28. Бактериялар, олардың көбеюі мен таралуы туралы жалпы түсінік 76-тапсырма. Дұрыс жауаптарды қоршап сыз.
1. Бактерияны микроскоп арқылы ғана көруге болады.
2. Бактериялар ауада, суда, мұнайда да кездеседі.
3. Бактериялар адам мен жануарлардың ағзасында да тіршілік етеді.
4. Бактериялар – тірі ағзалар.
5. Барлық бактериялар шаршы пішінді.
6. Бактериялар бөліну арқылы көбейеді.
7. Кейбір бактериялар оттегісіз де тіршілік етеді.
8. Бактерияның споралары 1 күн ғана тіршілік етеді.
9. Барлық бактериялар – паразиттер.
77-тапсырма. Түсіп қалған сөздерді жаз.
Бактериялар – бұлар _______________________________ ағзалар.
Бактериялар ______________________________________ көбейеді.
Паразит бактериялар ___________________________ тіршілік етеді.
Бактериялар жағымсыз жағдайларда _________________ айналады.
Сөздік: спораларға, тірі, бөлінумен, адам, жануарлар ағзасында және
өсімдіктерде.
78-тапсырма. Әріптерді цифрлардың ретімен қой. Тірі ағзаның
атын оқы.