Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



бет118/142
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#30632
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142

Әдебиет:


1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХІV - тарау,
202 -221 беттер.
2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХІV - тарау,
233 -254 беттер

8-9 дәріс


Тақырыбы: Ерітінділер және электролиттік диссоциалану теориясының теңдерін оқыту. (ЭДТ).

Дәрістің мазмұны:


1. Ерітінділермен алғашқы танысуы.
2. Электролиттер теориясының орта мектеп курсындағы орны мен оны оқып
үйренудің методикалық тәсілдері.
3. Электролиттік диссоциалану негізгі ұғымдарын қалыптастыру.

Дәрістің мақсаты: Ерітінділер, электролиттік диссоциация теориясы туралы білімнің қалыптасып дамуы, оны оқыту әдістемесін қарастыру.


Тірек сөздер: Ерітінді, электролиттік диссоциация теориясы, электролит, бейэлектролит, ион алмасу, тұздар гидролизі.
Оқушылар судың еріткіш қасиеті және ерітінділер туралы қарапайым түсінікті табиғаттану курсынан және күнделікті тұрмыстан алады. Ерітіндіден туындайтын ерігіш, еріткіш, ерігіштік, ерігіштік коэффициенті ерітіндінің қанықпасы, қанық ерітінді, қанықпаған ерітінді, сұйық, қою ерітінді ұғымдарын нақтылы қалыптастыру, ерітінділердің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, табиғат және тұрмыстағы маңызын ашып көрсету.
Ерітінділер туралы алғашқы ұғым қоспалар мен ерітінділердің қасиеттерін салыстыратын тәжірибе арқылы қалыптастырылады. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар әр текті қоспалар біраз тұрғанда жеке құрамдас бөліктерге жіктеледі, ерітінділер бір текті және тұрақты деген қорытындыға келеді. Бір тектілігі мен тұрақтылығы – нағыз ерітінділердің аса маңызды қасиеттері.
Еру құбылысымен байланысты негізгі ұғымдардың бірі- ерігіштік. Сапалық жағынан түсіндіргенде ерігіштік дегеніміз- еритін заттың еріткіште біркелкі таралуы. Осы қасиетіне байланысты заттар жақсы еритін, нашар еритін, іс жүзінде ерімейтін деп жіктеледі.
Ерітінді – зат және химиялық реакция ұғымдарынан кейінгі ең маңызды ұғым. Заттардың көпшілігі ерітінді күйнде реакцияға түседі. Өнеркәсіпте, табиғатта және күнделікті тұрмыста ерітінділердің маңызы орасан зор.
Оқушыларды электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудың сарамандықта қалыптасқан екі методикалық тәсілі бар. Бірінші тәсіл- ерітінділердің электр өткізгіштігін сынаудан бастап диссоциациялаудың механизмін түсіндіру, екінші тәсіл – алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастырғанннан кейін ерітінділердің электр өткізгіштігін сынау.
Электролиттік диссоциациялану – қайтымды әрекет- мольдену жүзеге асады. Электролит ерітінділеріне химиялық тепе- теңдіктің заңдылықтарын қолдануға болады.


Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Ерітінділер туралы алғашқы ұғым қашан және қалай беріледі?

  2. Электролиттік диссоциациялану теориясын оқып үйренудің методикалық тәсілдерін сипаттаңдар.

  3. Иондық реакциялармен таныстыру, бекіту және қолдана білуге байланысты жаттығулардың түрлерін және мазмұнын анықтайтын қысқаша жазба жазыңдар. Оны осы тарауда баяндалған, химиялық реакциялар тарауында берілген мәліметтермен салыстырыңдар.

  4. Электролиттік диссоциациялану теориясының тұрғысынан қышқылдар, негіздер және тұздар туралы ұғымның дамуын сипаттаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет