Резюме
В статье рассматриваются биомеханика ходьбы с точки зрения динамической анатомии, как основной вид
строевой подготовки воина.
Summary
The article considers the biomechanics of walking in terms of the dynamic anatomy, as the main type of drill warrior.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Л.Т. Койышбаева – магистрант, ҚазМемҚызПУ
Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет
пен мәдениетті ӛркендету бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылып, жаңа оқу бағдарламала-
ры мен оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар жасалып, мектеп пен балабақша ӛміріне енгізілді. Мұн-
да кӛзделген ең басты мәселелердің бірі – болашақта қоғам мүддесін ӛтеуге қабілетті, жан-жақты
дамыған, ӛз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру.
Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтің
жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің
тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі.
Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012
жылғы жолдауында педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік
білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушылардың біліктілігін арттыруға талап-
тарды күшейту қажет екендігін айтып ӛтті. Әр ӛңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интегра-
цияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс [1].
Педагогикалық технология туралы бұндай кӛріністер былай анықталады: ӛте жоғары деңгейде
теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық тех-
нологияларды дайындау мүмкіндіктері және мақсатқа сай педагогикалық технологияларды ӛзіндік
таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің ӛзара байланысты мүмкіндіктерімен
және шарттарымен байланысты. Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігі-
не жеткізетін ғылыми жобалау және нақты ӛндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе
принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бӛлі-
неді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педа-
гогтің тұлғасын толық кӛрсететін жинағы ретінде қарастырылады, яғни кез-келген педагогикалық
тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың
кӛмегімен тиімді шешіледі. Н.Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбие-
лік жұмысқа қатысты болады және ӛзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагоги-
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
82
калық технология бұл кӛзқарастан – бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жат-
қан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғары руханилығы деңгейін-
де қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақ-
ты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интелектуалды, кәсіптік
адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа кӛптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигі-
зеді, ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі. Оқу іс әрекетінде
қолданылатын әдістер кӛмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білі-
мі меңгеріледі. Педагогикалық технологиялардың ішіндегі қазіргі таңда жаңадан қолданысқа енген
инноватциялық технологияларды қарастырайық. «Инновация» түсінігін ағылшын тілінен аударғанда
«жаңалық енгізу», «жаңашылдық» ұғымын білдіреді.
Инновация – педагогикалық технология – мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын
үнемі жаңалау, жүйелендіру, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану заман талаптарынан туындап, болашақ
мамандардың даярлығын жетілдіруді кӛздейді [2].
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне
қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл. Егер “іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әре-
кеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мӛлшермен берілсе, жаңа педаго-
гикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың ӛзінен күтіледі. Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар,
әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке эле-
менттерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. XXI ғасыр табалды-
рығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен
үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас
ұрпаққа сапалы, ӛнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Оқушыларың қазіргі
қоғам үрдісіне сай инновациялық технологиялармен білім беру негізінде меңгеру қажет. Бүгінгі күні
білім беру мекемелерінде теориялық және практикалық жұмыстардың әр түрлі педагогикалық-иннова-
циялық технологияларының нұсқалары қолданылуда. Ауқымды инновациялық технология нақтылы
жүйе мен жіктелуді керек етеді. Осы мәселемен А.Я. Савельев, В.М. Максимов, Г.К. Селенко және т.б.
ғалымдар айналысты. В.М. Максимов ӛзінің зерттеулері бойынша келесі жіктеулерді ұсынды: құры-
лымдық логикалық технология (қазақ тілі сабағында логикалық тапсырма беру арқылы), интеграция-
лық технология (әр түрлі пәндік білімдерді бір-бірімен байланысты – қазақ тілі пәні мен басқа пәнді),
ойындар технологиясы (сабақта ойын ойнату арқылы), тренингтік технология (психологиялық тренинг-
тар), ақпараттық технология (оқушыларға қазақ тілінде немесе шетел жаңалықтарын үйде ақпарат
хабарлар дайындап келу немесе сабақтың үстінде бекітілген уақытта топпен, жекелеме, сыңармен бері-
летін тапсырма), диалогтық технология. Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәр-
бие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл,
ӛз бағытымен жұмыс істей алатын тәрбиеші қалыптастыруға бағытталады.
Жаңа технологиялардың білім кеңістігіндегі ассимиляциясы ақпараттық технологиялардың мыса-
лымен байқалады. В.П. Беспалько «технологиялау тек оқу процесін компьютермен қамтамасыздан-
дыру ғана емес, компьютердің барлық мүмкіншілігін пайдаланудың шегіне жеткізетін жаңа сапа».
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық
және де басқа кӛптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие
үлгісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі [4].
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспар-
ларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбие-
нің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер кӛп болды. Мысалы: 20
жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді
жаңашыл мұғалім Н.П. Гузик ӛзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталовтардың жаңашыл-
дық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Инновация-
лық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту [3].
Озат педагогикалық тәжірибе сӛзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе –
мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие
тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принцип-
|