Жаратылыстану математикалық факультетінің деканы Қарағойшин Ж. М



бет19/39
Дата20.06.2018
өлшемі1,37 Mb.
#43562
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39

Әдебиет:


  1. Химия. Бағдарламалар. 8 -9 сынып, Алматы 2004

10- 11 сынып, Алматы 2005

СОӨЖ

Тақырыбы: Тақырыптық және сабақ жоспары.

Мақсаты: Тақырыптық және сабақ жоспары үлгілерімен танысу, құрастыру.

Өткізу формасы: Студенттердің өздік жұмысы.

Тапсырма 1

1. Тақырыптық жоспар дегеніміз не? Ол қандай бөліктерден тұрады?



Тапсырма 2

а) 8, 9, 10 – сыныптарға арналған «Әдістемелік нұсқау» оқулықтарында берілген

тақырыптық жоспарлармен таныс.

б) Химияны оқыту әдістемесі оқулықтарындағы тақырыптық жоспар үлгісі құрылымы

мен салыстыр.

в) «Химия мектепте» , 2007 ж №2 саны 20-25 беттегі үлгі жоспармен таныс.

г) «Химия мектепте» , 2007 ж №4, 5 , 11- сынып бағдарламаларымен, тақырыптық

жоспарымен таныс.



Тапсырма 3

Қарастырылған әдебиеттердегі тақырыптық жоспар типтерінің үлгілерін дәптерлеріңе жазып ал.


Тапсырма 4

Тақырыптық жоспар құрамындағы ұқсастықпен айырмашылықты тап.

Тақырыптық жоспардық тұрақты үлгісі бар ма? Неге?
Әдістемелік нұсқау

Жоғарыдағы тапсырмаларға орындап, СОӨЖ кезінде баяндап, талда. Мағынасын түсін.


Әдебиет:





    1. Химия. Бағдарламалар. 8 -9 сынып, Алматы 2004

10- 11 сынып, Алматы 2005
СОӨЖ

Тақырыбы: Химия сабақтарының құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақты талдау.

Мақсаты: Сабақ оның құрылымы туралы толық мәлімет беру.

Өткізу формасы: Студенттердің өздік жұмысы.

Тапсырма 1

Төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесуге даярлан.



  1. Сабақтың құрылымы қалай анықталады?

  2. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қандай үш салаға біріктіруге болады?

  3. Сабаққа талдау жсаудың негізгі бағыттары қандай?

Тапсырма 2

  1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, оқулық 122 беттегі, 3-

кестені талда. Кестені толтыр.

Сабақ

Сабақ тақырыбы

Сабақ типтері.










Тапсырма 3

Химияны оқытуды ұйымдастырудың басқа формаларын сипатта.

Мына сұрақтар көлемінде әңгімелесуге даярлан.

Әдістемелік нұсқау

Осы сұрақтар көлемінде оқытушымен әңгімелесуге даярланып, қойылатын талаптарды

әрбір курста меңгеру көлемін анықта. Өз ойынды қорытып, баянда.

Әдебиет:


  1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, IV тарау, 44-45 беттер.


СОӨЖ

Тақырыбы: Химия мектеп оқулықтары.

Мақсаты: Мектеп оқулықтары туралы әдістемелік мәліметтерді меңгере отырып, оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесімен танысу.

Өткізу формасы: Студенттердің өздік жұмысы, әңгімелесу пікір – талас.

Тапсырма 1

Төмендегі сұрақтар көлемінде әңгімелесуге даярлан.



  1. Мектеп сараманында химиядан қандай авторлардың оқулықтары және қандай уақыт аралығында қолданылды?

  2. Тұңғыш қазақ тілінде балама байқау оқулықтарын қашан, кімдер шығарды?

Олардың құрылымын мен мазмұны.
Тапсырма 2

  1. Қазіргі кезде оқушылар қолданып жүрген төл оқулықтардың мазмұны мен құрылымы.

а) авторлары мен баспасына көңіл аудар, ойыңды қорытындыла.

ә) оқулықтардағы алғы сөзді оқып талда.

б) оқулықта қандай шартты белгілер бар?

в) Оқулық қандай тараулардан құралған?

г) Әр параграф, тақырып санында жаттығулар, тапсырмалар сұрақтар, берілген бе?

Олардың маңыздылығы.



Тапсырма 3

Хабарлама даярла. Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесі.



Тапсырма 4

Оқулыққа қойылатын талаптар.

а) мәтінге қойылатын талаптар.

ә) дидактикалық талаптар

б) безендіру ісіне қойлатын талаптар, (эстетикалық, полиграфиялық, гигиеналық)
Әдістемелік нұсқау

Оқытушыдан немесе зертханашыдан «Химия оқулықтары» папкісін алып, немесе «Химия мектепте», Білім, Образование журналдары бойынша жоғарыдағы тапсырмалар көлемінде әңгімелесуге даярлан.

Әдебиет:


  1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, IV тарау, 44-45 беттер.


СОӨЖ

Тақырыбы: Сарамандық жұмыстарды өткізуге қойылатын талаптар.

Мақсаты: Сарамандық жұмыстарды өткізуге қойылатын талаптармен танысу.

Өткізу формасы: Әңгімелесу, студенттің баяндамасы, хабары.

Тапсырма 1

Мына сұрақтарға жауап даярла.



  1. Сарамандық жұмыстардың мақсаты.

  2. Сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру және оған қойылатын талаптар..

Тапсырма 2

8- сынып, «Химия» оқулығы бойынша №1 сарамандық жұмыс үлгісімен таныс, жоспар конспектісін құр.



Тапсырма 3

Өткізу әдістемесін ойластыр. Ойша эксперимент жүргіз. Дәптеріңе жазып ал.



тапсырма 4

Сарамандық жұмыс кезінде оқушылар жіберетін қателерді көрсет.



Әдебиет:


      1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ІХ тарау, 108-116 беттер.

      2. 8- сынып оқулығы.

      3. Қ. Әбсалықызы. т.б. «Химиядан өткізілетін сарамандық жұмыстар», Алматы, 1993, 20 -25 беттер.


СОӨЖ

Тақырыбы: «Отттегі, оксидтер, жану» тақырыбы есептер шығару.

Мақсаты: Термохимиялық теңдеу бойынша Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына есептер шығарып үйрену.

Өткізу формасы: Есеп шығару, өздік жұмыс.

Төмендегі тапсырмаларды орында:

1. Термохимиялық теңдеу бойынша есептер шығару әдістемесімен танысу, үйрену. (8 класс, 64 бет).

а) Мына термохимиялық реакция теңдеуін ескере отырып,

СН4 + 2О2 → СО2 + 2Н2О + 802,3 кДж

Массасы 32 г. Метан жанғанда қанша жылу бөлінетінін есепте.

ә) Массасы 6 г Mg жанғанда 150,3 кДж жылу бөлінді? Осы деректерге

сүйене отырып, MgO түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін

құр.

б) Массасы 10 г СаСО3 айырылғанда 17,7 кДж жылу сіңірілді. СаСО3



айырылу реакциясының термохимиялық теңдеуін құр

  1. Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына, газдардың көлемдік қатынастарына сүйеніп шығарылатын есептерді орында. 8 класс. § 28-29. 76-81 беттер.


Әдістемелік нұсқау

Мектеп бағдарламасында көрсетілген есеп типтерін Ә.Е.Темірболатова. Химия есептері мен жаттығулары жинағы. 8 кл. Алматы.: «Мектеп». 2004, бойынша шығарып үйрену. СОӨЖ кезінде түсінбеген есептерді талда.

1. Н.А.Нұрахметов., К.А.Сарманова., К.М. Жексенбина. Химия (оқулық)

8 класс. Алматы.: «Мектеп», 2004

2. 8-9 сыныптарына арналған мектеп бағдарламасы.

3. Ә.Е.Темірболатова. Химия есептері мен жаттығулары жинағы. 8 кл. Алматы.:

«Мектеп». 2004
СОӨЖ

Тақырыбы: Сан есептері, типтері және шығару әдістері.

Мақсаты: Сан есептердің типтерімен таныса отырып, оларды шығару жолын мектеп

бағдарламасындағы орнын анықтау.



Өткізу формасы: Кітаппен жұмыс, студенттердің өздік жұмысы.

І. Мына сұрақтар көлемінде әңгімелесуге даярлан.



  1. Сан есептерінің оқу – тәрбиелік маңызы.

  2. Сан есептерінің жіктелуі.

а) С. Г. Шаповаленко сан есептерін неше типке жіктейді, қандай?

ә) Химиялық тіл тұрғысынан жіктелуі.

3. химиялық формула бойынша есептер және олардың түрлері (дәріс) қандай?

4. Химиялық теңдеулер бойынша есептер және олардың түрлері. (дәріс).


ІІ. [1] немесе [3] оқулық 74 беттегі 4- кесте. Есептердің химиялық теңдеу бойынша

Енгізілу ретін көшіріп ал, бағдарламамен салыстыр.


Әдістемелік нұсқау

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындап, өздігінен химиялық сандық есептерді шығар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет