112-тапсырма. Сексеуілдің шөлде өсе алатынын дәлелде. Дұрыс
жауаптарды сызық арқылы қос.
Терең жатқан суға жету үшін
жапырақтың орнына
қабыршақ өседі.
Суды барынша аз буландыру үшін
тамырлары ұзын болады.
44. Лалагүл тұқымдас өсімдіктер. Пияз. Сарымсақ
113-тапсырма. Оқы. Тапсырманы орында.
1. Пиязды қара. Құрғақ қабықтары не үшін керек? Құрғақ қабықтар-
ды шешу оңай ма?
2. Кесілген пиязды қара. Не көріп тұрсың? Шырынды ақ қабықтар –
бұлар жапырақтар.
3. Жапырақтар сабақта өседі. Пияздың сабағын тап. Бұл бадана
түбіртегі – тығыз қысқа сабақ.
4. Сен бадана түбіртегінің астынан нені көрдің? Мұндай тамыр жүйе-
сі қалай аталады?
5. Қорытындыны жаз.
Пияздың пиязшығы топырақта жатады. Пиязшықтың үсті
______________ жабылған. Құрғақ қабықтар пиязшыққа __________
үшін керек. Пияздың ішінде шырынды __________ болады. Жапы-
рақтар бадана түбіртегінен өсіп шығады.
Бадана түбіртегі – _____________.
Бадана түбіртегінің астында ______________ болады.
Мұндай тамыр жүйесі ___________________________ деп аталады.