Жас ерекшелігі психологиясы


Жас ерекшелігі психологиясының теориялық және практикалық мәселелері



бет26/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   129
Жас ерекшелігі психологиясының теориялық және практикалық мәселелері.

Жас ерекшелігі психологиясының негізгі мәселелеріне балалардың психикалық, қарым-қатынастық дамуы,ағзаның анатомиялық-физиологиялық дамуы немесе сыртқы ортаның әсерінен даму барысы жатады.Біріншіден ағзаның даму деңгейі оның анатомиялық құрылысына байланысты.Егер ағзада аномалия болса, адамның психикалық дамуына кедергі келтіреді немесе ми дамуында кемістік болса психикалық процестердің даму барысында ауытқулар мен өзгерістер болады.Екіншіден ағзаның психикалық дамуы және «мен» бейнесінің дамып,қалыптасуы қоршаған ортаға байланысты.

Екінші мәселе балаға оқу мен тәрбиенің ұйымдастырылуы.Ұйымдасдасқан оқу мен тәрбиенің сапалы түрі арнайы мемлекеттік оқу орындарында жүзеге асады. Ол отбасынан басталып, ЖОО –на дейін жалғасады.

Үшінші мәселе, болашақ пен қабілеттіліктің байланысы.Оған баланың қабілеті мен болашақтағы өмірлік жасының сәйкес келуі жатады.

Төртінші мәселе, ол революциялық,эволюциялық,ситуациялық өзгерістердің адам ағзасының дамуына қайсысының әсерінің басым екендігі жатады.Қай кезеңде болмасын қайсысының біріншісі жай, екіншісі аз уақыт ішінде, үшіншісі терең емес даму әсері күшті сол мәселеге байланысты болады.

Бесінші мәселе, баланың жалпы психикалық дамуында интеллектуалдық және жеке өзгешеліктерінің байланыстары жатады.Оны баланың жас ерекшелік кезеңі немесе интеллектуалдық деңгейі анықтайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістерімен сипатталады. Балалардың психикалық дамуында

жеке дара елеулі ерекшеліктер болады.Бұл айырмашылықтар ең алдымен психикалық дамудың қарқынына байланысты. Балалар даму қарқынындағы айырмашылықтармен қатар, жасы өскен сайын жеке-дара психологиялық сапалардағы: қызығуларындағы, мінез-құлық белгілеріндегі, қабілеттеріндегі – айырмашылықтар пайда болып, дами түседі. Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады:

1) оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;

2) игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;

3) жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы;

Дамудың бұл бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы бірге болғанда ғана психикалық даму деп аталатын жеке адамның даму процесін құрайды.

Психикалық даму барысында пайда болған және жаңа қажеттер мен қызығушылыққа итермелейтін, сондай іс-әрекеттің жаңа түрін игеруге бастайтын қайшылықтар психикалық дамудың қозғаушы күштері болып табылады. Психикалық дамудың әр кезеңіндегі балалар бірінен-бірі психикалық сапалары әр тұрлі болғандығымен емес, оларда тәрбие мен оқытудың белгілі жағдайына

әр түрлі сапалар қалыптаса алатындығымен өзгешеленеді,ал жас шағының психологиялық мінездемесі алдымен баланың осы жас шағында жасауға болатын қажет психикалық сапаларын анықтаудан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет