Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет31/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
оқытудың
әдістемелік ерекшеліктері:

А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының
негізгі
қағидаларын, изомерия және гомология
ұғымдарын, атомдар
арасындағы жай және еселік байланыстарды, көмірсутектік
радикал,
органикалық қосылыстардың маңызды функционалдық топтарын, заттардың
белгілі бір органикалық қосылыс кластарының өкіліне жататындығын білу;

заттардың маңызды физикалық және химиялық қасиеттерін олардың
құрылысына байланысты тәуелділігін (және керісінше) болжау;

заттардың химиялық формулаларын халықаралық, тривиальді (тарихи)
номенклатура бойынша атау, заттардың химиялық формулалары бойынша
сандық және сапалық құрамын және белгілі класс өкіліне жататынын анықтау,
сандық және тәжірибелік есептерді шешу. Өз іс-әрекетінің мүмкін болатын
салдарына саналылықпен және жауапкершілікпен қарау.


77

оқып
үйренген көмірсутектерді, олардың
оттекті және азотты
қосылыстарының химиялық құрылысын, қасиеттерін, табиғатта кездесуін және
практикалық маңызын білу;

органикалық
заттардың қасиеттерін және олардың
генетикалық
байланысын, алыну жолдарының химиялық реакция теңдеулерін құрастыру
;

органикалық заттардың қатысатын негізгі реакция типтерін (орынбасу,
қосылу, изомерлену), мономер, полимер, құрылымдық буын, полимерлену
дәрежесі, полимерлердің сызықтық және кеңістіктік құрылымын білу
;

органикалық заттардың құрылымдық формулаларын құрастыру және
оларды халықаралық және тривиальді номенклатура бойынша атау
;

органикалық заттардың көптүрлілігінің себептерін, органикалық және
бейорганикалық қосылыстардың өзара байланысын, заттардың құрамы,
құрылысы, қасиеттері және практика жүзінде қолданылуы арасындағы себеп-
салдар байланысын түсіндіру
;

органикалық заттармен қарапайым тәжірибелер жүргізу, қосылыстарды
және полимерлерді белгілері бойынша танып білу
;

химиялық
формулалар 
және 
теңдеулер 
бойынша 
органикалық
заттардың қатысуымен жүретін реакцияларға есептер шығару
;

қоршаған ортаның ластануының адам организміне және басқа тірі
ағзаларға әсерін бағалау
;

химиялық ақпараттарды түрлі ақпарат көздерінен (ғылыми-көпшілік
басылым, компьютерлік деректер көзі, ғаламтор ресурстарынан) өз бетінше
іздеу
.
Сонымен
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
жаратылыстану
пәндерінің мазмұнын анықтау кезiнде [12]:

курс оқу материалының iргелi теориялар айналасына генерализациялау
негiзiнде құрылуы;

әрбiр 
теорияға 
келесi 
бiлiм 
компоненттерiнiң:
деректердiң,
объектiлердiң, модельдердiң, ұғымдардың, шамалардың, жалпы және дербес
заңдардың, динамикалық және статистикалық түсiнiктердiң енуі;

жаратылыстану пәндерін оқыту кезiнде теориялық және эксперименттiк
ғылыми әдiстердiң пайдаланылуы;

оқыту үдерісінде педагогикалық мақсатта ғылымдағы теориялық
қорытындылау генезисiн келесi циклдiк спираль бойынша: деректер–модель–
салдарлар–салдарларды эксперименттiк тексеру–жаңа деректер бойынша
жүргiзу орындылығы. Бұл шығармашылық қабiлеттiлiктiң тиiмдi дамуына,
ойлау логикасының қалыптасуына ықпал етеді;

жаратылыстану пәндерінің мазмұнына және оқыту құралы ретiнде
көрсетiлiмдiк тәжiрибелердiң, зертханалық жұмыстардың, бақылаулардың
енгiзiлуi;

жаратылыстану пәндерінің
ажырамас
құрамды бөлiгi ретiнде
экологиялық проблемаларды және оларды шешу жолдарын қарастыратын
материалдың енгiзiлуi ескерiлуi тиiс.


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет