Жаратылыстану-математика



бет27/54
Дата21.07.2020
өлшемі359,5 Kb.
#63632
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
7 апта

7 кредит сағат

7 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу

1.Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеудің классикалық кезеңі (1856 жылдан бастап 1890 жылға дейін)

19 ғасырдың ортасынан бастап қазақстанды физикалық-географиялық зерттеу жүйелі түрде дамыды. Егер бұрын қойнауы қазыналы Сібір және орта Азия жерлеріне Ресейдің өз ықпалын таратуға әрекеттенуіне байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарындағы жазық, далалы өңірлерді шолып барлауға баса назар аударылып келсе, енді 19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның жаңадан қосылған оңтүстік аударын басқарып, шаруашылық жағынан игеру үшін өлкенің жазық алқаптарын табиғи-географиялық тұрғыдан жүйелі түрде зертту, сондай-ақ Қазақстанның шығысындағы, оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы таулы аудандар жөнінде толық әрі деректі мағлұматтар жинау қажет болды.

Сол кезеңдегі географиялық еңбектердің арасынан П.П. семенов-Тян-Шанскийдің , Ш. : Уәлихановтың, Н.а Северцовтың , И. В Мушкетовтың зерттеулерін айырықша атап айтқан орынды. Олардың зерттеулері Қазақстанның таулы аудандарынынң құрылымын мүлде жаңадан пайымдауға, Орта Азия таулары вулкандық негізді жаратылған деп тұспалдаған А. Гумбольт ұғымының жаңсақтығын дәлеледуге және адыр-қыратты аймақтардың жер бедерінің ерекшелігін тұңғыш рет анықтауға мүмкіндік берді.

Олардың еңбектерінің ғылыми құныдылығы біздің заманымызда да жоғары бағаланды. Сол себепті біз ол ғұламаларды Қазақстан жерінің физикалық-географиялық жағдайларын зерттеуге айрықша еңбек сіңірген география ғылымдарының классиктері деп орынды мақтан тұтамыз. Міне, сондықтан 19 ғасырдың екінші жартысын Қазақстандағы физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеп,танып-білудің классикалық кезеңі деп атауға әбден лайықты.

19 ғасырдың екінші жартысында еңбек еткен аса көрнекті ғалымдарының Қазақстан территориясын физикалық-географиялық жағынан зерттеуді дамытуға қосқан айтарлықтай үлесін біз жеке дара және неғұрлым толық қарастыруды дұрыс деп тапты.

Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет