2.Пән бойынша оқыту бағдарламасы
2.1Оқытушы туралы мәлімет.
Темралиева Самал Бекжанқызы- география кафедрасының оқытушысы, география магистрі.
Жұмыс мекен-жайы. Достық даңғылы 121.
6 оқу ғимарат. № 21 кабинет.
Жұмыс телефоны: 50-35-49.
2.2 Пән туралы мәлімет.
«Қазақстан табиғатын зерттеу »
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады. Аптасына 2 несие сағат өткізіледі деп болжанады, әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (дәріс және практика) және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы (ӨЖСӨЖ) мен студенттің өздік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі.
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағат 1
(1 дәріс)
|
50 мин
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 1
Өту орны: №5 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша.
Оқу жоспарынан көшірме.
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәріс
тер
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлы
ғы
|
Бақылау түрі.
|
3
|
6
|
1
|
15
|
15
|
15
|
45
|
Емтихан
|
Курсқа қысқаша сипаттамасы:
Қазақстанның табиғат байлықтары және оның физикалық географиялық жағдайларының сан қилылығы саяхатшылар мен ғалымдардың назарын ерте кезден-ақ өзіне аударған. Сонау ежелгі заманнан бері қазіргі Қазақтстан жеріндегі керуен жолдары арқылы Жерорта теңізіндегі елдермен, Орта Азиямен және Қытаймен сауда-саттық жүргізген. Әсіресе Қытай мен Моңғолиядан шығып, Жоңғар қақпасымен Жетісу арқылы Тянь-Шаньның солтүстік бөктерлерін жағалай отырып Бұхар асқан, сол сияқты Орта Азиядан шығып орыс қалаларына қатынайтын керуен жолдары Қазақстан жерін басып өтетін болған.
Қазақстан жерінде болған ғалым, саяхатшылардың жол жазбаларында сол кездегі табиғат жағдайларына сипаттама берілген. Сол деректі мол материалдардан бір кездегі табиғат көріністерінің қандай өзгеріске ұшырағанын анықтауға болады.
География мамандары үшін өте маңызды курстың бірі,өйткені болашақ географтар жер шарындағы және өзі туған өлкесінің табиғатының зерттелу тарихын білу және зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен танысу тиіс.Оның үстіне,география мамандығын бітірген студенттер тек қана орта мектептерде пән мұғалімдері болумен шектелмей мемлекеттік табиғатты пайдалану және қорғау салаларында жұмыс істеуі бүгінгі күннің талабы. Сондықтан, Қазақстан табиғатын зерттеу курсын оқыту студенттердің теориялық және практикалық білім деңгейлерін дамыта отырып, табиғи жағдайларымен танысу, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау мәселерін жан-жақты меңгерген білікті маман болып шығуларына себін тигізері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |