Мақсаты: Студенттерді жылдық және күнделікті сабақ жоспарын құрастыру үлгісімен таныстыру.
Тапсырма 1
Төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесуге даярлан:
Химия пәні мұғалімі өз жұмысын неден және қалай бастау керек?
Жылдық, күнтізбелік, тақырыптық жоспар дегенді қалай түсінесің?
Тақырыптық жоспар қандай бөліктерден тұрады?
Тапсырма 2
1. Н.Н.Нұғыманұлы. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы. «Рауан», 2005, оқулықтың
144-145 беттеріндегі «Азот топшасы» бойынша жасалған тақырыптық жоспар
үлгісімен таныс.
2. 145- беттегі №7 кестені талда.
Тапсырма 3
Төмендегі сұрақтарға жауап даярла.
Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындалуы. Оны қалай жүзеге асырады?
Сабақ конспектісін жазбастан бұрын не істеу керек?
Күнделікті сабақ жоспары қандай үлгіде жазылады?
Аралас типті сабақтың үлгісін көрсет.
Тапсырма 4
1. Н.Н.Нұғыманұлы. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы. «Рауан», 2005, оқулықтың 146-148 беттегі «Кремний және оның қосылыстары», сабақтың жоспар – конспектісімен таныс.
Әдістемелік нұсқау:
Жоғарыдағы тапсырмаларды орындап, тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларымен таныс. Өздігінен құруға даярлан. СОӨЖ тапсырманың мазмұнын талда.
Әдебиет:
Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ІХ тарау, 116-120 беттер.
А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, Х тарау, 127-130 беттер.
Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ІХ тарау, 144 -148 беттер.
7-8 жұма
Практикалық сабақ № 7 - 8
Тақырыбы: «Бастапқы химиялық ұғымдар».
Мақсаты: «Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбы негізінде мектеп оқулығы, бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырыптық мазмұны мен оқыту әдістемесімен танысу.
Төмендегі тапсырмаларды орында.
8 сынып оқулығынан тақырып мазмұнымен танысып, білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық міндеттерін анықта.
Осы тақырып бойынша тақырыптық жоспар құру. [2] оқулықтағы үлгіні қара, «Химия мектепте», 2007, №2 санындағы жоспармен салыстыр.
Оқу материалына методикалық анализ (әдістемелік талдау) жаса. Сабақтар арасындағы логикалық байланысты қалыптастыр.
а)Тақырыпта қандай ұғымдар, заңдар, теориялар оқылады?
ә) Химиялық элемент, атом және зат ұғымының байланысы.
б) Химиялық реакция ұғымының қалыптасып дамуы.
Тақырыптағы химиялық эксперимент (таблицаны толтыр)
а) Демонстрациялық эксперимент (көрнекі көрсету эксперименті)
ә) Зертханалық жұмыстар
б) Сарамандық сабақтар
Тәжірибе аты
|
Қолданылатын құрал-жабдықтар, реактивтер.
|
|
|
|
|
Тақырып бойынша лабораториялық тәжірибелер өткізу методикасы. [4] 55 бет. №1, 2, 3, 4 тәжірибелерді жасау.
Тарау бойынша бағдарламада көрсетілген сан есептерінің типтері мен оларды шығару методикасымен танысу. [8] 7 бет.
Есептер жинағынан әр типтен үш есептен шығару.
Есептің шартын және шығару барысын жазуға қойылатын талаптар:
а) Есептің шығару барысын жазудың ретін сақтау;
ә) Қабылданған әріп белгілерін пайдалану;
б) Жүзеге асатын амалды сұрақ түрінде тұжырымдау;
г) Әр амалдың мәнін нақтылы түсіну;
Бір сабақтың жоспар – конспектісін құрып, өткізуге даярлан.
Тақырып бойынша дидактикалық көрнекіліктер даярлау.
9. Бақылау жұмысының лгі нұсқасын даярла. (тақырып бойынша).
Әдістемелік нұсқау:
Жоғарыдағы тапсырмаларды орындап, әңгімелесуге даярлан. Тәжірибелерді жаса. Бір сабақтың жоспар конспектісін жасап, өткізуге даярлан.
Әдебиеттер:
1. Н.Н.Нұғыманұлы. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы. : «Рауан», 1993
2. Н.А.Нұрахметов., К.А.Сарманова., К.М. Жексенбина. Химия (әдістемелік нұсқау) 8
класс. Алматы.: «Мектеп», 2004
3. Н.А.Нұрахметов., К.А.Сарманова., К.М. Жексенбина. Химия (оқулық) 8 класс.
Алматы.: «Мектеп», 2004
4. А.Мырзабай-ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы.: “Рауан”
1997 ж. 51-57 беттер.
5. В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1989 г.
6. Ю.В. Плетнер., Полосин В.С. Практикум по методике преподавания химии. М.:
1981 г.
7. 8-9 сыныптарына арналған мектеп бағдарламасы.
8. Ә.Е.Темірболатова. Химия есептері мен жаттығулары жинағы. 8 кл. Алматы.:
«Мектеп». 2004
9. «Химия в школе» журналы, 1986 ж. №3 (33-41 беттер).
10. «Химия в школе» журналы, № 4 (58 – 59 беттер).
11. Химия мектепте, 2007, №2, 17-25 беттер.
9-10 жұма
Практикалық сабақ № 9-10
Тақырыбы: «Оттегі, оксидтер жану» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
Мақсаты: Тақырып мазмұнымен танысып, оттегін алу, қасиеттерін сынау.
Төмендегі тапсырмаларды орында:
Тапсырма 1
Химиялық элементтерді оқып-үйренудің методикалық негіздері (ауызша). Д.И.Менделлевтің периодтық заңын оқығанға дейін химиялық элементтерді оқыту жоспары (жазбаша), (1), XVII тарау. 241-242 беттер.
Тапсырма 2
8 класс оқулығы бойынша тақырып мазмұнымен танысып, оқу-тәрбиелік міндеттерін белгіле.
Тапсырма 3
Оқулық бағдарлама, т.б. методикалық әдебиеттерді пайдаланып, тақырыптық жоспар құр.
Тапсырма 4
Мына сұрақтар бойынша әңгімелесуге даярлан:
а) Тақырыпта қандай жаңа ұғымдар жүйесі қалыптасып дамиды?
ә) "Элемент", "Жай заттар" ұғымдар жүйесі қандай фактілермен
толықтырылып, дамытылады?
б) Химиялық элементпен танысу неге оттегіден басталады?
в) Оттегінің химиялық қасиетінде неге сутегімен реакция теңдеуі
қарастырылмайды?
Тапсырма 5
Лабораторияда оттек алу жолдарын айтып, оның химиялық қасиеттерін сипаттап, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
Тапсырма 6
Оттегін алу және оның қасиеттерін дәлелдейтін тәжірибелерді демонстрациялау методикасымен танысып, орында, кестені толтыр.
Эксперимент аты
|
Қажетті реактивтер,
құрал-жабдықтар
|
|
|
|
|
Тапсырма 7
Оттегінің лабораторияда алу жолдары. "Оттегін алу және оның қасиеттері" тақырыбы бойынша жүргізілетін сарамандық жұмысқа нұсқау карточка даярла. Жұмысты орындап, мына кестені толтыр.
Не істелді?
|
Не байқалды?
|
Реакция теңдеуі.
Қорытынды.
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 8
Тақырыптағы экологиялық мәселе. § 24-27.
Достарыңызбен бөлісу: |