13 апта
13 кредит сағат
№ 13 дәріс
Тақырыбы: Қазақстан табиғатын зерттеушілердің еңбектерінде физикалық – географиялық идеялар мен тұжырымдардың дамуы
1.Қазақстан табиғатын зерттеушілердің жалпы жағдайы мен идеялардың сабақтастығы (байланыстылығы)
География ғылымының тарихы өткендегі белгілі бір фактілерді жіпке тізгендей жинаудан ғөрі қазіргі кезең үшін, болашақ үшін көкейтестігі маңызы бар зерттеулерді, идеяларды және жетістіктерді іздеп тауып, жан-жақты ғылыми талдау жасауды өзінің басты мақсаты деп санайды. Өйткендігі географиялық идеяларды зерттегенде олардың бір тарихи дәуірде, нақтылы тарихи жағдайларға байланысты туғанын есепке алып, оларды кейінгі кезеңдермен сабақтастыра қарауды естен шығармау керек.
Физикалық географияның дамуына қарай идеялардың да мазмұны өзгеріп, олар жаңа қырынан танылады. Сондықтан ғылымды тарихи тұрғыдан зерттеушілер бұрыңғы ізденістерді оқтын-оқтын әшейін қайталап қоймайды, ертеден мәлім документтерді белгілі бір ғылыми мақсатпен пайдалана отырып, өткенге жаңа мәселелер қояды. Міне сөйтіп жаңадан алынған нәтиже бұрын істелген істі құр қайталау емес, оның жаңа қырларын, ғылымды дамытудың соны заңдылықтарын ашу болып табылады.
Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет
Достарыңызбен бөлісу: |