1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХVI - тарау,
223-233 беттер.
2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХVI - тарау,
255-265 беттер..
№ 10-11 дәріс
Тақырыбы: Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі.
Дәрістің мазмұны:
Химиялық элементтерді оқып - үйренудің әдістемелік негіздері.
Металл еместерді оқыту әдістемесі.
Металдарды оқыту әдістемесі.
Дәрістің мақсаты: Мектеп бағдарламасында химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесімен таныстыру.
Тірек сөздер: химиялық элементтер, галогендер топшасы, оттегі, азот, көміртегі топшалары, негізгі және қосымша металдар.
Орта мектептегі химия курсы мазмұнының маңызды бөлігін химиялық элементтер және олардың қосылыс тары туралы білім құрайды. Оқушыларды химиялық элементтермен таныстырғанда оқытудың жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға жылжитын аса маңызды негіздері қолданылады. Осы негіздерге сәйкес элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену бірнеше кезеңде жүзеге асады: 1) жеке элемент және олардың қосылыстарымен танысу. 2) элементтердің табиғи текстарі жөнінде ұғым қалаптастыру; 3) периодтық заң және периодтық жүйені оқыту; 4) периодты заңдылықтың негізінде элементтерді топ және топшалары бойынша қалыптастыру; 5) химиялық элементер туралы білімді жинақтап қорыту.
Сөйтіп, химиялық элементпен алғашқы таныстыру мына жоспар бойынша жүзеге асырылады: а) химиялық таңбасы және атомдық массасы; ә) табиғатта кездесуі; б) бос күйінде алынуы; в) жайзатының қасиеттері; г) маңызды химиялық қосылысының құрамы және қасиеттері; ғ) қосылыстарындағы валенттілігі; д) халық шаруашылығындағы маңызы.
Осы жоспарға сәйкес оттегі мен сутегінің элементтері оқылып, олар түзетін маңызды қосылыстар су, оксидтер, қышқылдар, тұздар және негіздер туралы білім беріледі. Бұл білім элементтерді оқып - үйренудің екінші кезеңіне негіз болады.
Екінші кезеңде өзара өте ұқсас химиялық элементтердің үш тобы - галогендер, сілтілік металдар және инертті газдар қарастырылады. Периодтық заңдылықты игеруге нақтылы әзірлік жасалады.
Үшінші кезеңде оқушылар барлық элементтердің басын біріктіретін, бірімен-бірін ұштастыратын жалпы заңдылықпен танысады. Периодтық жүйеге орналастырылған химиялық элементтер арасында көлбеу және тік байланыстардың мәнін түсінеді. Элементтердің периодқа, қатарға, топқа және топшаға орналасуының негіздерін әрқайсысының ерекшеліктерін игереді. Химиялық элементерді ашу және жіктеу дамылсыз жүзеге асып, ақырында периодтық заңның ашылғанын біледі. Табиғаттың ұлы заңын ашу үшін танымдық ой өрісі кең, сіңісіп кеткен кертертпа пікірлерге батыл қарсы шығатын ғалым керек болғанын, Д.И. Менделеев осы талаптарға сай келгенін түсінетін дәрежәге көтеріледі. Д.и. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе химиялық элементтерді және оларды оқып - үйренудің теориялық негізіне айналады.
Төртінші кезеңде VІІІ - ІX кластарда топ және топшалар бойынша оқылады. Алдымен ΙΙΙ - ΙV негізгі топшаларда орналасқан бейметалдар, содан соң металдардың жалпы қасиеттері, I - III негізгі топшаның металдары, соңында қосымша топшаларда орналасқан металдарда өтіледі.
Жай заттарды қарастырғанда аллотропия және аллотропиялық түр өзгерістері жөнінде жаңа ұғым қалыптастырылады. Галогендер тобының әлементтерінде аллотропия құбылысы байқалмайды, өйткені атомдардың өзара әрекеттесуінің бір ғана мүмкіндігі бар. Оттегі топшасы элементтері атомдарының сыртқы электрон қабаттарының құрылысы әртүрлі байланысуға мүмкіндік береді. Бұл пікір оттегі және озон молекулаларын салыс тыру арқылы нақтыланады.. Оттегі және озонның құрамын, физикалық және химиялық қасиеттерін кесте түрінде жазып, санның сапаға ауысуы туралы қорытынды жасалады. Бір элементтің бірнеше жай заттар түзу құбылысы - аллотрпия, әр затта аллотропиялық түр өзгерісі деп аталатыны , жай заттардың көп түрлілігі туралы түсінік беріледі. Аллотропия құбылысының күкіртте, селенде, теллурда полонийда орын алатыны, бұл алтыншы негізгі топшаның элементтерніне тән құбылыс екені атап өтіледі. Күкірт атомдарының өзара ашық және тұйық тізбек түзіп байланысатыны, соған сәйкес кристалдық және пластикалық күкірт жай заттарын түзетіні айтылады. Кристалдық күкірттен пластикалық күкірттің алыну тәжірибесі, әрқайсысының құрылысын көрсететін кесте көрнекі көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |