Жаратылыстану сауаттылығы


Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы



бет7/7
Дата21.10.2022
өлшемі1,74 Mb.
#154441
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жаратылыстану сауаттылы ы

1.2 Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы


1-тапсырма
Энергияның балама көздері дегеніміз – болашақта энергия алудың, берудің және пайдаланудың жиынтығы. Олар дәстүрлі энергия көздері тәрізді кеңінен таралмаған, алайда пайдаланудың тиімді, қоршаған ортаға зиян келтіру қаупінің төмен болуына байланысты қызығушылықты тудырып отырған сала болып табылады.
Сіздің ойыңызша энергияның балама көздеріне нелер жатады? Өз ойыңызды жазыңыз және дәлел келтіріңіз.
2-тапсырма.
Қазақстанда энергияның балама салаларын дамытуға қолайлы аймақтар бар ма? Осы аймақтарды атаңыз және негіздеме келтіріңіз.
3-тапсырма. Энергияның балама салаларын дамыту не үшін қажет деп ойлайсыз?
4-тапсырма.
Кейбір жанартаулық тау жыныстарында көптеген бос қуыстар болады (1сурет).

1-сурет – Жанартаулық тау жыныстары
Бұл бос қуыстар қалай пайда болған?
А. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, жәндіктер оның ішінен шұңқырлар қазған. В. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінде газ көпіршіктері бөлініп
шыққан.
С. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, оған жаңбыр тамшылары тамған. D. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінен кішкентай тастар түскен.
5-тапсырма.
Дүние жүзінің ең ірі гейзерінің бірі – Эксельсиор гейзері АҚШ Йеллоустон паркінің кереметі болып саналады. Оның су бұрқағы жағасы шың құзды және/немесе жартасты болып келетін көлдің ортасынан жоғары қарай атқылайды.
Гейзердің атқылауы барысында болатын құбылыстарды суреттеңіздер.
6-тапсырма.
Америка Құрама Штаттарында жылына 640 ретке дейін болатын құбылыс бар. Ол құбылыс жазықтықтық Техас, Оклахома, Канзас, Небраско штаттарында жиі байқалады. Аталған штаттарда өмір сүретін адамдар табиғаттың бұл апатты құбылысынан жасырыну үшін өз үйлерінде қорғаныс баспаналар салады.
Бұл құбылыс қалай аталады?
7-тапсырма. Аласа таулы өлкелер
Гүлжан еліміздегі аласа таулар туралы деректер жинап, аласа таулардың биіктіктерін кестеге енгізді (4-кесте).
4-кесте – Таулардың биіктіктері

Таудың атауы




Биіктігі

Қызылтас

1283 м




Қызыларай

1565 м




Кент

1415 м




Қарқаралы

1403 м




Баянауыл

1026 м




Гүлжан жинақтаған деректерін диаграмма түрінде көрсетпекші болды. Диаграмма салуды аяқтаңыздар (2-сурет).

2-сурет – Диаграмма

5-кесте – Топырақ түзуші факторлар



Жер бетінде ғажайып материк бар. Оның ғажайып болу себебі келесіде: егер саяхатшы кемемен осы материктің жағалауымен батыстан шығысқа қарай жүзсе, үш мұхитты кесіп өтеді. Бұл материкте солтүстік пен оңтүстік орындарын «ауыстырады». Сонымен бірге бұл жерде адам теңіз бен құрылықты айыра алмайтын күйге түседі.
Сұрақ: бұл қай материк?
Қандай үш мұхитты жүзіп өту керек?
Неліктен оңтүстік пен солтүстік бір уақытта орындарын ауыстырады? Неліктен бұл жерде теңіз бен құрылықты айырып алу қиындық туғызады? 11-тапсырма.
Бұл бұғаз бір уақытта бірнеше қызмет атқарады: екі мұхитты және екі теңізді жалғастырады, екі материкті, дүниенің екі бөлігін, екі түбекті, екі мемлекетті бөледі.
Сұрақ: бұл қай бұғаз?
Бұл бұғаз жалғастыратын (қосатын) және бөлетін нысандарды жұпжұбымен жазыңыздар.
Екі мұхит –
Екі теңіз – Екі материк – Дүниенің екі бөлігі –
Екі түбек –
Екі мемлекет –
12-тапсырма.
Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың «ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.
Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады?
Астана қаласына осынша жауын-шашын мөлшері қанша уақытта түсетінін есептеңіздер.
Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді білесіздер, атап шығыңыздар.
13-тапсырма.
Солтүстік Америкада радиодан және теледидардан мысалда келтірілгендей ұсыныс-хабарлама жиі болады. Мысал: егер сіз үйде болмасаңыз және жақын жерде ешқандай баспана болмаса – жақын жердегі арыққа немесе ойпаң жерге етпетіңізден жатыңыз, басыңызды қолыңызбен немесе қалқан бола алатын затпен жабыңыз. Егер сіз машинада болсаңыз – жүріп кетуге тырыспаңыз, машинадан түсіңіз және жақын жердегі орға жатыңыз. Егер сіз үйде болсаңыз терезеден, есіктен және үйдің ішкі қабырғаларынан алшақ тұрыңыз, үйдегі жертөлеге тығылыңыз. Жылжымалы үйде, шатырда болсаңыз, одан шығып неғұрлым сенімді баспана табуға тырысыңыз.
Аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, адам өзінің өміріне төніп тұрған қауіпті және жарақат алу қаупін азайтуына болады.
Сұрақтар:

  1. Бұл ұсыныстар қандай табиғи құбылыс барысында маңызды болып табылады?

  2. Бұл құбылыстың нәтижесінде болатын зардаптар немен байланысты?

  3. Бұл құбылыс туралы не білесіздер?

  4. Жер шарының қай аймақтарында жиі байқалады?

  5. Қазақстанның жекелеген аймақтарының халқы үшін бұл ұсыныстардың маңызы бар ма? Маңызы бар болса, онда қандай аймақтар үшін? Себебін атаңыздар.

25-тапсырма. Күн жүйесі
Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уранжәне Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011кометаданжәне толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.
1-сұрақ. Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты? 2-сұрақ. Планеталар қандай топқа бөлінеді? 3-сұрақ. Қандай планеталар Күнге жақын орналасқан?
26-тапсырма.
Т емір жол
Саңылау
8-сурет – Темір жол
Темір жолдарға металл рельстерді салғанда олардың қосылатын жерлеріне саңылаулар қалдырылады (8-сурет). Неліктен?
Төменде берілген жауаптардың қайсысы дұрыс? А. Металл рельстер ыстық күндері ұлғаяды.
В. Металл рельстер суық күндері ұлғаяды.
С. Металл рельстер саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық күйге ауысады. D. Пойыздар жүрген кезде металл рельстер тербеліске ұшырайды.
-тапсырма. Жер сілкіну.
Деректі фильмде жер сілкіну және олардың қалай болатыны туралы айтылған. Сонымен қатар фильмде жел сілкінуді алдын ала болжауға болатындығы туралы пікірталас жүргізілді. Геология саласының маманы: «Алдағы 20 жылды Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы үш жағдайдың екеуін құрайды» деген пікір айтты.
1-сұрақ. Келесі пайымдаулардың қайсысы геологтың пікірін дұрыс сипаттайды?
А. Үстіміздегі жылды есептегенде 12 жыл өткеннен кейін немесе 13-ші жылы Х қаласында жел сілкіну болады.
В. 23 саны 12 санына қарағанда үлкен, сондықтан алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болатынына сенімді болуға болады.
С. Жер сілкіну болмауы ықтималдығына қарағанда, алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы басымырақ.
D. Жер сілкінудің қашан болатынын ешкім білмегендіктен, оның болатынын айту мүмкін емес.
2-сұрақ. Жер сілкінуді болжауға бола ма? Ия/жоқ.
3-сұрақ. Жауабыңыз «ия» болған жағдайда мысалдар келтіріңіз және өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
4-сұрақ. Жауабыңыз «жоқ» болған жағдайда өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
9-тапсырма. Жанартау.
Жанартау (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары (32сурет).
Жанартау атқылаған кезде оның терең магмалық ошақтарынан жер бетіне ыстық қоймалжың лава, газ және бу атқылайды.

32-сурет – Жанартау
1-сұрақ. Жанартаудың атқылауынан болатын зардаптарды атаңыздар.
2-сұрақ. Жанартаудың әрекетін шаруашылықта пайдалану жолдарын ұсыныңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет