Жаратылыстану негіздері пәні бойынша глоссарий Жаратылыстану – табиғат туралы ғылымдар жүйесі.
Дәл жаратылыстану – бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым).
Ғылымның дифференциясы-қайсы бір ғылымның тар салаларын жасау.
Ғылымның интеграциясы – күрделі ғылыми проблемалардың пайда болуына байланысты ғылымдардың жақындасуы мен байланысы.
Парадигма – осы күнгі типтік немесе базалық схема, мәселелерді қоя білу мен шешу үлгісі.
Астрономиялық өлшем – аспан денелерінің арасындағы қашықтықты өлшеу бірлігі. Ол Жер мен Күннің арақашықтығының орташа шамасына тең – 150 млн шақырым. Галактика- жүздеген миллиард жұлдыздардан және ондаған немесе жүздеген мың жарық жылдарына тең диаметрі үлкен жұлдызды жүйелер.
Мегамир – астрономиялық зерттеу жасауға мүмкіншілік бар жалпы Бүкіләлемнің материалдың үлкен бір бөлігі.
Макромир-адам өмір сүріп, іс-әрекет жасайтын және өзінің сезім мүшелері арқылы танымды қабылдайтын жалпы әлемнің бөлігі.
Микромир- адам өзінің тікелей байқауы арқылы таным жасай алмайтын жалпы әлемнің бөлігі.
Геомоцентризм - Әлемнің ортасында Күннің тұратынын, ал жұлдыздардың оны айналып жүретінін сипаттайтын концепция.
Геоцентризм - Әлемнің ортасында Жер тұрғанын, ал Күнмен жұлдыздардың оны айналып жүретінін сипаттайтын концепция.
Геоид – мұхит суының тыныштық қалыптағы орта деңгейінің бетіне сәйкес келіп, құрлықтардың әр нүктеде тік сызықтық бағытын 90º пен қиып өтетіндей ойша жүргізлетін жердің математикалық фигурасының аты.
Синергетика – табиғаты әр түрлі кіші жүйелерден тұратын үлкен жүйелер туралы ғылым жәй жүйелердің өзін-өзі құру мен хаостан үйлесімді жүйенің орнығуы туралы ғылым.
Синергизм - өзара әсер ету, бір-біріне ықпал жасау.
Өзін-өзі құру – бір текті ортада белгілі бір үйлесімділіктің, пайда болып, оның құрылымының әрі қарай дамып, күрделіне түсуі.
Ашық жүйелер – қоршаған ортамен заттармен энергиямен және информациямен алмасып тұратын жүйелер.
Бифуркация –(лат)-жүйе дамуының көрсететін графиктің белгілі бір нүктесіндегі екілену (жан-жаққа тарау).
Адрондар – күшті әрекеттесуге қатысатын бөлшектердің жалпы аты.
Атом-ядро мен электрон қабатынан тұратын микроәлемнің құрылымдық элементі.
Квант – қандай да бір бөлшектің бөлінбейтін порциясы.
Масса – дене инерциясы мен оның гравитациялық қасиеттерінің сипаты.
Термодинамикалық әдістер – бұлар реакцияның химиялық тепе-теңдігінің ауысуына ықпал ететін әдістер.
Кинетикалық әдістер – бұлар реакцияның жүру жылдамдығына ықпал жасайтын әдістер.
Гендер мутациясы - өте күшті сыртқы әсердің нәтижесінен нақты хромосомадағы гендердің тікелей өзгеру механизмі
Ноосфера – ғаламшарымызбен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігі.
Ғылыми мектеп - өз ортасында сыйлылығы жоғары ғалым басқаратын белгілі бір ғылыми бағыты бар ғалымдар тобы.
Білім – тәжірибемен дәлелденген танымның нәтижелері, ғылыми шешімдер.
Табиғат – 1) өзінің көріністерінің шексіз әртүрлілігімен байқалатын бізді қоршаған орта; 2) Жаратылыстанудың зерттеу обьектісі; 3) Адамзат қоғамының табиғи өмір сүру орталығының жиынтығы; 4) Заттардың мағнасы (фил).
Мәдениет – адамның іс-әрекетін, жүріс тұрысы мен қарым-қатнасын бағыттайтын және адамзаттық іс-әрекетінің әр түрлі жоғарғы жетістіктерімен көрінетін қоғамдық маңызды ақпарат.