Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы


Дәрістің мазмұны: Химия кіріспе бөлімінің оқу – тәрбиелік маңызы



бет104/142
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#30632
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   142

Дәрістің мазмұны:

  1. Химия кіріспе бөлімінің оқу – тәрбиелік маңызы.


  2. «Зат, таза зат және қоспа» ұғымдарын қалыптастыру.

  3. Заттың өзгерістері туралы ұғымдарын қалыптастыру.



Тірек сөздер: зат, таза зат, қоспа, химиялық реакция, физикалық және
химиялық құбылыстар.

Химиялық ұғымдарды қалыптастыру тақырыпта берілетін түрлі химиялық түсініктермен қатар, оқушылар ғылыми деректерді, заңдарды меңгереді.
Мысалы, зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары сияқты заңдылықты меңгерумен қатар, оқушының логикалық ой-өрісі дамып, жаңа идеяны қабылдауы, пәнге қызығушылығы артып, белгілі бағытта ғылыми дүние – танымы, соған қатысты материалистік көзқарасы қалыптасады.
Тақырыпты оқып-үйренудің негізгі міндеті төмендегідей: заттар жайлы химиялық түсініктер мен деректердің қалыптасуы; зат қасиеттерінің құрамы мен құрылысына тәуелділігі; қолданылуы; заттардың бір-біріне айналуы нәтижесінде олардың көп түрлілігі; оларды жіктей білу; табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстылығын түсіндіру арқылы химиядан алған білімді қорытындылай білу және атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары арқылы табиғаттағы заттарды танып-білу сияқты процестермен таныстыру.
Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылардың алған білімді игеруі мен лабораториялық тәжірибені орындаудағы икемділік дағдысы едәуір қалыптасып қалатыны анық.
Оқытудың мақсаты мен мазмұнына қарай «Бастапқы химиялық түсініктер» тақырыбын төмендегідей бөліп қарауға болады.
Заттар және олардың қасиеттері. Бұл тақырыптың негізі – молекула-кинетикалық теория. Физика пәнінің кейбір тақырыптары қайта қарастырылады.
Атом. Химиялық элементтер. Химиялық реакциялар. Химияның бастапқы тақырыптары атом-молекулалық ілім негізінде басталады.
Жай және күрделі заттар. Құрам тұрақтылық заңы. Химиялық формулалар. Бұл бөлімдегі тақырыптың мәні – оқушыларға заттың химиялық формуласындағы атомдардың арақатынастарын ескере отырып, олардың массалық мөлшерін есептеуді үйретеді.
Зат массасының сақталу заңы. Химиялық теңдеулер. Бұл тақырыптың мақсаты – химиялық реакция теңдеуін жазудың басты себебін түсіндіреді.
Химиялық реакция типтері. Бұдан бұрын оқылған материалды қайталай отырып, химиялық тәжірибені орындай білудің алғашқы дағдысын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет