Түптелмейөскен картоп Түптеліп өскен картоп 118-тапсырма. Оқы.
Отырғызар алдында түйнектерді бір ай жылы жер-
ге қою керек. Бүршіктері өсе бастайды. Түйнекте ақ
нәзік сабақтар пайда бола бастағанда, оны отырғыза
беруге болады. Бұл жағдайда өнім ерте пайда болады.
Неге? Ойлан.
46. Алқа тұқымдас өсімдіктер. Қызанақ 119-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қызанақтың гүлінен кейін не пайда болады?
2. Кетчуп дайындалатын көкөніс өсімдігі қалай аталады?
3. Қызанақты тағы да қалай деп атайды?
4. Қызанақ жемісінен не дайындауға болады?
120-тапсырма. Қызанақтың мүшелерінің аттарын жаз және
нұсқар сызықпен көрсет. Тозаңдану қай мүшеде жүреді? Қоршап сыз.