Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет68/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Резюме 
В данной статье определены профессиональные особенности и психологической службе педагога-психолога 
современной школы. 
 
Summary 
The features school psychologist professional services. In this article is said about the differences of psuchlogical work. 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
76 
ДӘСТҤРЛЕР ЖҤЙЕ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ 
 
Е.Е. Оспанкулов – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқытушысы 
 
Бізді  жақсы  баға  түріндегі  биік  нәтижелер  ғана  емес,  оқыту  процесіндегі  биік  мақсаттарға  жету 
жолында алынған білім мен дағдылар қобалжыту керек.  
Білім  беру  мен  тәрбиелеу  процесті  биік  дәрежеге  кӛтеру  жолында  жүргізілетін  ізденіс-зерттеу 
жұмыстары аяқтамағандықтан әлі нүкте қоюға болмайды. 
Соңғы  жылдары  бүкіл  елімізде  «Бастауыш  әскери  дайындық»  пәнін  оқытуда  патриоттық  тәрбие 
беру мәселелерін шешу мақсатында оқушылардың болашақ әскери қызметке психологиялық даярлы-
ғы кең ӛріс ала бастады.  
Мектептерде бастауыш әскери-патриоттық тәрбие беруге аса кӛңіл бӛлініп, түрлі іс-шаралар жүр-
гізілуде. Оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелерге баулудың психологиялық-педагогикалық жол-
дарының бірі ол – дене тәрбиесі сабағы мен бастауыш әскери дайындық сабақтары екені белгілі. Осы 
екі  аралық  байланыс  мектеп  қабырғасында  жоғары  сатыда  ӛту  керек  деп  білеміз.  Осы  мәселенің 
сұрақтарына енді жауап тауып кӛрейік.  
Біріншіден, мектеп оқушылары дене тәрбиесі сабақтарында алғашқы рет дене жаттығуларымен, 
спорт түрлерімен, ұлттық ойындарымен танысады.  
Алғашқы дене тәрбиесі сабағында бала дәріс алу кезінде дене шынықтырумен шұғылданған адам 
күшті, жігерлі, жылдам,  шыдамды және т.б. қасиеттерді меңгеруі керектігін түсінеді. 
Осы атап айтқан қасиеттерді дамыту жолдары мен дамыту әдістері дене тәрбиесі сабағында жүзеге 
асырылады. Ал ер балалар 10 сыныптан бастап бастауыш әскери дайындық пәнін оқу кезінде бола-
шақ азаматтық борышын Отан алдында ӛтеуі жӛнінде мағлұмат алады.  
Сол бастауыш әскери дайындық пәнінен берілетін дәрістерден оқушылардың тұрғыда патриоттық 
сезімдерін ояндыру және әскери қызметке психологиялық даярлау міндеттері мен мақсаттары жүзеге 
асырылатыны  айқын.  Ә.Айтықов  «Оқушыларды  патриотизмге  тәрбиелеу»  деген  еңбегінде  «Сабақ 
процесінде  оқушылардың  психологиясына,  сана  сезіміне  әсер  етудің  педагогикалық  және  психоло-
гиялық принциптері басшылыққа алынуы тиіс» – деп кӛрсетеді.  
Сондықтан да дене тәрбиесінің жүйесінің белгілі негізгі бағыттарына сүйенсек олар жалпы дене 
тәрбиесі; кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, осылардың ішінде екінші бағытқа бет бұрсақ кәсіби бағы-
ты бар дене тәрбиесі оқушының таңдап алған спорт түрін табысты меңгеруге және сол салада жоғары 
шеңберлікке  жетсе,  сонымен  бірге  әскер  қатарында  қызмет  етуге  дайындық  сабағында  қабылдаған 
дәрістер іс жүзіндегі тапсырмалар мен жүктемелерді, әскери қызмет кезінде болатын түрлі қиыншы-
лықтар мен ауырлықтарды жеңіл меңгереді. 
Дене  тәрбиесі  жоғарғы  сынып  оқушылары  ер  балаларының  дене  қасиеттерін  дамыту  процесінде 
бірыңғай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады: жаттығулар мен жүктемелерге саналы кӛзқарас, 
жаттығуларды орындауға белсенді қатысу, ұжымшылдық, ақыл-ой қабілеттілігі, тәрбиелік, дене мүм-
кіншіліктерін дамыту және т.б. қағидалар мен қасиеттер.    
Ер  балалар  мектеп  қабырғасында  сапалы  және  болашақ  ӛмірде  керек  қимыл-қозғалысты  жақсы 
және дұрыс меңгерген жағдайда ғана Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қандай да түрле-
рінде болмасын денсаулығы жақсы, дене қасиеттері мен қабілеттері жоғары жауынгерді кӛруге бола-
ды. Қазіргі кезде әскер қатарына шақырылатын кӛптеген жасӛспірімдер алғашқы дәрігерлік анықтау 
комиссиясынан денсаулықтары нашар болуымен қатар түрлі ауруға шалдыққан күйде кездеседі. Осы 
жағдайларды алдын алу шаралары мен шешу жолдары мектеп қабырғасында дене тәрбиесі мен баста-
уыш  әскери дайындық  сабақтарын  байланыстыра оқыту  қолға  алынғанда  дұрыс  болады  деп  ойлай-
мыз. Дене тәрбиесі сабақтары алғашқы сыныптардан бастап тӛмендегідей талаптарға сүйену керек:  
-  оқушыларды дене жаттығуларымен белсенді айналасуға қызықтыру
- дене тәрбиесі сабағын ғылыми негізде ӛткізу және т.б.  
Әскерге шақырылуға дейінгі психологиялық даярлық проблемалары барлық педагогикалық ұжым-
ның соғыс ардагерлерінің, әскери бӛлімшелердің, ағарту саласында жұмыс істейтіндердің және оқу-
тәрбие  жұмысына  ӛзге  де  белсене  қатысушылардың  кӛп  күш  жұмсағанында  ғана  шешілуі  мүмкін. 
Дене  қабілеттерін  жетілдірудің  типтік  құралдарына  шапшаңдыққа  жугіру,  дала  жарысы,  шаңғымен 
жүру, снарядтардағы және денеге кӛп күш түсіретін жаттығулар жатады. Кедергілер алабына орында-
латын жаттығулар ерекше маңызға ие. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
77 
Бастауыш  әдістемелік  дайындық  сабағында  «кедергілер  алабынан»  ӛту  үшін  оқушының  дене 
қасиеттері жан-жақты даму керек, мысалы: жылдамдық, икемділік, күш ептілік т.б. қасиеттері. Дене 
тәрбиесі  мен  Бастауыш  әскери  дайындық  сабақтарындағы  пән  аралық  қатынас  пен  байланыс  ӛте 
тығыз болған жағдайда, осы жоғарыда аталған қасиеттерді дамыту жүзеге асырылып отырады.  
Осы екі пән аралық қатынас пен байланыс ӛте тығыз болған жағдайда болашақ әскер қатарындағы 
қызмет  ететін  азамат  пен  жұмысшыны,  қоғамның  салауатты  мүшесін,  ӛкілін  тәрбиелеуде  алғашқы 
қадамынан бастап керек деп есептейміз. Бұл міндеттер жастарды тәрбиелеудегі ең басты мақсат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет