Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы


Оқыту әдістері туралы түсінік



бет11/38
Дата01.06.2017
өлшемі1,96 Mb.
#17427
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

Оқыту әдістері туралы түсінік.


  • Оқыту әдістерінің жіктелуі.

  • Сөздік әдіс, оның түрлері, қойылатын талаптар.

    Тірек сөздер: Әдіс, метод, түсіндірме – сурет, сөз – көрнекі, сөз- көрнекі- сарамандық.
    Оқыту әдістері дегеніміз-белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мұғалімнің оқышуларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы.

    Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады.Оқытудың әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған.Бұл тұрғыдан қарағанда «химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз- мазмұнның ішкі қозғалысы.Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз- белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары (тәсілдері) деген анықтамаға келеміз.

    Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия обьектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.

    Оқыту әдістерінің жіктелуі.

    Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі.Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме- иллюстративті, іздсстіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тарамдалады.Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз- көрнекі әдістер тобы және сөз-көрнекі-сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.

    1.Түсіндірме- сурет бойынша түсіндіру- жалпы әдістің сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады:

    А) баяндау (дәріс, әңгіме); ә) әңгімелесу ; б) текспен өздігінен жұмыс «Сөз әдістері- тарихи қалыптасқан термин, оны ғылыми тілге негізделген әдістер десе жөн болар еді, өйткені білім жеке сөзбен емес тұтасынан алынған тіл арқылы беріледі.

    Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

    1. Оқыту әдісін қалай түсінуге болады?


    2. Оқыту әдісі қалай жіктеледі?

    3. Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісі тобын қалай түсінесің?

    4. Әңгіме, әңгімелесуге қандай талаптар қойылады?

    Әдебиет:


    1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, IV тарау, 38-46 беттер.

    2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, VІІ тарау, 79-84 беттер.

    3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, IV тарау, 39-46 беттер.


    Дәріс № 9-10

    Тақырыбы: Химияны оқыту әдістері.

    Дәріс мақсаты: Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету экспериментіне қойылатын талаптармен таныстыру. Оқушы эксперименті түрлеріне мақсатына тоқталу.

    Дәрістің мазмұны:

    1. Сөз көрнекілік әдістер.


    2. Сөз көрнекі – сарамандық әдістер.

    Тірек сөздер: көрнекі құралдар, демонстрациялық эксперимент, оқушы эксперименті, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер.

    Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету арқылы баяндау.

    Химияны оқыту барысында алуан түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады, олар 5 топқа жіктеледі:



    1. Заттар мен әрекеттер (заттар, құралдар, құбылыстар);

    2. Көлемді көрнекі құралдар (макеттер, нақпішіндер);

    3. Бейнелеу көрнекі құралдары (суреттер, картинкалар, плакаттар, диапозитивтер, фильдер);

    4. Графикалық көрнекі құралдар (сызбанұсқалар, диаграммалар);

    5. Символикалық көрнекі құралдар.

    Білімнің көзі осы көрнекі құралдар болып табылатын әдістер – көрнекі әдістер, ал сөзбен түсіндірілетіндері – сөзәдістері деп аталады.

    Сөз – көрнекі әдістер ішінде жиі қолданылатыны - тәжірибелерді көрнекі көрсету (көрнекі көрсету эксперименті). Ол: 1) оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдысы жеткіліксіз; 2) эксперимент күрделілігі; 3) эксперимент «қауіпті» болғанда; 4) аз мөлшерлі реактивтер нәтиже бермегенде; 5) уақытты үнемдеу және құрал-жабдық жеткіліксіз болғанда қолданылады.

    Оқу-тәрбиелк міндеттерді орындау үшін көрнекі көрсетілетін экспериментке мынадай талаптар қойылады:


    1. Көрнекілік – көрнекі көрсету зерзаты оқушылардың бәріне көрінуі үшін арнаулы көрнекі көрсететін үстелде және үстелшеде, ірі ыдыстарда жасалады. Жасанды жарық, экран – кодоскоп қолданылады.

    2. Қарапайымдылық – тәжірибе жасалатын құралдардың құрылысы күрделі болмағаны жөн, егер құрал күрделі болса, оқушылардың назары бөлінеді, құбылысты бақылауға кедергі жасайды.

    3. Қауіпсіздік – көрнекі көрсетілетін тәжірибелер оқушылар үшін қауіпсіз болуы керек. Улы заттар түзілетін, қопарылыс беретін тәжірибелерді алдын-ала дайындауға, сақтық шараларын ескеруге жете көңіл бөлінуі керек.

    4. Сенімділік – тәжірибе міндетті түрде шығуы тиіс. Күмәнді болған жағдайда мұғалім алдын – ала ескертуі керек.

    5. Түсіндіру – көрнекі көрсетуді түсіндіру көрнекілікті сөзбен ұштастыру әдістері тұрғысынан шешіледі, ол көрнекі түсіндіру немесе зерттеу сипаты болуы мүмкін.

    Осы талаптарға сәйкес тәжірибелерді көрнекі көрсетудің методикасы.

    1. Тәжірибенің мақсатын хабарлау (немесе мәселе қою). Оқушылар тәжірибенің не үшін қойылатынын, нәтижесінде неге көзі жететінін анық түсінуі керек.

    2. Құралды сипаттау, тәжірибенің жағдайлары, заттардың сипаттамалары.

    3. Оқушылардың бақылауын ұйымдастыру. Мұғалім нені қалай бақылау керегін түсіндіреді, реакцияның белгілеріне көңіл аударады.

    4. Қорытынды және теориялық негіздеу.

    Көрнекі көрсету тәжірибені білім, тәрбие беру және дамыту қызметін сөзбен ұштастырылу тәсіліне тікелей байланысты оның 4 түрлі болуы мүмкін:

    1. Білімнің көзі тәжірибе, мұғалімнің сөзі оқушылардың өздігінен бақылауын бағыттайды;

    2. Екінші жағдайда да білім тәжірибеден алынады, мұғалім құбылыстың тікелей бақыланбайтын жақтарын түсіндіреді, ол үшін оқушылардың бұрыннан бар білімін ескереді;

    3. Сурет бойынша түсіндіру әдісі. Мұғалім алдымен сөзбен түсіндіріп, растау үшін тәжірибе көрсетеді.

    4. Сурет бойынша түсіндіру әдісінің екінші жағдайында мұғалім көрнекі көрсету арқылы түсіндіріп, құбылысты оқушыларға белгілі теория тұрғысынан сипаттайды.

    Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқушылардың сарамандық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Бұған негізінен оқушылар сынақ тәжірибесі, зертханалық тәжірибелер, сарамандық сабақтар, сынақ тәжірибелік есептер шығару, сан есептері мен жаттығулар орындау, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау жатады. Мұның бәрі – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.

    Сынақ тәжірибе оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын тексерудің әдісі ретінде де қолданылады. Сонымен қатар, ол оқушылардың бақылаушылық, ізденушілік қабілетін дамытады, білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіре түсуге, алған білімді іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелейді.

    Көпшілік жағдайда оқушылар заттың құрамы мен қасиеттері жөнінде салыстыру мәліметтеріне үйене отырып, заттарды бірінен – бірін ажырату, қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Орта мектепте химиялық сынақ тәжірибенің төрт түрін қолданады: бұлардың әрқайсысының өзінше жеке методикалық тәсілдері, оған сай мақсаттары бар:


    1. Көрсетілім тәжірибелер

    2. Зертханалық тәжірибелер

    3. Сарамандық сабақтар

    4. Аралас типті сынақ тәжірибелер (сынақ тәжірибелік есептер шығару, практикумдар өткізу т.б.)

    Мұғалімнің іс-әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақыланған тәжірибені мұғалім істегендей етіп орындауға тырысады. Міне, сондықтан қандай сынақ тәжірибе түрі болса да, барлық жағдайда алдымен көрсетілімді тәжірибелер көрсеткен тиімдірек, өйткені оқушылар оны бақылай отырып, өз беттерінше жұмыс істеуге қажетті кейбір жұмыс әдістерін үйренеді. Бұдан курстың барлық тарауларында көрсетілімді тәжірибелер көрсетіп, зертхана және сарамандық жұмыстарды бастаған жөн деген ой тумаса керек. Жеңіл тәжірибелерді оқушылар алдын ала көрсетілімді тәжірибелерсіз – ақ қиналмай орындайды.

    Тәжірибелерді қалай болса солай, олақ, үстірт көрсету оқушылардың ынтасын түсіреді, онда олар зертханалық тәжірибелерге, сарамандық сабақтарға немқұрайлы қарайды, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сақтық шараларын бұзуға мәжбүр етеді.



    Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

    1. Көрнекі көрсетілетін экспериментіне қандай талаптар қойылады?

    2. Оқушылар экспериментінің түрлерін салыстырып сипаттаңдар?

    3. Зертханалық жұмыстардың мақсаты?

    4. Сарамандық жұмыстардың мақсаты?

    5. Сарамандық жұмыстардың түрлері қандай, ұқсастығы мен айырмашылығы.

    Каталог: dmdocuments
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
    dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
    dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
    dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
    dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
    dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет