9 апта
9 кредит сағат
№ 9 дәріс
Тақырыбы: Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу
1.Ш.Ш.Уәлиханов-географ және саяхатшы.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865) есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түүрде құрметті орын алды. Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезе сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп- қатерге бел буды, батылдықпен саяхат жасады. Ол өз отандастарының арасынан алғашқылардың бірі болып суырылып шығып, тылсым жатқан қазақ даласында прогресшіл озық идеяларды таратуға құлшына ат салысты, орыс және қазақ халықтарының шынайы достығын шыңдауға игі істер тындырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық қызметімен ол «қазақтардың орыстармен қаны да, жаны да бір тарихи туыстығын» дәлелдеп берді.
Ш.Ш Уәлихановтың география саласындағы саяхатшылық әрі творчестволық қызметіне ерекше тұрғыдан қарауымыздың өзіндік себептреі бар. Шындығында да ,біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан территориясының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек, ал Ш.Ш Уәлихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі географ-саяхатшы ретінде қараймыз.
«Европаша толық білімдар тұңғыш қазақ» (Ф.М Достоевский) он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде бастап орыстың қоғамдық ой-пікірінің озық идеялары кең тараған Омбыда оқып, білім алды. Мұнда ол жер аударылып келген петрашевшіл С.Ф Дуровпен, жазушы Достоевскиймен, аса көрнекті географ-ғалым п.П. Семенов Тяншанскиймен, шығыс зерттеуші ғалымдар И.Н Березинмен, Н.М Яндринцевпен және басқа зиялы адамдармен танысты. Сөйтіп олар Жас Шоқанның көзқарастарының қалыптасуына шешуші ықпал қосты.
Шоқан Уәлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болатын.Оның қабырғасынан ьтолып жатқан қоғам қайраткерлері мен ғалымдар шықты. Кадет корпусының бұрынғы шәкірттері В.И Вагин, Г.Н. Потанин, Н.Ф Анненский және т.б. тамаша ғылыми зерттеулер жасап және географиялық жаңалықтар ашып, даңққа бөленді.
Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет
Достарыңызбен бөлісу: |