Жаратылыстану-математика



бет24/54
Дата21.07.2020
өлшемі359,5 Kb.
#63632
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
4 апта

4 кредит сағат

4 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан территориясын табиғи-географиялық зерттеулер

1.Орыс қазақ қарым-қатынастарының басталуы.

2.Қазақ жері туралы тарихи георафиялық деректердің жиналуы ( 16 ғасыр -1731 жыл)

Россия мен Қазақстанның қарым-қатынастарының тамыры өте тереңде жатыр. Славяндардың ежелгі мұраларында қазақ жері жайында, оның халықтарының әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салты туралы деректер ұшырасады. Нестердің (1113 жыл) «Уақытша жылдар повесінде» көптеген түрік тайпаларының аттары аталып, Еділ бойымен Шығысқа, Азияға баратын жол жөнінде әңгіме болады. ХV-ХVІ ғасырларда орталықтандырылған орыс мемлекеті нығайып, қазақтар халық ретінде ұйымдасуға бет алған кезде-ақ орыстар мен қазақтар қоян-қолтық жақындаса бастаған.

Сауда-саттық Қазақстанның экономикалық байланыстарын нығайта түсті. Алайда Россия мен Қазақстанның экономикалық және саяси байланыстарын кеңейтуге Сібір хандығы кедергі келтірді. ХVІ ғасырда орыс үкіметі онымен күресте өзіне одақтастар іздеу ісін қолға алды. Одақтас болуға қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделі болды. Осындай зерттеулердің нәтижесінде ХVІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында Қазақстан территориясы туралы едәуір географиялық деректер жинақталды. Әлбетте, жер шарының басқа да территорияларындағы сияқты, жиналған сол деректер география ғылымының дамуына нақты арқау болды. Географиялық мағлұматтардың бәрінің бірдей өресі ғылыми талаптарға сай келмегенімен, көптеген фактілер осы заманғы деректермен салыстырып зерттеуге әбдеен жарамды. Сөйтіп, олар Қазақстан территориясындағы бірқатар табиғи құбылыстарға салыстыра зер салып түсінуге негіз болуда.

Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет