Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



бет6/11
Дата11.09.2017
өлшемі0,94 Mb.
#32047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиет:


1. Увалиева Ю.К. т.б. Химия и технология производства продуктов

химической промышленности Республики Қазахстан. Уст- Каменгорск,

ВКГУ, 2003, 14-28 беттер.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстанның химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар.

Әдебиет:


1. Увалиева Ю.К. т.б. Химия и технология производства продуктов

химической промышленности Республики Қазахстан. Уст- Каменгорск,

ВКГУ, 2003, 26-34 беттер.

2. 9- сынып, әдістемелік нұсқау. А, «Мектеп», 2005 ж, 113-120 беттер.

3. Қазақстанда химия ғылымының дамуы. // Химия мектепте. 2004, №5,

9-11 беттер.

4. Бектұров. Мұраларын мектепте оқыту. // Химия мектепте. 2004, №1,

32-35 беттер.

5. Сәтбаев зерттеулері- химия сабағында. // Химия , биология, география,

1999ж


СӨЖ мазмұны: Осы ғалымдардың портреттерімен танысып, сыныптан тыс жұмыстарын – кеш өткізу үлгісін жазып ал

Әдебиет:


1. Қазақстанда химия ғылымының дамуы. // Химия мектепте. 2004, №5,

9-11 беттер.

2. Сәтбаев зерттеулері- химия сабағында. // Химия , биология, география,

1999ж


15 апта

1кредит сағат

15дәріс



Тақырып: Қазақстандағы химия және металлургия өнеркәсібі.

Дәрістің мазмұны: Химия өнеркәсібінің пайда болуы.

Әдебиет:


1. Соловьев А. В. Цветная металлургия Казахстана. .– А, 1974 ж.

2. 9- сынып, әдістемелік нұсқау. А, «Мектеп», 2005 ж, 113-140 беттер.


2 кредит сағат

15 Семинар сабақ



Тақырып: 1991- 2000 жж аралығындағы Республикамыздың химия өндірісінің жағдайы және оның болашағы.

Әдебиет:


1. Катализ негізін салушы . // Химия мектепте. 2006, №1,

76-80 беттер.

2. И.Нұғыманов, Р. Жұмаділова, Р. Қаржасбай Химия 9, 9- сынып, әдістемелік

нұсқау. А, «Мектеп», 2005 ж, 120-122 беттер.

3. Өмірім ғылымға арналды. // Химия мектепте. 2004, №1,

19-21 беттер.

4. Ғалымға арналған кеш.. // Химия , биология, география,

1999ж


ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстанның химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар.

Әдебиет:


1. Увалиева Ю.К. т.б. Химия и технология производства продуктов

химической промышленности Республики Қазахстан. Уст- Каменгорск,

ВКГУ, 2003, 26-34 беттер.

2. 9- сынып, әдістемелік нұсқау. А, «Мектеп», 2005 ж, 113-120 беттер.

3. Қазақстанда химия ғылымының дамуы. // Химия мектепте. 2004, №5,

9-11 беттер.

4. Бектұров. Мұраларын мектепте оқыту. // Химия мектепте. 2004, №1,

32-35 беттер.

5. Сәтбаев зерттеулері- химия сабағында. // Химия , биология, география,

1999ж.


СӨЖ мазмұны: Осы ғалымдардың портреттерімен танысып, сыныптан тыс жұмыстарын – кеш өткізу үлгісін жазып ал.

Әдебиет:


1. Қазақстанда химия ғылымының дамуы. // Химия мектепте. 2004, №5,

9-11 беттер.

2. Сәтбаев зерттеулері- химия сабағында. // Химия , биология, геог 1999ж.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

2. Соловьев Ю. И., Перифонов Д.Н., Шамин А.Н. История химии.– М.:

Просвещение, 1974, 1976, 1984.

3 . Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

4. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.



Қосымша:

5. Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии, 1983.

6. И.Нұғыманов. т. б. Химия тілі. Алматы, 1977.

7. И.М. Ибраев.«Органикалық химия негіздері» Алматы,«Рауан» 1990.

8. М.И. Ибраев, К.А. Сарманова Органикалық химия негіздері. А. «Рауан» 1990.

3-9 беттер.

9. Оқу кітабы. 9 – сынып, Алматы 2001 ж.

10. Оқу кітабы. 10 – сынып, Алматы 2003 ж.

11. Увалиева Ю.К. т.б. Химия и технология производства продуктов

химической промышленности Республики Қазахстан. Уст- Каменгорск,

ВКГУ, 2003, 3-14 с.

12. И.Нұғыманов, Р. Жұмаділова, Р. Қаржасбай Химия 9, Әдістемелік нұсқау.

А, «Мектеп», 2005 ж

13. Қазақстанда химия ғылымының дамуы. // Химия мектепте. 2004, №5,

14. Бектұров. Мұраларын мектепте оқыту. // Химия мектепте. 2004, №1,

15. Сәтбаев зерттеулері- химия сабағында. // Химия , биология, география,

1999ж.

16. Соловьев А. В. Цветная металлургия Казахстана. .– А, 1974 ж


3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

ОЖСӨЖ орындалуы,

ОЖСӨЖ білімділігі



Студенттердің теориялық даярлығын тексеру


ОЖСӨЖ тақырыбына байланысты

Әр апта сайын СОӨЖ тақырыбы бойынша кестге сәйкес


100%

өздік жеке сұрау, есеп шығару

2

СӨЖ орындалуын

тексеру



Өздік жұмыс істеу білігін бағалау

СӨЖ көрсетілген

Әр апта сайын СӨЖ тақырыбы бойынша кестге сәйкес

100%

есептер шығару

3

Аралық бақылау жұмысы

Білімді меңгеру дәрежесін тексеру


Семинар тақырыбына байланысты

8 апта,

15 апта


100%

Варианттар бойынша жазба жұмыс

4

Семинар сабақтағы белсенділік

Білімді кешенді тексеру

Семинар

тақырыбына байланысты



апта

100%

ауызша

5

Жеке тапсырма

Студенттің творчестволық жұымысы


-

8 апта,

15 апта


100%

творчествалык жұмыс

6

Дәріс




-




100%






4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы

Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


2

3

4

5

6

7

Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.


6

-

60

-

-

Соловьев Ю. И., Перифонов Д.Н., Шамин А.Н. История химии.– М.: Просвещение, 1974, 1976, 1984.



6




60

-

-

Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

4




40

-

-

Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.



5

-

50

-




Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии, 1983.

-

-

-

-

Студенттердің жеке кітабы

И.Нұғыманов. т. б. Химия тілі. Алматы, 1977.

-

-

-

-

Студенттердің жеке кітабы

И.М. Ибраев.«Органикалық химия негіздері» Алматы,«Рауан» 1990.

-

-

-

-

Студенттердің жеке кітабы

Увалиева Ю.К. т.б. Химия и технология производства продуктов химической промышленности Республики Қазахстан. Уст- Каменгорск, ВКГУ, 2003, 3-14 с.

-

-

-

-

Студенттердің жеке кітабы

И.Нұғыманов, Р. Жұмаділова, Р. Қаржасбай Химия 9, Әдістемелік нұсқау.

А, «Мектеп», 2005 ж



-

-

-

-

Студенттердің жеке кітабы


5. Дәрістер кешені:
Дәріс № 1

Тақырып: Кіріспе.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

2 Грек философтары – Фалес, Анаксимен, Гераклит, Эмпедокл.

Дәріс мақсаты: Грек натурфилософтарының табиғат туралы ойларымен таныстыру.

Тірек сөздер: Фалес, Анаксимен, Эмпедокл, Гераклит тіршіліктің бастамасы.

Дәрістің мазмұны:
Б.э.д 600 жылдары гректер табиғатқа назар аударды. Бұл теория Фалестен (640 -546 б.ғ.д.) басталады. Ол барлық тіршіліктің бастамасы су деп түсінді. Су буланып «ауаға» айналады, ал содан кейін теңіз «жерге» айналады деп түсінді.

Келесі ежелгі грек философы Анаксимен (ол да Милеттен 585 -525 б.ғ.д. ) барлығының бастамасы ауа деп түсінді. Милеспен көрші қала Эфесте тұратын Гераклит (540 - 475 б.ғ.д.) бәрінің бастамасы от деп түсіндірді. Дүниенің бәрі отпен жаралады. Жоғарыдағы философтардың айтқандарын талдай келе Агригента қаласынан Эмпедокл (490 -430 б.ғ.д.) Заттың төрт бастамасы бар деді. Ол: от, ауа, су және жер. Олар бір- бірін жек көруі де мүмкін немесе бір- біріне тартылуы да мүмкін деді. (от және су).

«Левкипп, Демокрит, әсіресе Лукреций ерте заманда заттар әрі қарай бөлінбейтін бөлшектерден – атомдардан тұратынын айтқан. Қазіргі атомдық ілім мен ертеднгі философтар ілімнің арасында тарихи байланыс бар,дегенмен ,ол екеуінің арасында айырмашылық барын аңғару қиын емес»,-деп жазды Д.И. Менделеев.

Ежелгі атомистиканың тәжірибеге қатысы болған жоқ, олар эксперимент жасамады, олар тек дүниеге жалпы көзқараспен қарап, жорамал жасады.

- Егер,- деп ойлады Демокрит, бір денені екіге, төртке, сегізге, сонан соң тағы да майдаласа, қашанға дейін бөлшектенер еді? Денені іссіз жойып жеберуге болмас,ендеше ең соңғы, ары қарай бөлшектенбейтін ең кіші бөлшегіне дейін ғана ұсақталады. Денені бөлшектеу шегі-атом. Бізді қоршаған дүниенің бірі атомнан тұрады.

Ашық алаңда отырсаңыз гелдердің хош иісін сезесің. өсімдік гуліндегі хош иісті заттардың атомдары ауаға таралып, ауа ағысымен мұрынға келетін болар. Демек атомдар үздіксіз қозғалыста болады. Қозғалу үшін бос кеңістік керек.

Атомдар мәңгі-іссіз жойылмайды, жоқтан пайда болмайды. Олар бір-бірінен мөлшері және пішіні арқылы ажыратылады. әріптен сөз, сөзден сөйлем құралатыны тәрізді атомдар бір-бірімен қосылып, сан алуан денелер түзеді. Олардың қасиеті құрамына кіретін атомдардың пішініне орналасу тәртібіне байланысты. Домалақ, ірі атомдар денеге-тәтті бұдыр, көп бұрышты атомдар- қышқыл, дөңгелек, мйда атомл\дар-ащы дәм береді.

Демокриттің бұл көзқарасын эпикур (341-270) қабылдап, біраз дамытты, бірақ атомдардың пішіні әр түрлі болмайды, олар тығыз, кішкене өсіндісі болады, сол арқылы бекінді деді. Атомның массасы болады деді.

Дегенмен, ежелгі атомистика кешені ұрпаққа біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші ғасырда өмір сүрген рим ақыны лукреций Кар арқылы жетті. Философ-матералист ақын «Заттың тегі» деген атпен көлемді шығарма жазды. Онда заттың атомдық құрлысы жайлы тамаша толғаулар бар.

. . . Теңіздің жағасында отырсаңыз,

Біртіндеп дымқыл тартар киіміңіз.

Ал соны күнге жайсаң кебеді-ғой

Кеткен судың қайда біз көрмейміз

Су сонда ыдырайды бөлшектерге,

Өте ұсақ, көрінбестей көрер көзге ...

Ол Эпикур мен Демокрит ойын осы шығарма арқылы жеткізді.

Аристотель идеясының тағы бір маңызды ойы - әрбір элементтің табиғи қасиетке иелілігі. От жоғары көтеріледі, ал жер құлайды.

Химияның өзінде қалыптасқан теория болмағандықтан ол үстем топ қолында болды.Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 384-322 жылдары Аристотель ілімі үстем болды.

Аристотель ілімінің мәні: « Затта емес, қасиетінде, Зат қасиетінөзгертсе, зат өзі өзгереді» - дейді. Заттарды өзгертуші «квинтэссенция» деген бар деді.Аристотель ілімін шіркеу қолдады, оның сөзі құдай сөзіндей деді.

Египетте, Қытайда, Үндіде, Месопотамияда құнды заттардың бағасын шағатын өлшем – алтын болады.Қолында алтыны бар адам үстеуші болды.Соған байланысты Аристотель ілімінің әсерінен жай металдарды алтынға айналдыруға болады деген ағым үстем болды.

Ол үшін «квинтэссенцияның» бір түрі – «философия тасын» табу керек болды. Ол алтын жасағаннан басқа кәріні жасартады, ауруды сауықтырады деп ойлады. (*) Сол кездегі барлық химияны кәсіп қылушылардың арманы «философия тасын» табу болды

Химия тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттерін ата.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Химия ғылымы дамуының кезеңдерін ата.

  2. Грек натурфилософтарын атаңыз.

  3. Грек натурфилософтары - Фалес, Анаксимен, Эмпедокл, Гераклит тіршіліктің

бастамасы туралы ойлары қандай?

Пайдаланатын әдебиеттер

  1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    1. бөлім, 11-17 беттер.

  2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

ІІ –тарау, 11- 14 беттер.

  1. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.

І – тарау, 13- 17 беттер.
Дәріс № 2

Тақырып: Химия ғылымы дамуының алхимиялық кезеңі.

(орта ғасырдағы алхимия)



Қарастырылатын сұрақтар:

1. Араб алхимиясы.

2. Батыс Еуропалық алхимия.

3. Қайта өрлеу дәуіріндегі химия.



Дәріс мақсаты: Химия дамуының алхимиялық дәуірінің дамуына баға беру.

Тірек сөздер: Алхимия. Араб алхимиясы. Батыс европалық алхимия. Элексир.

Дәрістің мазмұны:

VІІ ғасырда химия дамуында жаңа этап басталды. Себебі VІІ ғасырда үлкен Араб империясы пайда болды.

Арабтар химия деген сөзге ал жұрнақ қосып, алхимия деп өзгертті.Арабтар Испанияны басып алғаннан кейін алхимиялық ілім Европа елдеріне тарады.Сөйтіп, орта ғасырда

Европа елдерінің химиктері осы алхимия шырмауында болды.Химия тарихында алхимия дәуірі ұзақ уақытқа (1500 жылға) созылды. Ең ірі Европада оны Габер деп атады. VІІІ ғасырдағы Алхимия негізін салушы араб алхимигі Джабир ибн Хайям Гайан болды.

Екінші араб алхимигі Ар – Рази болды. Европада оны Разес деп атады. Ол медициналық және алхимиктік тәжірибелер жасады. Ар- Рази сол уақытта белгілі заттарды жіктеді. Оларды жер (минералды жануар және өсімдік деп үш үлкен топқа бөлді.

1096 жылы алғашқы крест жарығы басталды. Христиандар өз жерлерін қайтара бастады. 1099жылы христиандар Иерусалимді басып Европаға келген Христиандар араб ғылымының жетістіктерін ала келді.

ХІІ ғасырда араб алхимиктерінің шығармалары латын тіліне аударыла бастады. Алтын алу идеялары италия, Франция, Германия философтарын да ойландырды. Европалық алхимиялық әдебиеттер жариялана бастады. Ең алғаш белгілі Европалық алхимик Альберт Больштедт немесе Альберт Великий болды. Ол да арабтардың идеясын жалғастырып металдар құрамының күкірт сынап теориясын қолдады. Ол «Алхимия » кітабында металдарды алтынға айналдыруға болады, ол үшін оның тығыздығын және түсін өзгерту керек деді. Ол мышьяк туралы дәл сипаттама берді.

Екінші алхимик ағылшын Роджер Бэкон (1214 – 1294) сиқырлықпен айналысқаны үшін оны түрмеге отырғызды. Ол түрмеде отырып, «Алхимия айнасы» деген кітап жазды, ол алғаш рет «оқ дәрі» , «порох» туралы айтты.

Қайта өрлеу кезінде химик Рудольф Глаубер айна, ыдыс жасаумен әйгілі болды. Ол өзінің жеке лабораториясын құрды. Тұңғышрет тұз және азот қышқылын алды. Айдау кубында натрий хлоридін немесе селитраны күкірт қышқылын қосып қыздырса, тұз және күкірт қышқылдарын алды. Түтінденетін тұз қышқылы көп уақытқа дейін оның атымен ацидум Глаубер деп аталды. Қышқылды айдап алғаннан кейін қалған тұз «ғажайып тұз» деп аталды. Глаубер көптеген кітап жады, соның ішіндегі ең маңыздысы, «Жаңа философиялық пештер» онда өзі құрастырған приборлар мен аппараттар туралы жазды.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар


  1. Араб алхимиктерін ата.

  2. «Күкірт -сынап» теориясын ашқан алхимик.

  3. «Элексир» термині қалай шықты?

  4. Глаубер тұзының алғашқы атауы.

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

1- бөлім, 17 -23 беттер.

2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

ІІ –тарау, 16- 21 беттер.

3. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.

І – тарау, 19 - 28 беттер.
Дәріс № 3

Тақырып: Қайта өрлеу дәуіріндегі химия.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Леонардо да Винчи, Р. Глаубер, г. Агригокола еңбектері.

2. ХІV – ХVІ ғасырдағы металлургияның дамуы.



Дәріс мақсаты: Қайта өрлеу дәуіріндегі ғалымдардың еңбектерімен танысу. ХІV – ХVІ ғасырдағы металлургияның дамуы.

Тірек сөздер: Р. Глаубер, айдау кубы, В.Бирингуччо, Агрикола.

Дәрістің мазмұны:

«Иатрохимия» «натрос» - врач (дәрігер) деген мағынаны білдіреді. XVI ғасырда Иатрохимия немесе дәрігерлік дәуір (иатро кейде -дәрігер) дүниеге келді.Оның негізін салушы - Швейцария ғалымы Парацельс (1493-1511).Оның әкесі дәрігер, алхимик болған.

Парацельс химия мен дәрігерлік істі біріктіргісі келді.

Парацельс айтуынша, химияның мақсаты алтын алу емес, дәрі-дәрмек жасау деп жариялады, заттарды құрам бөліктерге бөлу және қосу арқылы жаңа зат алу деп есептеген. (осы күнгі анализ – синтезге ұқсас). Ол минералды және өсімдік текті заттардан дәрі жасады. Оны ол квинт –эссенцис деп атады.

Парацельс айтуынша, адам организмінде күкірт, сынап, тұз элементтерінің мөлшері тұрақты болады. Ол қатынас бұзылса, адам ауруға шалдығады.Организмде S молайуынан – оба ауруы, Ηg артуынан – сал ауруы, тұздың артық болуынан – іш ауруы пайда болады. Сырқатты емдеу дегеніміз – организмнің бұзылған химиялық құрамын қалпына келтіру.Парацельс бастаған яторхимиктер әр түрлі заттардың шипалық қасиетін зертттеді. Сурьма, мышьяк, сынап, күміс қосылыстарының емдік қасиетін ашты. Оларды қолданса, зат алмасу түзіледі деді.

Парацельс ілімін жалғастырушы Андреас Лабавий болды. Ол неміс ұлтынан шыққан дәрігер, әрі химия пәнінің мұғалімі болды.1597 жылы ең бірінші тарихтағы химия оқулығын «Алхимияны» жазды. Ол оқулық екі бөлімнен тұрды.


І бөлім. Ыдыс, зертханалық жұмыс техникасы, айдау қыздырғыш

Аппарат


ІІ бөлім. Заттар және оларды алу
Голландия ғалымы Ван-Гельмонтта иатрохимияны қолдады. Ол ашу процесімен айнвалысты. Ашу кезінде белгісіз ауа «жан» бөлінеді, Ол «жан» көмір жанғанда да түзіледі. Ол «жан» белгісіз, сондықтан мен оны газ деп атаймын деді. Химияның иатрохимиялық идеямен дамуы өзінің жалғасын ХVІІ ғасыр аяғында тапты. Лабавий ең алғаш рет тұз қышқылын және «патша арағын» алуды жазды. «Патша арағы» тұз және азот қышқылдарының қоспасы екенін айтты.

ХІV – ХVІ ғасырдағы металлургия дами бастады. Алтын, күміс, мысалып, өңделе бастады. Домнашылар шойын балқытты.

Металл құюдың шебері В.Бирингуччо (1480-1539) «Пиротехника» деген тәжірибелік химия түсініктеріне негізделген кітап жазды.Мұнда рудадан металлдар мен құймалар алу, оқ-дәрі және от алғыш қоспа жасау тәсілдері жан-жақты талданды. В.Бирингуччо металдарды қыздырғанда массасы ұлғаятынын байқады. 1530-1550 жылдары Бернар Палисси керамикалық бұйымдарды түсті глазурмен қаптады.

Дәрігер Георгий Агрикола (1494-1555) тау-кен, металлургия ісін зерттеп, тау кен және металлургия туралы 12 кітап жазды.Жүз жылдан астам химиялық технологиядан оқу құралы есебінде пайдаланған



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Р. Глаубердің химия дамуына қосқан үлесі.

  2. Металлургияның дамуы және В.Бирингуччо еңбегі.

  3. «Иатрохимия» ілімінің мәні неде?

  4. «Алхимия» оқулығының авторы кім?

  5. «Иатрохимия» кезеңінің пайдасы.

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

1- бөлім, 22 -23 бет, 28 -29 беттер.

2. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.

І – тарау, 22 -23 беттер.

3. Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии, 1983.



Дәріс №4

Тақырып: Флагистон дәуірінің химиясы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. ХVІІ ғасырдың ІІ жартысында жаратылыстану дамуының жағдайы.

2. Жану және тыныс алу туралы алғашқы түсінік.

Дәріс мақсаты: Металлургияның жану және тыныс алу туралы байланысты ойлардың

дамуы.


Тірек сөздер: Флагистон, Шталь оқулары.

Дәрістің мазмұны:

XVII ғасырда Европада капиталистік өндіріс техника болып дами бастады. XVII ғасырдың зерттеу практикасында эксперименттік әдіс пайда болды.

Біздің жыл санауымызға дейін өмір сүрген ежелгі грек философы Гераклит (530-470) дүниенің бәрі оттан жарлған деді. Платон мен Аристотель жанатын заттардың барлығында от бар, олар жанғанда от жалын түрінде бөлініп шығады деп, Гераклий түсінігін нақтылады. Бойль: - ауасыз жерде жану жүзеге аспайды, металлдар өртенгенде массасы артады деді.Бойльдің замандасы, ағылшын химигі Д.Мэйоудың (1645-1679) ауа құрамында жануға және тыныс алуға қатысатын зат болатыны туралы пікірі есерусіз қалды.

XVII ғасырда жанудың сырын ашатын теория қажет болды.Рудадан металл өндіру, металлдың ауада, өртегенде қаққа айналу себебін білмей, металлургияны жетілдіру мүмкін емес еді.

Осыдан химияның тұңғыш теориясы Флагистон теориясы келіп шықты. «флагистос» - грек сөзі, қысқаша «жанғыш» деген мағынаны білдіреді. Флагистон деген сөзді енгізген. Оның негізін қалаушы неміс химигі Шталь (1700 ж).

Оның пікірінше жанғыш заттардың флагистоны болады. Көмір, ағаш, күкірт тәрізді күшті жанатын заттарда флагистон көп, нашар жанатындарда аз.Жану кезінде заттан флагистон ұшып шығады. Металлды өртегенде флагистон ұшып кетеді де қақ қалады. Металл → флагистон → металл қағы

Рудадан металл қорытқанда кері процесс жүреді.

Металл қағы → флагистон → металл Бұл теория жүз жылдан астам өмір сүрді. Флагистон теориясына қайшы келетін фактілер көбейді.Мысалы: темір қаққа айналғанда одан флагистон бөлініп шыққандықтан оның салмағы кемудің орнына, өсіп шығады екен. Флагистон теориясына ғылыми соққы берген М.В.Ломоносов болды.Бұл теорияның терістілігін кейін Лавуазье толық дәлелдеді.Дегенмен, Энгельстің айтуынша « ....химия флагистон теориясының көмегі арқылы алхимиядан арылды...»



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар.

  1. ХVІІ ғасырдың ІІ жартысында жаратылыс дамуының жағдайы қандай болды?

  2. Жану және тыныс алу туралы ілімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың пікірлері туралы не білесің?

  3. Флагистон теориясының авторы кім?

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

ІІІ – тарау, 41 – 48 беттер.

2 . Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

ІV тарау, 30 -36 беттер.

3. Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии, 1983.

69 -72 беттер.

Дәріс №5

Тақырып: Оттек теориясы.

Қарастырылатын сұрақтар:
ХVIII ғасырдың 70-80 жж Француз ғылымының дамуы.

Оттек теориясы.



Дәріс мақсаты: А. Лавуазье және оның ғылыми зерттеулері мен танысу.

Тірек сөздер: А.Л.Лавуазье оқулары.
Дәрістің мазмұны:

ХVIII ғасырдың 70-80 жж соңында химия тарихында шынайы теория қажеттігі туындады.Бұл теорияны француз оқымыстысы – Антуан Лоран Лавуазье (1743-1794) ұсынды. Ол заң факультетін бітірсе де, физика, химия, математика ғылымдарын үйренуге арнады.Ол өртеу, жану құбылыстарын жан-жақты зерттеп, «от материясы- флагистонның» жоқ екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Ол Оттек теориясын ұсынды. 1777 жылы жарық көрген «Жану туралы жалпы түсінік » деген еңбегінде жану үшін «тіршілік ауасы» (қазіргі оттегі) керек. Металлдар, жанғанда тіршілік ауасымен қосылып, салмағы артады, күкірт, фосфор т.б. қышқылдар түзеді.Лавуазье осы қасиетіне қарай оны «оксигениум» - қышқыл тудырушы деген атауды ұсынды.Ауаның жануды қолдамайтын, тыныс алуға жарамайтын екінші бөлігіне азот-тіршілікке жарамсыз деген ат береді.

Кавендиш ашқан «жанғыш ауаны» гидрогениум (су түзгіш) деп атайды.Лавуазье элемент түсінігін біраз дамытып жаңа сатыға көтерді.Элементтердің тізімін жасап, топтарға бөлді.

Бұл тізімде: 2 флюид- жарық, теплород

3 газ (оттек, сутек, азот)

5 жер (ізбес, магнезия, барит, глинозем, кремнезем)

6 металл емес (күкірт, фосфор, көміртек, мурий радикалы-хлор,

балқытқыш фтор, бура)

17 металл кіреді: Аg, As, Bi, Co, Cu, Sn, Fe, Mn, Hg, Mo, Ni, Au,

Pt, W, Zn

XVII ғасырда элементтер туралы ілім одан әрі дамыды.Лавуазье тізіміне кірген элементтерден басқа теллур, титан, уран, цирконий, хром ашылды.Қышқыл, негіз, тұздар жайлы білім бір жүйеге түсті.Химияның қол жеткен табыстарын баяндайтын химия тілі қажет болды. Химия тілі- бұл символдардан, номенклатурадан, терминологиядан тұратын күрделі құбылыс. Химиялық кітаптарда «алхимия» таңбалары кеңінен қолданылды. Лавуазьенің тапсыруымен француз ғалымдары Ж.А.Асенфранц және П.О.Аде химиялық таңба жасауға кірісті. Ғылыми номенклатура керек болды. Белгілі заттардың саны артқан сайын алхимиктердің де таңбалары да өсіп, бірнеше мыңға жетті.Оның үстіне таңба жасаудың қатаң тәртібі болмаған соң, әр түрлі зат бір таңбамен 1 зат түрліше таңбамен белгіленді.Ол кезде сынаптың 60 түрлі, мыстың 50 түрлі таңбасы болған, оларды есте сақтау қиынға түсті.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар


  1. «Жану туралы жалпы түсінік » еңбегінің авторы кім?

  2. Оттек теориясын алғаш кім ұсынды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет