Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы


Өзін- өзі тексеретін сұрақтар



бет38/142
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#30632
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   142
Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Химияның оқу пәні ретінде алатын орнын қалай сипаттауға болады?

  2. Химия курсын құрудың ғылыми негізіне не жатады?

  3. Химия курсын құруда қандай ұстанымдар басшылыққа алынады?

  4. Химия курсының мазмұнына нелер кіреді?

  5. Химия курсын құрудағы теориялар мен заңдардың ролі қандай?



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, 1 бөлім,ІІІ тарау

25-26 бет.


2. А. Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы,
2004, 1 бөлім, IV - тарау, 41-42 , 47-48 бет
Дәріс № 5
Тақырыбы: Химиялық ұғымдарды қалыптастыру.
Дәріс мақсаты: Мектеп химия курсындағы маңызды ұғымдармен, олардың әдістемелік
негіздерімен, түсіну түрлерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

  1. Ұғымдарды қалыптастыру үрдісі.


  2. Ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік кезеңдері.

  3. Ұғымдарды меңгеру үрдісі.

  4. Дүниенің ғылыми сипатын қалыптастырудағы химиялық ұғымдардың ролі.

Тірек сөздер: таным үрдісі, ұғым, заттарды жіктеу.
1. Таным үрдісінде теориялық түсініктеме таным теориясы арқылы беріледі. Таным теориясы бойынша танылмайтын заттар – тек құбылыста жоқ әлі де танылмаған заттар ол да ертелі кеш танылады.
2. Ұғымдарды қалыптастыру үш кезеңнен тұрады: бірінші әзірлік кезеңі, ол – қалыптастыратын ұғымның тірегі; екінші кезеңде ұғымның алғаш қалыптасуы іске асырылады; ал үшінші кезеңде ұғымды кейінігі таным үрдісінде қолданумен және көлемі мен мазмұны бойынша оны дамытумен сипатталады.Химиялық заттар, құбылыстар бірімен – бірі тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жете түсінбей, ғылымның мазмұнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Орта мектептің бейорганикалық , органикалық , жалпы химия курсын меңгеруде алғашқы химиялық ұғымдарды жете түсінудің оқу – тәрбиелік маңызы өте зор.
Химияда «зат» деген ұғымның мәні аса кең әрі терең. Барлық заттар өзгеріске ұшырайды. Осы өзгерістер «химиялық құбылыс» немесе «химиялық реакция» деп аталып, жаңа ұғымдар береді. сонымен бірге заттың ұсақ бөлшектері молекула, одан ұсақ бөлшектер атомдар туралы мағлұмат беріледі. Молекула әр түрлі атомдардан құралған күрделі затты түзеді деп қарастырылады. Осыдан кейін «қоспа» және «таза зат» ұғымдарына қайта оралады.
3. Оқушылардың оқу – танымдылық дамуына сәйкес ұғымдарды меңгерудің төрт жолы бар:
1. Жеке ұғымдарды олардың белгілеріне қарай, басқа ұғымдарға байланыссыз меңгеру.
2. Белгілі жүйедегі ұғымдарды жалпы ұғымдар жүйесімен байланысты білім деңгейіне қарай типтік мысалдарға сәйкес пайдалана білу. Ол да еске түсіру деңгейін көрсетеді.
3. Білімнің үшінші деңгейінде біріне– бірі өзара байланыссыз тұтас жүйе құрайды. Білім аса толығып жаңа сапаға ие болады. Ол негізінен сол жүйенің ішінде қайта құрылып, жеңіл белсендіріледі де, оны оқушылар химиялық білімнің белгілі саласына қолданады.
4. Білімнің төртінші деңгейінде дамуы жоғары сатыға көтеріледі де, білім жүйе ішінде қомақты нәруызға айналады. оқушылар білімі осы деңгейде жаңа сапаға ие болып, белгісіз факторларды да болжап айта алатын болады.
Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Таным теориясы тұрғысынан ұғымды қалай түсінеміз?

  2. Ұғымдар қалыптастыру қалай жүзеге асады?

  3. Ұғымда жүйелеудің ролі қандай?

  4. Ұғымға анықтама қалай беріледі?

  5. Ұғым қандай тәсілдермен меңгеріледі?

  6. Дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруда химиялық ұғымдардың рөлі қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет