Жас ерекшелігі психологиясы


Өзін - өзі тексеру сұрақтары



бет27/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Жас ерекшелігі психологиясының зерттейтін аймағы?

2. Адамның дамуы қандай бағыттарда қарастырылады?

3. Адам дамуына әсер ететін факторлар?

4. Жас ерекшелігі психологиясының теориялық мәселелері.

5. Жас ерекшелігі психологиясының практикалық мәселелері

6 .Психикалық даму ерекшеліктері.

7. Психикалық дамудың қозғаушы күштері қандай

8. Тұлғалық дамуға не жатады?
Даму туралы түсінік және қозғаушы күштер.

1. Даму туралы түсінік.

2. Адам дамуының мәселелері.

3. Психикалық дамудағы дағдарыс ұғымы.



Мақсаты: Даму ұғымына анықтама беру,даму психологиясының зерттеу аймағымен, даму мәселелерімен таныстыру.Дағдарыс ұғымын түсіндіру.

.

«Даму» терминімен адамның денесі мен мінез-құлқының ағзаның биологиялық нышандарының және оның ортамен өзара байланысы арқылы уақытпен қатарласа жүретін өзгерістерін анықтайды .Әрбір адамның психологиясы көрінісі қайсысы генетикалық құрылым әсерінен болса,ал қайсысы адам өмірінде болып жатқан күнделікті құбылыстар нәтижесі. Даму ұрықтан баста



лып ,бүкіл адам өмірінің дамуымен жалғасады.

Жас ерекшелігі психологиясы мақсаты – бүкіл өмірлік жолында адам дамуының тенденциясын, заңдылықтарын,процестерді басқа ғылым салаларының зерттеулеріне сүйене отырып, қарастыру, адам дамуына ықпалын тигізетін биологиялық, антропология-

лық,әлеуметтік,психологиялық факторларды ескере отырып, оның ағзасын барлық жастық кезеңде, стадиясында зерттеу болып табылады.Біздің кім екенімізді, әлемге қандай қатынаста болатынымызды анықтайтын адамдық қарым-қатынасқа ерекше мән беріледі.Бұл саланың мәні мынада – барлық адамдар өз болмысынан әлеуметтік болып табылады.

Жас ерекшелігі психологиясының кезеңдерге сай өзгеріс пен өсудің негізгі зерттеу бағыттары болады. Ол зерттеу аймағы деп аталады. Зерттеу аймағы төрт бағытқа бөлінеді:

1) денелік өсу және даму;

2) когнитивті және сөйлеудің дамуы;

3) тұлғаның дамуы;

4) әлеуметтік-мәдени дамуы.

Денелік дамуына дене мөлшерінің және формасының өзгерісі, сонымен қатар ми құрылымдары, сенсорлық қабілеттер, моторлық дағдылардың дамуы. Когнитивті даму аймағы қабылдау, ойлау, тапсырманы шешу т.б. анықтайды. Тұлғалық ерекшеліктердің дамуы тұрақты және қалыпты мінез бен сезімнің қалыптасуы, өзіндік тұлға түсінігін қабылдаудан тұрады. Әлеуметтік мәдени даму аймағы әлеуметтенуден тұрады.

Психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық процестер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдаудың, есте сақтаудың,ойлаудың, сөйлеудің ,сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің – басқаруының бастапқы формаларының пайда болуы,өзгеруі және жетілуі құрастырады. Психикалық дамудың әрбір жас шағы кезеңіндегі негізгі міндеті осы дамуды шапщаңдату емес,оны байыту, осы кезең беретін мүмкіндіктерді мейлінше тиімді пайдалану болып табылады. Психикалық даму кезеңдеріне бөлу осы дамудың өзінің ішкі заңдылықтарына негізделеді және психологиялық жас шағы кезеңдерін бөлуді құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет