12 апта
12 кредит сағат
№ 12 дәріс
Тақырыбы: Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу
1.Қазақстан территориясын табиғи –географиялық тұрғыдан зерттеудің арнайы тақырыптық кезеңі ( 19 ғасырдың 90-жылдары-1917 жыл)
Россия империализм дәуірінің басталуына ХІХ ғасырдың 90-жылдары Қазақстан территориясын табиғи-географиялық тұрғыдан зерттеу жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақстанның қазба байлықтарына, кең шығатын орындарын пайдалануға және ауыл шаруашылық жерлерін игеруге Россияның мүдделілігі барған сайын арта түсті. Ал мұның өзі жергілікті жағдайлар мен ресурстарға табиғи-географиялық жағынан арнайы тақырыптық зерттеулер жүргізу, темір жол салу, құрылысты өрістету, шаруаларды жаңа қоныстарға көшіру және т.б. мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін тудырды.
Ембінің мұнайы Қарағандының көмірі, Риддердің мыс рудасы және т.б. сияқты Қазақстанда қазба байлықтарының аса ірі кен орындарының ашылуы орыс, сондай-ақ шетел капиталы бірлестіктерінің назарын айрықша аударды.Қазақстанды экономикалық жағынан тиімді отар елге айналдыруға барынша мүдделі болған Россия капиталистері Россияға неғұрлым арзан шикізат әкетудің түрліше айла-тәсілдерін іздеді. Сөйтіп мұнда жол тарту қажеттілігі туды.
Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет
Достарыңызбен бөлісу: |