Жаратылыстану-математика



бет31/54
Дата21.07.2020
өлшемі359,5 Kb.
#63632
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
11 апта

11 кредит сағат

11 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу

1.Қазақстан табиғатын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеудегі И.В. Мушкетовтың ролі

Аса көрнекті орыс ғалымы Иван Васильевич Мушкетов (1850-1902) тамаша геолог болуымен қатар аса ірі физик-географ еді. Отандық сейсмологияның негізін қалаушы, орыс геоморфология ғылымын құрушылардың бірі, ол ірі-ірі геологиялық-географиялық экспедициялар ұйымдастырды, геологиялық-географиялық зерттеулер әдісі бойынша бірқатар құнды нұсқаулар жазды.

С.И.Никитин И.В.Мушкетов туралы «оның геология мен географияны тығыз ұштастырып тең білгендігі соншалық, осы екі мамандықтын бірінен-бірі кем игерген деп айтуға ауыз бармайтын»,-деп жазды. Соның өзінде И.В.Мушкетов «физиккалық географияны Жерді табиғаттың тәні ретінде танитын неғұрлым кең ауқымды ғылым жер танудың тек бір ғана бөлігі» деп қарады.

И.В.Мушкетовтың Орта Азия мен Қазақстандағы ғылыми жұмысы 1873 жылдан басталады. 1874 жылы И.В. Мушкетов алғашқы жұмысын Қаратау тауларын және Тянь-Шаньның батыс сілемдерін зерттеуден бастап, бұл өңірде тас көмір шығатын кен орындарын бақылады және жалпы ғылыми іздестіру ісін жүргізді. Мұнда ол Боролдай, Арыс, Бадам, өзендерінің алқаптарында және Қазығұрт тауында болды.

Әдебиет: Ә.Бейсенова «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы» Алматы «Рауан»- 1990 ж. 4-9 бет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет