті технологияларды жасақтау.

Жаттығу мақсаты: Табиғи ресурстарды, шығынсыз, саналы, ұқыпты пайдалану дағдысын қалыптастыру.

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.


Семинар 13. Биологиялық алуантүрлілік бізге не үшін қажет?

Жұмыс тәсілі: Шақыру кезеңінде – шын мәселелерді ойнап көрсету әдісі. Оқыту формасы – ойын: «Өткен, бүгін және болашақ биологиялық алуантүрлілігі». Ойлау кезеңінде жүргізілетін ойын релаксация: «Мен кіммін», миға шабуыл.

Жаттығу мақсаты: Алдағы жылдары биологиялық алуантүрліліктің жойылуының маңыздылығын көрсету.

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.


Семинар 14. Кімнің қалдығы пайдалырақ?

Жұмыс тәсілі: Мысалмен оқыту. Рольдік ойын.

Бұл жаттығуды өткізу барысында өмірден нақты бір жағдай алынып, оның сипаттамасы қатысущыларға беріледі. Қатысушылардың мақсаты – нақты берілген жағдайда мәселенің шешу эффектілігін анықтап, мәселені шешуде тағы да қандай ұсыныстар берілетіні, қай жол тиімдірек екенін анықтау.Қатысушылар осы мысалды ортаға салып, мәселелік міндеттер шешуді үйреніп, теорияны практикамен ұщтастырады.



Мақсаты: Ресурстарды болашақты ойлай отырып, пайдалану және қалдықтарды жоюда жауаптылық танытуды үйрену.

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.



Семинар 15. Тұрақты болашақ – қазіргі адамзат таңдауы

Жұмыс тәсілі: Ситуациациялық модельдеу.

Мақсаты: шешімді қабылдауда саналы бағытты ұстанып, жауапкершілікті арттыру. Адамзаттың болашақ өркениеті, оны қазіргі ұрпақ қолға алғанда ғана мүмкін екені туралы ой салу.

Әдебиеттер: 1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 126-158 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002. 135-155 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 126-144 б.


ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

ОЖСӨЖ

Апта 1

ОЖСӨЖ 1

Өткізілу түрі: Әңгімелесу

Тақырыбы: Экология пәніне кіріспе.

Мақсаты: Экология пәні, міндеті және мазмұны туралы түсінік беру

1. Экологияның даму тарихы, даму кезеңдері және бөлімдері.

2. Экология және пәнаралық байланыстар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет