Жас ерекшелігі психологиясы



бет114/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   129
Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

Іскерлік ойындар әдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады.

Жалпы алғанда іскерлік ойындардың мәні әр түрлі жағдайларда қатысушылардың өздері алдын-ала берілген ережесі бойынша басқару шешімдерін ойын жолымен таңдауға келіп саяды,- дейді іскерлік ойын әдісін тәжрибеден өткізіп, насихаттаушы Е.А.Хруцкий.

Іскерлік ойын бұл жағдайда студенттердің өздеріне өзге маман (мұғалім, оқу ісінің орынбасары, білім беру департаментінің инспекторы) орнына қойып, соларша ойлап, соларша әрекет етіп, солардың атынан талдау жасаумен тиімді. Сондай-ақ, студенттер басқа әдістердегідей емес, өздері көзбен көріп, қолмен қойған әрекеттерге талдау жасады. Бұл олардың мақсаты ойлау дағдысын, ынтасын, байқау, бақылау қабілеттерін ұштайды. Салыстырмалы түрде алғанда ішкі белсенділікті арттыру әдістерінің ішіндегі екінші бір жаңа әдіс-тренинг. Бұл әдіс Батыста психокоррекциялык жұмыстарды ұйымдастыруда кеңінен танымал. Аталмыш әдіс мазмұны жағынан іскерлік ойындарды еске түсіреді. теория шығаруға негізделеді.

Тренинг өткізу де оқытушыдан үлкен дайындықты талап етеді:

1) тренингтің сценарий-жоспарын дайындау.

2) тренинг өтетін тақырып бойынша студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)

3) оқушының өзін-өзі дайындау (мәселені қою, жауаптар мен пікірлерді қабылдау, таласты мәселені драмалық тұрғыдан жандандыру, оқушы жауапбының мәнін ашуға жетекші сауалдар қою, дұрыс емес жауапты бағалау, тренинг барысындағы студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын-ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)

4) қатысушылыр арасында рольдердің бөліп беру. Қатысушының бәріне бірдей роль ұсыну міндет емес. Үштен бір бөлігі бақылаушы, сыншы сияқты қатысуға болады.



Әлеуметтікпсихологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.

Мұнда әдеттегі студенттің оку тобы әр алуан әлеуметтік – психологиялық құбылыстардың көрнекі моделіне айналады. Яғни айтқанда, олардың оқып үйренетін және тәжірибе жасайтын зерттеу полигоны оқытушының ауызша қойған шешуі сан қилы көкейтесті сауал емес, өздерінің өзара әрекеттерінен туындаған психологиялық жағдайлар. Міне, сондықтанда әлеуметтік психологиялық тренингтерді әлеуметтік психологияны ақиқат дүниеде, шынайы әрекет негізінде меңгертуге бағытталған теорияның өмірінен үндескен әдістер деп бағалаймыз. Іскерлік ойындардың ғылыми теорияда практакалық әрекетті пайдалануға, ол, тренингтің психология теориясын практикалық ситуацияларда өміріміздегі жағдайлар баламасы ретінде қолдануға үйренетіндігіне тағы бір мәрте көз жеткіземіз.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет