Жас ерекшелігі психологиясы



бет18/24
Дата31.01.2018
өлшемі2,5 Mb.
#36708
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

1. Кәсіби даму кезеңдері

2. Мамандық таңдау және кәсіби дайындық


3.Студенттік кезең психологиясы.

Когнитивтік даму және мамандық тандау.

Танымдық даму жастық шақта басқа кезеңдермен салыстырғанда жоғары болады. Қазіргі зерттеу бойынша барлық танымдық қабілеттер 20жаста жоғары даму деңгейіне жетеді. Мысалы іс-әрекет жылдамдығы, ырықсыз есжәне т.б. Бірақ 30-60 жастан жоғары. Клаус Ригел дамудың бесінші деңгейін қосуды ұсынды ол- диалектикалық ойлау-формальды ойлаудың жалғасы.

Ерте жастық шақтың негізгі міндеттері түрлі психологтар әр түрлі класификациялар арқылы түсіндіреді. Хейнвингхерст жастық шақтың негізгі міндеттерін былай анықтады;

1.Кәсіби мамандықты таңдау.

2.Жар таңдау.

3.Жарымен отбасында тұруға ұйрену.

4.Отбасын құру.

5.Бала тәрбиелеу.

6.Үй шаруашылығын құру.

7.Жауапкершілігін қалыптастыру.

8.Өзінің жанына жақын орта табу.

Осы міндеттерге орайбұл кезең өмірлік жоспарды практикада жүзеге асыру. Мектепті бітіру кезеңінде тұлғалық және кәсіби жағынан бағытталу, біренше жылдар бойы жасөспірімдік кезеңнен бастап « кім болам», қалай жасауға болады», деген сұрақтар туады.Қазіргі кезеңде экономикалық қарым-қатынастардың қарқынды даму кезеңінде экономикалық дүниетану мәселесі де негізг мәселелер қатарына кірді. Өнерге жақын өнермен айналысатын балалар экономика мен саясатепен қалыс қалуда. Соған байланысты қазіргі жастарымыз экономика саласын қөбірек таңдауда осының нәтежиесінде біздің еліміз қарқынды даму үстінде.



Мамандықты таңдай отырып, өмірде өз орнын табу барысында, өмірлік серігін таңдауда,семья құруда жауапты шешім қабылдай алады.

- кәсіптік және әлеуметтік сферада өзін-өзі бекіту,кәсіптік мақсат-мүдделері туралы ойлануы,өмірде өз орны үшін күресе білуі

- ересек адамның әлеуметтік ролін меңгере бастауы және экономикалық белсенділігінің қалыптасуы.

3. Студенттердің дамып қалыптасуында ең басты ерекшелік ол оқуға ,оқу про1.Студенттік кезең жастық шақтың 18 -25 жас аралықтарын қамтиды. Студент термині латын тілі -нен енген,мағынасы табандылықпен жұмыс жасаушы немесе білім игеруші дегенді білдіреді.Студент бұл ерекше әлеуметтік категория,жоғарғы оқу орындарына арнайы ұйымдастырылған адамдар қоғамы.Әланысты болды. Студенттік кезеңде белгілі бір мақсатқа бағытталу,білімді жүйелі түрде игеру, кәсіптік іскерлік,табандылықпен оқу еңбегімен айналысу қалыптасады.Студент нақты бір жас кезеңдегі адам ретінде қараумен қатар үш жағынан сипаттауға болатын жеке тұлға.

1. Психологиялық жағынан сипаттасақ -өзіне тән психологиялық процестерімен,психикалық қасиеттерімен бағыт-бағдары,мақсат-мүддесі қалыптасқан,психологиялық білімі мен өзіне тән индивидуалды психологиялық ерекшеліктерімен сипатталатын индивид.

2. Әлеуметтік жағынан сипаттасақ-студент анықталған нақты топтарда өз орны бар,қоғамдық қарым қатынастағы жеке тұлға.

3Биологиялықжағынан сипаттасақжоғарғы жүйесі қызметі қалыпты дамуымен,деітімі,денкүші,кескін-келбеті,бойы,т.б.ерекшеліктерімен сипатталады.Сонымен қатар туа біткен нышандар мен тұқым қуалаушылық қасиеттері туралы және олардың жас ерекшелігі,жеке басы ерекшелігі,өмір жағдайларына қарай өзгеруі,дамуы барысы сипатталады. Осы аталған сипаттамалар арқылы студенттің сапалық қасиеттері мен мүмкіндіктерін және жас ерекшелігін,жеке тұлғалық ерекшеліктерін білуге болады.Жастық шақтағы басқа кезеңдермен салыстырғанда студенттік кезеңде оперативтік есте сақтау,зейіннің ауысуы,вербалды логикалық ойлау және т.б. процестер жоғары деңгейде дамиды.Сонда студенттік кезеңді барлық психологиялық, биологиялық,әлеуметтік процестердің ең жоғары деңгейіне жетер кезеңі деп атайды. Егер студентті тұлға ретінде зерттесе 18 – 20 жас аралығындағы индивид.Бұл кезеңде адамгершілікжәне эстетикалық сезімдердің белсенді дамуы, мінез-құлықтың тұрақтала бастауы,әлеуметтік ролдіңересек адамға тән комплекстік (азаматтық,кәсіптік,қызметтік тұлғалық т.б.) жүйесін меңгеруі байқалады.Экономикалық белсенділігімен өзбетімен өндірістік іс-әрекеті және еңбек биографиясы,жанұя құруы дами бастайды.Мамандыққа байланысты арнайы қабілеттері қалыптасып,бағдарлар жүйесі мен мотивация,мінез-құлқы,интеллект дамиды.Сонымен қатар спорттық,көркемдік,техникалық,танымдықғылыми жетістіктерге жету кезеңі.

Студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде олардың ішкі дүниесіндегі сол кездегі қарсылық.

тарда байқалған.Мысалы,,өзіндік тұрмыстық жағдайлары,ішкі жан дүниесінің көріністері мен жоғары мәдениетті тұлғалық қасиеттері мазалаған. Сонда бұл кезеңнің ең басты ерекшелігі барлық жағынанкөптеген жетістікке жетуге болады,егер бұл мүмкіндікті студент пайдалана білсе.Студенттік кезең интеллектуалды және дене күші дамуы мен шығармашылық мүмкіндіктердің даму кезеңі. Сыртқы келбетінің сұлулығы,асқақ-арман қиялға бай жан дүниесі және айнала бар құбылыс ғажайып әлем болып қабылдануымен сипатталады.

2. Жоғарғы оқу орнындағы оқу іс-әрекеті жастық шақтың екінші кезеңімен ересектік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келіп,тұлғалық айырмашылықтарының күрделенуіне себепші болады.Бұл процесті зерттеуде көп үлес қосқан психологтар Б.Г.Ананьев,А.В.Дмитриев,И.С.Кон,В.Т.Лисовский, З.Ф.Есарев енбектерін айтуға болады. Жас ерекшелігі психологиясы және жас ерекшелігі гигенасы мамандарының айтуынша 17-19 жастаадамның саналы түрде қабілеті,міне-құлқы әлі толық дамып болмайды делінген.Себебі бұл кезде тәуекелшіл,өз іс-әрекетіне мән бермей,байқамай,импульсты әрекеттер жасауы немесе әрекеттерінің нақты

мотивы болмауы көп байқалады.Негізінен 18 – 25 жас аралығындағы жастарға тән жалпы өзіндік ерекшеліктері де болады.Олар: Негізгі психологиялық мүмкіндіктер:

- ақыл-ойы дамуы,адамгершілік қарым- қатынасының есею,

- дүниетанымының қалыптасуы

- жаңа батылдық сезімдері мен өз бетімен шешім қабылдай алуы,

- оптимистік қасиетінің күшеюі, өз бетімен әрекет етуі,тікелік қасиетінің байқалуы,

- сыншылдығы,өзін-өзі сынауы,өзін-өзі бағалауы,өзін бағалаудағы іштеқарсылық,өзінесенбеушілік

- процесі аяқталады. үлкендер көзқарасына қарсылық,сыншылдық, дөрекілік екі жүзділік,басын цесіне,айнала құбылысқа,ортаға,жалпы студеттік өмірге бейімделуі.(адаптация).Жоғарғы оқу орнында әлеуметтік адаптация екі түрге бөлінеді:

а .кәсіптік адаптация-оқу прцесінің мазмұнына, құрылымы, мен ұйымдастырылуына бейімделу жәнеоқу іс-әрекеті мен ғылыми шығармашылық жұмыстар,өз бетімен жұмыстар дағдыларын игеру.

б. әлеуметтік психологиялық адаптация – индивидтің топқа бейімделуі,олармен қарым-қатынасы,топтағы өзіндік мінез-құлқы,тәртібі т.б.Бұл адаптациялардың бірінші курс студенттерінде үш формасы болады оқу орнына келген кезде.

1) формалды адаптация – бұл студенттің айнала жаңа құбылысқа,жоғары мектеп құрылымына,оқу мазмұны мен талаптарына танымдық-ақпараттық бейімделу.

2) қоғамдық адаптация – ішкі интеграциялық процесс бұл топтағы студенттердің өзара бірігуі,таны суы,топтасуы.

3) дидактикалық адаптация – студенттердің жоғарғы мектеп оқу іс-әрекетінің жаңа формалары мен әдістеріне әзірленуі және бейімделуі.

Адаптациялардың жүруі мен қалыптасуы түрлі факторларға байланысты,мысалы әр студенттің жеке басы ерекшеліктеріне,ақыл-ой іс-әрекетіне,танымдық іс-әрекетін басқара білуіне,интеллектуалдық даму дейгейіне қарай қалыптасады. Әрбір курстың да өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері болады.

Бірінші курста абитуренттік кезеңнен студенттік кезеңге өту,топтық өмірге бейімделу.Жалпы бейімделу, конформизм қасиеті жоғары деңгейде байқалады.

Екінші курста оқу тәрбие жұмыстарының мазмұны мен формаларын игеруі мен жұмыстануы тұрақталады.Студенттердің жалпы дайындығы мен мәдени қажеттіліктерінің түрлері дамиды.

Үшінші курста мамандыққа көзқарасы кеңейіп,ғылыми жұмыстарға қызығушылығы артады.Кәсіптік және жан-жақты танымдық бағдары дамиды.Тұлғалық түрлі қызығушылығы мен дүниетанымы кеңейе түседі,кәсіптік тұлғалық қасиеттері дамиды.

Төртінші курста практика арқылы мамандығы туралы көзқарасы қалыптасып,мамандығына дегенізденіс, арнайы дайындық формаларын қарастырады.Тұлғалық қасиеттері қалыптасып, әртүрлі жағдайға құбылысқа өзіндік көзқарасы,шешімі,жауапкершілігі болады.

Бесінші курста жоғарғы оқу орнын бітіру перспективасы,болашақ мамандығына нақты тәжірибелікұстанымыболады. Жанұялық,материалдық жақтарынан жаңа ,өзекті мәселелерді,жұмысқа орналасудыжоспарлайды.

Тұлғалық даму барысында психологтар студенттерді түрлі ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа топтастырады.Мысалы Ананьев білім алу құрылымы мен жас мөлшеріне қарай психикалық даму ерекшелігіне байланысты топтастырса,психолог В.Т.Лисовский топтауы бойынша мынандай атаулар беріледі: профессионал, академик, қоғамшыл, өнер сүйгіш, орташа, гармониялық, шығармашыл, жалқау,ерекше тип т.б.

Студенттердің оқу үлгерімі жалпы интеллектуалдық даму деңгейі мен арнайы қабілетіне ғана байланысты емес сонымен қатар олардың қызығуларына,мотивіне,мінез-құлқына,темпераментіне,тұлғалық бағыт-бағдарына және өзіндік сана-сезіміне байланысты.


13 дәріс

Тақырыбы: Орта жастағы адамдар психологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет