Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет27/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
Қазақ аруы, !26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз, 1410319942437
«География» оқу пәні
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы география пәнін
оқытудың
мақсаты:
– оқушылардың тіршілік пайда болған, әр түрлі табиғат ландшафтары
қалыптасқан Жер ғаламшары туралы білімдерін тереңдету және кеңейту,
табиғат ресурстарының орналасуы, экономика және адамзат қоғамы дамуының
арасындағы тығыз байланысты анықтау;
– теориялық және практикалық материалды талдау арқылы оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, өздігінен білімін жетілдіру және
оны тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту;
– қазіргі қоғамға бейімделе алатын, өзінің іс-әрекетіне жауапты бола
білетін, отаншыл жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеттері:

«Іс-әрекет арқылы тану», «жаңалық ашу тәсілдері», «жоба жасау»
әдістерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау және тәжірибелік іс-әрекеттерін
дамыту. Әдістер «География» курсының теориялық материалдарын меңгеру
барысында оқушылардың өзіндік қасиетін және белсенділігін дамытуға
бағытталған.

географияда ландшафт кешен ретінде, экономикалық аудан кешен
ретінде ұғымдарын көрсету үшін кеңінен қолданылатын, «кешен» термині
түсінігін қалыптастыру (С.В.Колесниктен).

қозғалыстың әр түрлі формаларын оқуға жан-жақты тәсілдер қолдану
қажет: экономикалық география өндірістің нақты жағдайда, нақты аумақта
дамуын және орналастырылуын зерттейді. Яғни, ол бұл даму мен
орналастырудың
ерекшеліктеріне 
белгілі 
географиялық
орта, 
нақты


68
ландшафтар 
жағдайында, 
табиғат 
жағдайларының
ықпалын, 
табиғат
ресурстарының қоғам мүддесі үшін қолданылуының жолдары мен бағыттарын
зерттейді.

физикалық география Жердің ландшафты қабығын адамзат қоғамының
тәжірибелік мүддесінде пайдалану үшін, табиғат ресурстарын материалдық
өндіріске тарту үшін зерттейтіні жайлы түсінік қалыптастыру. Мектеп
оқушылары физикалық география да өндірістің дамуы мен орналастырылуы
жайлы, табиғат ресурстарын қажетсінуі жайлы экономикалық географияның
мәліметтерінсіз бола алмайтынын түсінулері қажет [45].

оқушыларды оқулық мәтінін қолдана отырып, әр түрлі карталарға, басқа
да білім көздеріне талдау жасау арқылы табиғат ресурстарын, халықты,
өндірісті
(өнеркәсіптің
жетекші 
салаларын, 
басты 
аудандары 
мен
орталықтарын), ауылшаруашылығы мен ауылшаруашылықты аудандарды,
дүниежүзінің әр түрлі аймақтары мен елдерінде көлік кешенін орналастырудың
факторларын, планетада ірі қалалардың, қала агломерацияларының және
мегалополистердің қалыптасу факторларын түсіндіруді үйрету қажет.
Курстың алдында тұрған міндеттер алуан түрлі және оқытудың әр түрлі
әдістері мен тәсілдерін қолдануға мүмкіндік тудырады. Мұғалімнің басты
міндеті – сабақтың барысы ұйымдыстырылатың бір негізгі орталықты
қалыптастыру, ол мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың,
бақылаудың және бағыттаудың басты күші болып табылады. «Іс-әрекет арқылы
тану», «Ашулар әдісі», «Жобалау» әдістерін қолдану арқылы, оқушылардың
ойлау және тәжірибелік қызметтерінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Әдістердің барлық түрлері осы курстың теориялық және практикалық
материалын меңгеру
үдерісінде оқушылардың өздігінен жұмыс істеу
белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағытта географияны оқытудағы күтілетін
нәтижелер келесі құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейлеріне сәйкес болуы
керек [33, 34, 35, 36]:
Пәндік
құзіреттілік:
оқушылардың өздігінен оқу-танымдық
және
зерттеушілік
үдерісін, 
практикалық
есептерді 
шешу, 
сызбанұсқалар,
диаграммалар құрастыру үшін теориялық және статистикалық материалдарды
қолдануын қамтамасыз етеді, оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты
мамандық
таңдауды 
анықтауға 
мүмкіндік 
береді, 
оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет