1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, VІІІ - тарау,
92-105 беттер.
2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері.
Алматы, 2004, , VІІІ тарау, 98-109 беттер.
3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, VІІІ - тарау,
120-133 беттер.
№ 15 дәріс
Тақырыбы: Химиядан топсеруен.
Дәріс мақсаты: Топсеруеннің оқу – тәрбиелік маңызын көрсетіп, оны ұйымдастыру және өткізу әдістемесімен таныстыру.
Дәрістің мазмұны: Топсеруенді жоспарлау және ұйымдастыру.
Топсеруенді өткізу әдістемесі.
Тірек сөздер: топсеруен, экскурсия, таным – жорық.
Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі- топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірмен, өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандығымен байланысын жүзеге асырады. Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі.
Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады. Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химия өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады.
Мектептің мүмкіндігіне қарай осы объектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі, бір топсеруеннің мерзімі екі сағаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау, өткізу және қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатын ұйымдастыру және танымдық жұмыстардың барлық түрлері, орындалу мерзімі, тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мұғалім топсеруен объектісімен жан- жақты танысып, оқу – тәрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды, технологиялық әрекеттерді, қондырғыларды дәл анықтап, олармен таныстырудың методикасын анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды.
Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешенді топсеруен бірнеше пәннен – химия, физика, география, биология, тарих, т№б№ ұйымдастырылады. Мұнда бір объект әр жағынан қарастырылып, оқушылар өндіріс туралы жан- жақты мағлұмат алады және уақыт үнемделеді.
Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:
Химиядан топсеруен неүшін керек?
Химиядан топсеруен өткізуде нысандарды таңдап алудың қандай мәні бар?
Топсеруен өткізуге даярлықты қалай жүргізеді?
Топсеруен материалдарын не үшін пайдалануға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |