1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, VІІ
тарау, 77 - 84 беттер.
2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық
негіздері. Алматы, 2004, , VІІ тарау, 64-78 беттер.
3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, VІ тарау,
87-119 беттер.
4. Танымдық құрал – химиялық тіл. // Химия мектепте, 2005, №1
№ 13 -14 дәріс
Тақырыбы: Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру.
Дәріс мақсаты: Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің оқу – тәрбиелік маңызын,
түрлері мен өткізу формаларын қарастыру.
Дәрістің мазмұны: Оқушы білімі мен білігін тексерудің оқу – тәрбиелік маңызы.
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру әдістері мен түрлері.
Ауызша тексеру.
Жазбаша тексеру.
Экспериментік тексеру.
Қорытып тексеру және бағалау.
Тірек сөздер: білімді текскру, ауызша сұрау, жазбаша тапсырмалар,
химиялық диктант, тест.
Оқытудың нәтижесiн шығару-оқыту барысындағы аса маңызды бөлiк. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, әдiстерi және ұйымдастыру фортексеру арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тәрiздi бiлiм мен бiлiктi тексеру де үйрену, тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаттарын көздейдi.
Оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексеру арқылы мұғалiм өз iсiне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жiберген кемшiлiктерiнiң себебiн ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына , ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдiстерiне өзгерiстер енгiзедi, жетiлдiредi.
Бiлiмi мен бiлiктi күнделiктi , тоқсандық жылдық және қортынды тексеру арқылы оқушылар кластан класқа көшiрiледi, мектеп бiтiру емтихандарында сыналады. Ата- аналар балаларының үлгерiмi жөнiнде хабар алады. Әр оқушының жетiстiгi ата-анасын қуанышқа кенелетiн болса, кемiстiгi жiне артта қалуы дер кезiнде шаралар қолдануға мүмкiндiк жасайды.
Бақылау ,бағдарлау, үйрету және тәрбие беру мiндеттерiн ойдағыдай жүзеге асыру үшiн бiлiм мен бiлiктi тексеруге бiрнеше талаптар қойылады.
Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтiлген жеке тақырып бойынша әр оқушының бiлiмi нақтылы анықталады.
Тексеру жүйелi және жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиiс . Тексеру үшiн қажеттi дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдiстерi мен түрлерi материалдың мазмұнына сәйкес алдын- ала әзiрленедi.
Тексерудiң оқушыларды ынталандыратын, өз күшiне сенiмiн арттыратын сипаты болуы керек. Оқушылар тексерудiң қажеттiгi мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейiн көтерiлiп, өзiн-өзi бақылайтын, өз iсiне сын көзiмен қарайтын күйге келуi тиiс. Iзгiлiк пен демократияландыру тұрғысынан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бiрi .
Тексерудiң кез келген түрiн қолданғанда оқушылардың бiлiмiне , бiлiгiне және дағдысына қойылатын талаптар ескертiледi, олар қазiргi бағдарламада көрсетiлген. Негiзгi талаптарды химияның теориялары мен заңдарын, деректi және өндiрiстiк материялдарды игеру мәселелерiнiң төңiрегiне топтастыруға болады.
Оқушылар химиялық теориялардың : 1) негiзгi қағидаларын; 2) ашылу тарихын;3)әр қағиданы дәлелдейтiн тәжiрибелер мен деректердi; 4)теорияны өздерi танысатын деректердi түсiндiруге, заттардың қасиеттерi мен құбылыстарды болжай бiлуге пайдаланатын дәрежеге жетуi керек.
Оқушылар әр заңның және ұғымның: 1) мазмұның, 2) өтiлген теория тұрғысынан анықтамасын;3) заң және ұғым тұрғысынан жеке деректердiң және құбылыстардың түсiндiрiлуiн;4) заңның ақиқаттығын дәлелдейтiн тәжiрибелердi;5)ашылу тарихын бiлуi керек.
Оқушылар орта мектпте оқылатын әр заттың табиғатта таралуын , алыну тәсiлдерiн, қасиеттерiн, құрамы маен құрылысын, қолданылуын бiлуi қажет. Химиялық өндiрiске байланысты оқушылар: 1) өнiмнiң құрамын, сипаттамаларын, халық шаруашылығындағы маңызын, 2) шикi заттың құрамын, өндiрiске әзiрленуiн ; 3) өндiрiстiң негiзiне жататын химиялық әрекеттердi;4) оларды жүзеге асыратын негiзгi аппараттарды;5) өндiрiстiк ғылыми негiздерiн бiлуi керек.
Оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексерудiң ең жиi қолданылатын негiзгi түрi жекелеп Ауызша сұрақ қою кезiндегi ең маңызды методикалық мәселе –ненi және қалай сұрайтынын анықтау.
. Мәселен , периодтық заң және периодтық жүйе өтiлгенге дейiн химиялық элементтi сипаттау жоспары:
1)химиялық символы;2) салыстырмалы атомдық массасы;3)түзетiн жай заты;4) жай затының физикалық қасиеттерi;5) химиялық қасиеттерi;6) табиғатта кездесуi; 7) бос күйiнде зертханада және техникада алынуы;8)валенттiлiгi; 9) түзететiн химиялық қосылыстары.
Жазбаша тексерудің артықшылығы аз уақыт ішінде көп оқушының білімі мен білігін, химиялық сауаттылығын, алған білімін қолдану жайын анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімін жазбаша тексеру химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау, ұзақ мерзімді бақылау, баяндама және шығарма түрінде жүзеге асырылады.
Химиялық диктант, көбінесе, химиялық символикаға негізделеді. Оқушылардың бір ұғымды, мәселен, валенттілікті, тотығу дәрежесін, химиялық номенклатураны, химиялық символдарды, формулаларды, теңдеулерді, т.б. қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін жаздырылады. Мысалы: 1) мына оксидтердің формулаларын жазыңдар: калий оксиді, темір (III) оксиді, күкірт (VI) оксиді, көміртегі (IV) оксиді, кальций оксиді; 2) мына заттардың аттарын жазыңдар: Fe3O4, HCl, CuO, NaOH, SO2, H3PO4, (VIII класс); 1) мына элитролиттердегі атомдар мен иондардың заряд шамасын және таңбасын анықтаңдар: H3PO4, AlCl3, Ca(OH)2 ,NaHCO3, 2) суда ерігенде мына иондарды беретін заттардың формулаларын жазыңдар: Fe3+ және Cl-, Ba2+ және OH-,H+ және HSO3¯,Н+ және NO‾3.
Химияны оқыту барысында оқушыларда көптеген эксперименттік біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың тізбесі бағдарламада берілген. Бұларды оқушылардың қалай игергені көрнекі көрсету арқылы тәжірибелер жасату және зертханалық бақылау жұмыстарын өткізу арқылы анықталады.
Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім көрсеткен тәжірибені білімді тексеру кезінде оқушы қайталайды, мұғалім мына мәселерге көңіл аударады және бақылайды: тәжірибенің мақсатын білуі, қажетті заттар мен жабдықтарды таңдап алуы, құралды құрастыруы, тәжірибені жасауы және құбылыстарды бақылауы, құбылысты түсіндіруі және химиялық тілмен жазуы. Қысқаша талдаудан кейін оқушының білігі мен дағдысына баға қойылады.
Оқушылардың білігі мен дағдысын жаппай тексеру бақылау сарамандық жұмыстарында жүзеге асырылады. Тапсырма эксперимент есептері түрінде беріледі. Оқулықты және оқу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Тексерілетін біліктер мен дағдылар: 1) тапсырманы орындаудың жоспарын жасау; 2) есептің теориялық шешуі; 3) қажетті сызбанұсқаларды, құралдың суретін сызуы; 4) керекті жабдықтарын іздеп табуы және тиімді пайдалануы; 5) тәжірибені жасауы, бақылауларын жазу реті; 6) түсіндіруі және қорытынды жасауы; 7) қауіпсіздік ережелерін сақтауы; 8) жұмыс орнын таза ұстауы; 9) жұмыс орнын тәртіпке келтіруі; 10) жазбаша есебі.
Оқушылардың білігін, білімін және дағдысын қорытынды тексеру зачет алу және емтихан қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Химиядан орта мектепте зачет алу елуінші жылдардан бері қолданылып келе жатса да, методикасы нақтылы талданбаған. Ең алдымен әр класта өткізілетін зачет санын және тақырыптарын анықтайды. Екінші кезекте тақырып бойынша тексерілетін білімнің, біліктің және дағдының мазмұны анықталады. Үшіншіден, оларды тексеретін сұрақтар мен тапсырмалардың тізбесі жасалады, бұған жай және мәселелі сұрақтар, сан және сапа есептері кірістіріледі. Төртіншіден, материалдың мазмұнына қарай зачет ауызша және жазбаша өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |