Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
«Географиямен»:
экономика мен географияны оқып үйренуде деректер
қорын қолдау құралы ретінде жасау.
«Биологиямен»:
визуалды программалау ортасы арқылы химиялық
үдерістерді модельдеу.
«Тарихпен»:
әлемде және Қазақстан Республикасының
болып жатқан
тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру.
«Адам. Қоғам. Құқықпен»:
ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан
Республикасының заңнамаларын білу.
Программалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
11-сыныпта курстың тақырыптары оқытуда қолданылатын программалық
өнім
түрлі болуы мүмкін. Оқулық авторлары ҚР аумағында кең таралған


41
немесе ҚР Білім және Ғылым Министрлігі білім беру мекемелері үшін арнайы
сатып алған программалық өнімдерді иллюстрация және тәжірибелік
дағдыларын
өтеу үшін пайдалана алады. Қажетті программалар тізімі
мынадай: 1) операциялық жүйе; 2) құрылғылар драйвері; 3) кестелік процессор;
4) мәліметтер қорын басқару жүйесі; 5) обьектілі-бағдарланған және визуалды
программалау жүйелері; 6) ақпараттық білім беру ресурстары.
Жаратылыстану-математика бағытында информатиканы оқытудың басты
мазмұның программалау тілі құрайды. Программалау тілінің негізгі ұғымдарын
оқушылар базалық курста, яғни 5-10 сыныпта өтті, сондықтан профильдік
сыныптарда алғашқы сабақтарында программалау тілінің тарихына шолу
жасалады. Ең
алғаш операциялық
(операционные) және процедуралық
(процедурные) 
программалау 
болған. 
Оған, 
Фортран 
және 
Бейсик
программалау тілдері жатады. Одан кейін программалау құрылымды болды
(структурный), оған Паскаль тілін айтуға болады. Кейін программалаудың жаңа
бағыты пайда болды, ол объекті-бағдарлы (Визуал Бейсик, Дельфи, С++) және
декларативті программалау (Пролог тілі, Лисп тілі) тілдері.
Информатика пәнін тереңдетіп оқытуда бір программалау тілімен ғана
шектелмей, екі программалау тілі оқытуға болады, 11-сыныпта бір
программалау тілі болса, 12-сыныпта басқа программалау тілін. Сонымен қоса,
әдіскер мұғалімдер логикалық программалауды оқығаннан кейін құрылымдық
программалауды оқытқан дұрыс болады деп есептейді. Әдетте мектептерде
құрылымдық программалау бойынша Паскаль тілін оқытады. Паскаль тілін
оқытуда Турбо Паскалға тоқтаған дұрыс. Мысалы «Алгоритмдер және
құрылымдық алгоритмдеу» тақырыбын оқытуда. Оқушылар базалық курстан
меңгерген алгоритм ұғымдарын және оларды блок-схема түрінде жазу
тәсілдерін естеріне түсіру қажет. Шарт алдында тексеретін цикл, шарт соңында
тексеретін цикл бойынша есептерге мысалдар келтіру қажет. Содан кейін 4-
суретте көрсетілген тип бойынша құрылымдық программалаудың маңызды
«суперпозиция» ұғымына көшсе.
4-суреттегі құрылымды талдай келе, оқушылар схеманың әр элементар
үзіндісі қай жерден басталатын және аяқталатын нүктелеріне назар аудару
қажет. Схемада бұл нүктелер бір вертикаль да орналасады. Бекіту үшін келесі
есепті алуға болады: компьютерге кез келген 100 санды тізбектеп енгізіп, оң
және теріс сандар қосындысын табу керек.
Құрылымды программалаудың маңызды идеясы – модульдік идея болып
табылады. Ол барлық программа модульдерге бөлінуін білдіреді, бір кіріс және
бір шығыспен. Құрылымдық алгоритмдеудің элементар біліктерін өткеннен
кейін Паскаль тіліне көшуге болады.
Паскаль тілін оқытуда, келесі сұрақтар қарастырылады: программалау
ұғымы; программалау тілінің тарихы; программалаудың парадигмасы; Паскаль
тілінің құру тарихы; Паскаль тіліндегі программаның құрылымы; программалау
тілінің метатілдері туралы сипаттама ұғымы.
Басында табиғи және формальды тілдер арасындағы айырмашылықты
қарастырған дұрыс, «синтаксис», «семантика» ұғымдарының мәнің білу қажет.


