Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



бет37/142
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#30632
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Нұғыманұлы. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, «Рауан», 1993, 5-9 бет.



Дәріс № 3 - 4
Тақырыбы: Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымы.
Дәріс мақсаты: Мектеп химия курсы мазмұны мен құрылымы мен таныстыру.
Дәрістің мазмұны:
  1. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі оқу пәні ретінде химияның орны.


  2. Мектеп химия курсын құрудың ұстанымдары.



Тірек сөздер: оқу үрдісі, ғылыми негізі, ұстаным, ғылымилық, жүйелік,
индуктивті, дедуктивті.



  1. Оқу пәндерінің мазмұнын ғылми негіздері деп атайды.

Қазіргі кездегі орта білімнің мазмұны мен құрылымын мынадай төрт жүйеге топтастыруға болады:

  1. Химия негіздері мен химия технологиясының білім жүйелері.

  2. Химиядан білім берудегі іскерліктермен дағдыларды қалыптастыру жүйесі.

  3. Іс жүзінде жинақталған танымдық, қолданбалы тәжірибелер жүйесі.

  4. Қоршаған орта мен арадағы қарым- қатынас жүйесі.

  1. Ұстаным дегеніміз – пәнді құруға және оқытуға негіз болатын қажетті ереже.

Негізгі ұстанымдар:
Ғылымилығы, жүйелігі, түсініктілігі, тарихи ұстаным, көрнектілігі, сарамандылықпен байланысы.
Химияны оқыту методикасының негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген: мазмұнның тұтастығы, ғылыми дәлдігі және құндылығы, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі, көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі, халықаралық стандартпен үйлесімділігі.
Бұлар оқу пәндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру методикасында талданған. Химия ғылымының даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет