2 Апта
2 кредит сағат
№ 2 дәріс
Тақырыбы : Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
1.Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы алғашқы мағлұматтар
Қазақстанның территориясы мен табиғаты жайындағы географиялық деректердің тамыры ықылым замандардың терең түкпірінде жатыр.
Қазіргі Қазақстан территориясында адамдар сонау әлімсақтан бері мекендеген. Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың сақталған іздері дәлелдейді. Қазақстан территориясындағы тас ғасырдың ең көне ескерткіштері Қаратау маңынан, Еділдің жоғары сағасынан, Бетпақдаладан, Бұқтарма өзенінің бойынан және басқа жерлерден табылды. Қола дәуірінде Қазақстан ежелгі заманғы металлургияның басты орталықтарының біріне айналған.
Қазақ жері туралы мағлұмат кездесетін бізге дейін жеткен жазба ескерткіштердің ішінен «Бехустин жазбасын» (біздің заманымызға дейінгі VІ-V ғасырлар) атауға болады. Ол парсы патшасы Дарий І-нің атынан құрастырылған. «Бехустин жазбасының» V бағанындағы 20-30 жолдарда былай деп мәлімделген: Дарий патша баяндайды: сақ әскерлерімен бірге теңіздің арғы жағындағы сақ еліне бардым. Олар бастарына үшкір дулыға киеді екен. Сосын мен теңіз маңындағы бұрынғы су жолдарын қалпына келтірдім. Осы көпір арқылы өтіп, сақтардың еліне барып, олардың тас-талқаның шығардым...
Достарыңызбен бөлісу: |