42
4-сурет
Мысалы, «Мәліметтер және олардың типтері. Өрнектер» тақырыбын
өткенде, оқушыларды программалауды орындау барысында өндеудің объектісі
болатын мәліметтер ұғымына назарларын аударса. «Шама», «тұрақты шама»,
«айнымалы шама», «тип», «аты», «шама мәні», «жай шама», «құрылымды
шама» деген ұғымдарға жеке тоқталу қажет. Мысал арқылы шамада бір аты
және бірнеше мән болатының көрсету керек. Одан кейін мысал арқылы
мәліметтер туралы «жиын», «жазу», «файл», «кезек (очередь)», «жол» және т.б.
ұғымдарын енгізу керек. Мәліметтер типтерін төрт стандартты типтер үшін
қарастырған дұрыс, олар: integer-бүтін сандар; real-нақты сандар; вoolean-
логикалық немесе булева сандары; char-символдық. Аталған стандартты типтер
қандай шамаларға ие болатынын мысал ретінде айтып өткен дұрыс.
Қоғамның қарқынды ақпараттандыру дәуірінде адамның жан-жақты дамуы
үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің
және жаңа ақпараттық
технологияларды
қолданудың
маңызды роль
атқаратындығы көпшілікке түсінікті болып келе жатыр. Осы орайда, алдымен,
«Информатика» пәнің оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл
ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау
курсттарын оқу үдерісіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды
ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты
ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда [39].
Әсіресе, информатика курсының жалпы білімдік функцияларына, оқыту
мен тәрбиелеудің басты міндеттерін атқару барысындағы потенциалдық
мүмкіндіктеріне өзгеше назар аударулыда. Осыған байланысты оқыту үдерісіне
білімгердің білімпаздық дағдыларын, білгендерін өз беттерінше жүйелеп және
ақпараттық кеңістікте қажетті бағытты анықтап үйренуін, шығармашылық
тұрғыда ойлана білуін қалыптастыруға, дамытуға тікелей ықпал ететін жобалық
әдістің рөлі артып отыр.
1-шартты
тексеру
1-шартты
тексеру
2-әрекетті орындау
1-әрекетті орындау
жоқ
жоқ
иә
иә


43
Информатика сабағында әр оқушы немесе топ шығармашылық жоба
әзірлейді. Оқу жобалары жергілікті желі мәселелерін шешуге арналған
рефераттардан бастап емтихандық жобаларға дейін әртүрлі болады. Оқушылар
төмендегі жобалау кезеңдерін ескере отырып, жобаны әзірлеу қажет (5-сурет).
5-сурет – Жобаны әзірлеу схемасы
Жекелеген бөлімдер мен тақырыптар бойынша оқу жобаларын қолданудың
алғы шарттары мен оған қойылатын талаптарды айқындап алу міндеті
туындайды. Осы мақсатты «Алгоритмдеу», «Программалау элементтері»,
«Математикалық модельдеу» сияқты тақырыптар бойынша қолданылуы мүмкін
оқу жобаларын қарастырайық.
Мысалы, «Программалау элементтері» бөлімі бойынша оқу жобалары
негізгі алгоритмдік құрылымдарды, графиктік кескіндерді және графиктік
режимдердегі «мәтінді терезелерді» программалауды зерттеуге мүмкіндік
береді. «Алгоритмдеу» бөліміне сәйкес жобаларды орындау барысында
программа құру және оны іске асыру үшін таңдалған «тілдің» программалау
ортасында жұмыс жасау мүмкіндігі меңгеріледі, программалық үзілістер мен
кездейсоқ сандарды алу мүмкіндіктерін меңгеру қажеттілігі туындайды. Бұл
жобаларды жүзеге асырылуы үшін қажетті алғы шарттар ретінде алгоритмдеу
негіздерін білуді және тілдік орта пакетінің транслятор, өңдегіш жүктегіш
сияқты программаларымен жұмыс жасай білуін атауға болады.
«ЭЕМ 
көмегімен 
есептер 
шығару 
кезеңдері» 
бөлімі 
бойынша
қолданылатын жобалар есептің шешу жолдарын, алгоритмдеу ретін, қандай да
бір программалау элементтерінен хабардар болуды және программаны өңдеу
жөнінен тәжірибелік машығы болуын талап етеді.
«Математикалық модельдеу» бөлімі бойынша ұсынылатын жобаларды
орындауға кіріспес бұрын «модельдегі» шарттылықты, яғни нақты үдерісті
немесе құбылысты сипаттау үшін қолданылатын кез келген модельдің
«жуықтаушылық» ролін айқындап көрсету қажет. Қоршаған ортадағы қандай
Жобаның
тақырыбын таңдау
Жоба алдында зерттеу
жұмыстары және талдау
Нұсқалар әзірлеу.
Базалық нұсқа
таңдау
Дайындалған
жобаның талдауы
Жобаның базалық
нұсқасын орындау
Программалық
қамтамасыз етуді
таңдау
Жобаның бағасын
санау
Түсініктеме хатты
дайындау
Жобаны қорғау


44
да бір нақты құбылысты дәл формулалар көмегімен жуықтау барысында орын
алатын дәлсіздіктер туралы программалауды меңгеруші оқушыларға көрсету
және түсініктемелерді оқушылардың тәжірибелік деңгейін дәрежесінде жеткізе
беру өте маңызды.
Мұның өзі программалау технологиясын ұғыныңқы етіп көрсетуге негіз
болады. Әрине, мәселенің шешілуі көптеген алғы шарттардың орындалуын
талап етеді. Ең алдымен, мәселені қойып және оны сәтті шешу үшін оқушы
тиісті білім деңгейін, үдеріс барысында қандай жаңа ұғымдар, түсініктерді
қабылдап меңгеру қажеттігін және бұрынғы білім-машықтарын пысықтауға
қаншалықты мүмкіндіктер ашылатынын ескеру қажет.
Оқу жобасын таңдау немесе құру барысында оқушылардың атқаратын
жұмыс деңгейін (оны орындауға қажетті білімнің жеткіліктілігін) ескерумен
қатар жобаның техникалық және ақпараттық қамтамасыз етілуін және
тақырыбының оқушыны қаншалықты қызықтыруы мүмкіндігі талдап алынғаны
дұрыс. Себебі жобаны орындау барысында оқушылардың білім деңгейі
ескерілмеген қиындық кездессе нәтижесінде жоба аяқсыз қалады.
Оқу жобасы негізінен біртіндеп рет-ретімен орындалатын тапсырмалардан
тұрады. Олар, жаңа материалды меңгерту, бұған дейін алған біліктілігін,
машықтарын жинақтап қолдану, шығармашылық ізденістер жүргізу, теориялық
білімдерін бекіту және т.б. тапсырмалары түрінде анықталуы мүмкін.
Жаратылыстану-математикалық
бағытта 
информатиканы 
оқыту
әдістемесінде алгоритмдеу және программалау мәселелері терең, жан-жақты
зерттелуде, ал модель, модельдеу үдерісіне аса назар аударылмай отыр. Шын
мәнінде, 
оқушылардың
бойында 
жүйелік-ақпараттық
тәсілдерді
қалыптастыруға негізделген модельдеу үдерісі-ғылыми таным әдісі ретінде
қарастырылып, формальдандыру қағидасы мен компьютерлік модельдеу
құрылымын меңгерудің сенімді құралы болып табылады. Модель – жасанды
құрылған объект. Ол схема, сызба, математикалық таңбалар, физикалық
формулалар және т.б. түрде беріледі. Қазіргі кезде неғұрлым кең таралған
қарапайым модельдерге: графикалық модель (объектіні сурет, кескін, схема,
т.б. түрінде бейнелеу); сөздік бейнелеу (объектіні сөзбен, ауызша сипаттау);
математикалық
модель 
(объектінің
заңдылықтарын,
әсерін,
қасиетін
математикалық заңдылықтар бойынша бейнелеу); ақпараттық модель (ауызша,
сөзбен берілген мәліметі формальды тілде бейнелеу); аналитикалық модель
(үдерістерді бастапқы және шекаралық шарттар үшін нақты сандық түрде және
ізделінді мәнді айқын түрде сипаттауды қамтамасыз ету); стохастикалық
модель (белгілі бір уақыт мезетінде объектіні сипаттау); көрнекі модель
(зерттелетін объектіні схемалар, диаграммалар, графиктер және т.б. түрінде
сипаттау), т.с.с.
Модель құру үдерісі модельдеу деп аталады. Модельдеу – зерттелетін
объектінің қасиеттерін, өзара байланысын және арақатынасын аналогиялық
түрде сипаттау. Қазіргі кезде модельдеудің көптеген түрі белгілі.
Жалпы жағдайда модельдеу нақты және абстракты болып екіге бөлінеді.
«Абстрактылы модельдеу» ұғымы әдістемелік әдебиеттерге «ақпараттық
модельдеу» ұғымына балама түрде қолданылады. Ақпараттық модельдеу


45
объектілер мен үдерістерді модельдеу және білімді модельдеу болып бөлінеді.
Объектілер мен
үдерістерді модельдеу кескіндеу, сипаттау. Бейнелеу
жағдайында болады. Оған жоғарыда айтылған графикалық, математикалық
және т.б. модельдер мысал болады. Ал, білімді модельдеу мәселесінде жасанды
зияткер ұғымы ізделінді сипатқа ие болады. Мұндай модельдеу түріне
сараптама жүйелер, мәліметтер
қоры, компьютер-атқарушы, бастапқы
модельдеу, ақпаратты тарату жүйелері, т.б. жатады. Демек, қолданылу саласы
бойынша: дәстүрлі математикалық модель; үдерістер мен құбылыстарды
визуальды модельдеу; арнайы қолданбалы технолгиялар мен компьютерлік
технологиялар 
арқылы 
жасақталған 
«жоғары» 
технологиялар 
арқылы
модельдеу және т.б. болып бөлінеді.
Компьютерлік модельдеу ақпараттық модельдеуге компьютерді қолдану
жағдайларын зерттейді. Компьютерлік модельдеу мен оның қағидасын
оқушылардың жете түсінуі үшін модельдеудің мақсаты мен әрбір кезеңі,
бағыты оқушыларға анық болуы керек (6-сурет).
6-сурет – Компьютерлік модельдеудің кезеңдері
Қазіргі кезде сабақ беруде жалпылама ақпаратты қолдану іскерлік
әдістерін қалыптастыру құралдарын және оларды тиімді пайдалануға деген
талпыныстарды байқауға болады. Бұл мақсатты жүзеге асыра алатын тиімді
әдістерінің бірі – бейнеәдісті енгізе отырып білімді жетілдіру болып табылады.
Қазіргі кезде бейнеәдісттерді қолдану ісі көптеген экрандық ақпарат
көздерінің – мультимедиалық кешендер, бейнемагнитафондар, бейнепроектор-
Модельдеудің
мақсатын анықтау
Объектінің мазмұндық
сипаттамасы
Объектінің формальданған
схемасы
Ізделінді
объект
Нәтижені
талдау
Компьютерлік
модель
ЭЕМ-де программамен
жұмыс істеу
Модельді
анықтау
Зерттеу әдістерін
таңдау
ЭЕМ үшін
программаны өңдеу
Программаны жүргізу
және тестілеу


46
лер, компьютерлердің жаңа мүмкіндіктері (мультимедиалық презентациялар,
үйретуші
бейнефайлдар, желі арқылы оқыту ақпаратын көрсету үшін
алмастырушы бағдарламалар) пайда болуына байланысты талап етіле бастады.
Бейнеәдістер оқыту үдерісінде қолданылатын ақпарат түрлерін тиянақты
түрде қарап шығуға, көруге мүмкіндік береді және ол жаңа материалды оқу,
оны қайталау, бекіту, талдау және бақылау үшін кеңінен қолданылады, яғни ол
барлық дидактикалық функцияларды орындауға толық мүмкіндік береді.
Бұл әдіс соңғы ғылыми жетістіктер дәлелденген ақпаратты көрнекті
қабылдау қағидасына негізделген және ол оқушының алған білімін тереңірек
түсіну мақсатында индукциялық, дедукциялық тәсілдерді пайдаланады және
олардың әр түрлі танымдылық қасиеттерін екпінді түрде дамытуға,
танымдылық үрдісін басқарудың түрлі-түрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік
береді.
Осы тәсіл бойынша жаңа материалды беруде экрандық мультимедиалық
презентацияны көрсету
құралы боп табылатын электрондық
проектор
көмегімен бейнефайлдар көрсету арқылы компьютердегі Net Op программасын
оқыту үдерісінде қолдануға болады. Осындай жолмен берілген оқыту
материалдары теориялық білімді жетілдіруге және іс-әрекеттердің орындалу
үрдісін экраннан көріп отыруға толық мүмкіндік береді. Міне осы тәсілді дәріс
бергенде, практикалық сабақтарда жаңа материал өту, оларды түсіндіру
барысында, жаттығу жұмыстарын орындауда, оқушылардың білімін бақылауда
да қолдануға болады.
Сабаққа керекті бейнефайлдарды жасау,
құрастыру және
қолдану
мәселелерін кеңірек қарастырайық.
Оқыту барысында мультимедиалық презентациялардан басқа «экранда
көптеген 
іс-әрекеттерді
толық
көрсете 
алатын» 
screen 
capture

