Жаратылыстану-математика


апта 10 кредит сағат



бет30/54
Дата21.07.2020
өлшемі359,5 Kb.
#63632
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
10 апта

10 кредит сағат

10 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу

1.Н.А. Северцовтың Қазақстан табиғатын зерттеуі

Николай Алексеевич Северцов (1827-1885) аса ірі жаратылыстанушы орыс ғалымдарының қатарына жатады. Терең білімділігі, ғылымға кең құлаш сермеген алуан қырлылығы жөнінен 19 ғасырдың екінші жартысындағысаяхатшы-географтар арсында оның шоқтығы әлдеқайда биік тұр. Н.А Северцовтың шәкірттерінің бірі М. А Мензбир былай деп жазды: «Өзінің ден қойған мәселелерін жан-жақты зерттеуге бейімділік әу бастан табиғатына біткен, неге болса да жүрдім-бардым қарауға атымен дағдыланбаған Николай Алексеевич Стенли мен Пржевальский тақілеттес саяхатшы бола алмас еді және болған да жоқ: ол алуан түрлі мағлұматтарды миына тоқыған нағыз білімдар әрі алуан қырлы зерттеуші болды.»

Н.А. Северцов өзінің ғылыми өмірінің дейін Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуге бағыштады. Ғалым 57 жасының 23 жылын осы өлкелерде саяхатта өткізді. Ол мұнда жеті экспедиция ұйымдастырды, олардың төртеуі қазіргі Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстарының территориясын қамтыды. Н. А Северцов өз зерттеулерінің негізінде Тянь-шань тау жүйелерінің, Арал төңірегіндегі Қызылқұмның, төменгі Сырдарияның және басқа аудандардың тұңғыш рет толық географиялық және геологиялық карталарын жасап олардың табиғат жағдайларын ғылыми тұрғыдан баяндап берді. Н.А.Северцовтың өз мәлімдеулері бойынша, оны саяхатшы-географ болуға алғаш рет баулып, Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуге бағыт сілтеген 19 ғасырдың бірінші жартысында жасаған белгілі зерттеуші Г.С карелин еді.

Мерзімі жағынана Н.А северцовтың Қазақстанды зерттеуге кірісуі П.П. Семеновтың Тянь-Шаньға экспидициясымен дәл келді. Бірақ, П.П. Семенов Қазақстанды зерттеуді таулы аймақтардан бастаса, ал Н. А Северцов Арал төңірегіне және Сырдария өзенінің төменгі сағасына сапар шекті

Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет