5 апта
5 кредит сағат
№5 дәріс
Тақырыбы: Қазақстан территориясын табиғи-географиялық зерттеулер
1.Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының алғашқы кезеңіндегі шолып барлау мақсатындағы зерттеулер (1731 – 1819 жылдар)
18 ғасырдың басында ресейдің экономикалық әлеуметтік және саяси өмірінде орын алған терең өзгерістер ғылымды дамытуда да елеулі серпілістер туғызды. Әлбетте, бұл өзгерістер орыс мәдениеті қалыптасуының сан ғасырлар бойғы тариы әзірлеген заңды құбылыс еді. Бәрінен бұрын өнеркәсіп өндірісін кеңейту және мемлекетті нығайту негізінде қол жеткен экономикалық және саяси жетістіктері ғылыми әрі техникалық білімдерге деген қажетілікті шұғыл арттырды. Тұңғыш жоғары оқу орындары ашылды. 1725 жылы Петербург Ғылым Академиясының ашылуы сол дәуірдегі Ресейдің ғылыми өміріндегі көпшілік академиялардан бір өзгешілігі-ол мемлекеттік мекеме ретінде шаңырақ көтерді. Ресейді жан-жақты кемелдендіріп, өркендету үшін ғылымды дамыту ісіне орасан зор талаптар қойылды. Тек қана аса ірі ғылым орталығы емес, соныменқатар орыс ғалымдарының тұңғыш легін баулып тәрбиелеген оқу орнына айналған Ғылым Академиясы алда келелі міндеттерді шешуге белсене атсалысты.
Ресейде оқу-ағарту ісі мен ғылымның өркендеуі 8 ғасырдың екніші ширегінен бастап Қазақстан территориясын зерттеуге айтарлықтай септігін тигізді. Геодезисттер, географтар, шығыстанушылар кадрларын даярлау негізінде көптеген ғылыми экспедициялар ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Бұл шаралар өте-мөте маңызды тарихи оқиғамен-кіші және Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуымен тұспа-тұс келді.
18 ғасырда көшпенді қазақтар негізінен шығыста- Балқаш көлінен бастап Есіл өзенінің жоғары ағысы дейінгі , оңтүстікте Сырдария өзенінен бастап Шу, талас өзендеріне, батыс Қараторғай өзеніне дейінгі жерлерді мекендеді. Қазақстанға жоңғар феодалдарының шабуылы 18 ғасырдың 40-жылдарында Жетісу арқылы-жылдары жоңғар әскерлері Сырдария аймағына кіріп, бірнеше қаланы жаулап алды да, қазақтар саудақолөнер торталықтарынан қол үзіп қалды.
Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет
Достарыңызбен бөлісу: |