программаларына жататын CamStudio программасы арқылы жасалған
бейнефайлдарды қолдануға болады.
Бұл программамен жұмыс істеудің
ең
маңызды жағы

мұнда
тұтынушының барлық экурандық іс-әрекеттерібейнефильм түрінде жасалады.
Кейін оларды өңдеп, мәтінмен толықтырып, дыбыстық түсініктемелер қосып
оқытуға керекті презентациялар түрінде қолдануға болады. Экранда әр түрлі
қимылдық іс-әрекеттерді толық көрсету программалары – мультимедия
элементтері қолдана отырып. Электрондық әдістемелік құралдар жасаушыларға
арналған ең тиімді құрал болып саналады.
Экранда іс-әрекеттерді толық көрсете алатын программалар: Flashcast,
Screen 2 Web Flash 1.0, RoboDemo 5.0, СamStudio, Camtasia Studio 2.03,
VieletBuilder6 ScreenFlash 1.5, Hyper Cam жатады.
Бұл программаны RenderSoftware компаниясы жасап шығарған. СamStudio
экранда іс-әрекетті толық көрсете алатын презентациялар, оқытуға қажет
қосымша материалдар жасауға арналған. Мұндағы негізгі жұмыс қағидасы –
тұтынушының, мұғалімнің жасап жатқан барлық іс-әрекеттері белгілі бір
файлға *.avi
кеңейтілімінде жазылып отырады. Осылай дайындалған
бейнеүзінділер белгілі бір пәннің жекелеген сұрақтарын қамтитын қысқаша


47
фильмге ұқсас болып шығады. Бейнеүзіндіні көрсету уақыты бір минуттан бес
минутқа дейін созылады.
Оқыту үдерісінде ақпараттық
технологиялардың
рөлі маңызды, ол
ауқымды ақпараттық кешенді құру отырып, ақпаратты іздеуге, өңдеуге,
оперативті жіберуге мүмкіндік беретіні бәрімізге тән.
Информатика ғылымы және ақпараттық технологиялардың қарқын дамуы
пәннің үздіксіз мазмұнының көбеюіне өзгерістер енгізуіне ықпал жасады.
Осының барлығы оқыту ақпараттарын оқушыларға тиімді ұсынуына, пәнді
оқытудың әдіс пен тәсілдеріне үздіксіз ізденуіне қажеттілік туғызады. Осы
мәселелерді тиімді шешу жолдарының
бірі сабақта мультимедиалық
технологияларды пайдалану. Мультимедиа-технологиялары – ақпараттандыру
оқыту
үдерісінің
келешекті бағыттарының
бірі болып табылады, ол
оқушылардың танымдылық , шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін
дамуына әсері көп [39].
Мультимедиа – бұл ақпараттарды (мәліметтерді) дыбыс, анимация,
графикалық бейнелер және видео сияқты типтермен біріктіруге мүмкіндік
беретін қазіргі заманауи электронды ақпараттық технология. Мультимедиа-
технологиялар оқыту үдерісін байыта отырып, оқытуды тиімділігін артады.
Қазіргі
заманауи 
ақпараттық
технологияларды 
енгізуі 
ақпаратты
алмасудың қосымша мүмкіндіктерін: оқу материалының көрнекті ұсынуы;
үлкен көлемді оқыту ақпараттарына оперативтік қол жетімдік; белсенді және
интербелсенді оқыту әдістерінің тірегі; ақпаратты ұсынудың модельдік
технологиясы құруда қажет болады.
Мультимедиалық материалдар оқыту ақпараттарын оқушыларға ынғайлы
және көрнекті ұсынуға мүмкіндік бере отырып, информатиканы оқуға деген
қызығушылықтарын артады.
Практика 
тәжірибесінен 
мультимедиа 
технологияларды 
сабақта
қолданғанда мұғалім оқыту уақытын 30% дейін үнемдейді. Уақытты үнемдеуде
мұғалім сабақтың тығыздығын жаңа материалдармен қамтамасыз етеді.
Мультимедия-технологиялар тиімді тәсілдерінің бірі, өзінің дидактикалық
мүмкіндіктерімен информатика сабақтарының беру сапасын көтереді.
Мульитмедиа-технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері:

оқыту үдерісін басқару және жаңа материалдарды түсіндіру үшін
оқытудың әртүрлі іс-әрекеттерін қолдануды қамтамасыз ететін оқытудың
интербелсенділігі;

презентацияларда
әртүрлі 
ақпараттарды 
біріктіру 
арқылы 
бір
көрнекіліктен екінші көрнекілікке көшумен оқу материалын ұйымдастыруда
жеңілдету және мобильдеу;

информатика және ақпараттық-технологиялар тез дамуына байланысты
оқытудың мазмұны оперативті жаңалануы және өзгеруі.
Сабақты әлдеқайда қызықты және интербелсенді өткізу мақсатында
информатика 
сабақтарында
әртүрлі 
мультимедиалық
программалар
пайдалануға болады:

мультимедиалық презентацияларды пайдалану;


48

мультимедиалық оқыту интербелсенді программалар мен тренажерлар;

сабаққа видеоматериалдар дайындайтын программалар.
Мультимедианы пайдалануда Интернет-технологиясы үлкен мүмкінідік
береді. Сабақта барлық мультимедиалық флеш-технологиялар және оқыту
онлайн-видео және тренажерлар қолдану арқылы ақпараттарды алу үшін
Интернеттің
оқыту ресурстарын пайдалануға болады. Жаратылыстану-
математикалық бағытындағы оқитын сыныпқа келесі оқыту мультимедиалық
программалар ұсынылады, олар: 1С: Предприятия, Есептеуіш математика және
программалау, Visual Basic, Net, Turbo Pascal программалау ортасы және т.б. Әр
программада теоретикалық мультимедиалық программалар, тест тапсырмалары
бар. Алгоритмдеу мен программалауда практикалық тапсырмалар мен қоса
интербелсенді тренажерлар бар.
Физика-математикалық
мектептерде 
оқушылардың
ақпараттандыру
саласындағы 
білімдері
әртүрлі. 
Сол 
себептен 
теңдестіруші-дамыту
(выравнивающе-развивающая методика) оқыту әдістемесі әзірленіп, ұсынылды.
Бұл әдістеме арқылы сыныптағы оқушылардың білім сапасы теңестіріледі.
Әдістемені енгізудің негізгі жорамалдары:

барлық оқушылар оқу материалын толық меңгеру қажет;

әр оқушыға өзіне түсінікті тәсіл мен оқытудың қарқыны және материал
мазмұнының тереңділігі;

тақырыпты, курсы, бөлімді толық меңгеру үшін нақты критериялар
жасалып, білік пен дағды түрінде тұжырымдалу қажет;

барлық оқушылар әдістеменің негізгі қағидаларымен таныс болу керек.
Теңдестіруші-дамыту әдістемесі негізделетін қағидалар:

барлық оқу курсы блоктарға бөлінген, әр блок мағынасына (мазмұнды
тұтастық) қарай аяқталып, көлемдері үлкен емес;

әр блок келесі оқыту үдерісінің элементтерін пайдаланудан құрылады,
олар: дәріс, тәжірибелік тапсырмалар, оқушылардың өздігінен жұмысы, білімді
тексеру;

әр оқу блоктарында күрделігіне қарай әртүрлі практикалық тапсырмалар
бар;

әр есепке тест жүйелері әзірленеді;

әр блокта білім мен білікті тексеру жүйесі бар;

оқушыға оқытылу тақырыбының аясында ең қызықты, қажетті тапсырма
алу мүмкіндігі бар (тәжірибелік тапсырмалардың вариативтігі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет