Жас ерекшелігін ескере отырып оқушылардың когнитивті жүйесін дамыту



Дата17.06.2018
өлшемі18,24 Kb.
#42512
Жас ерекшелігін ескере отырып оқушылардың

когнитивті жүйесін дамыту
Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивтік психология болды. 60-жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасында келген еді. Когнитивтік психология необихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде пайда болып, белсенді мағлұмат жинау мен ақпарат өңдеуші адам организмі жүйелі құрылым деген танымды әрі қарай жалғастырды, яғни адам әр қилы ақпараттарды ықпалды етуге қабілетті: бөтен таңбалар (код) формасына келтіре алады, одан әрі өңдеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немесе керексіз мәліметті жүйеден бүтіндей аластайды. Когнитивтік психологиясының көрнекті өкілдері – Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Линдсей, Г.Саймон. Щвейцар психологы және филосовы Жан Пиаже осы когнетивті психология туралы зерттеген.

Оқушыларды Жан Пиаже айтуы бойынша балада әр түрлі дамиды екен. 2 жасқа қарасаңыз, сенсо-моторлы интеллект жалғастырады, 2 жастан 11 жастақа дейін ағзаны кез келген жағдайға сезімтал болады. 7- 11 жас арасында оқушы ойын толық айта алады.

Өз тажірибемде, бала 7 жасында 1 сыныпқа келді, оқушы өте тұйық, осы жастағы оқушылар тез айтқанды, көргенді тез қабылдайтын уақытта кей оқушылардың қабылдауы өте әлсіз болып келеді. Оқушының сабаққа үлгере алмай жүргеніне когнитивті психология яғни ойлау, есі және зейіні арқылы оқушының танымдық жүйесін зертей отырып анықтадым.

«Тіл ойлаумен тығыз байланысты. Осыған орай, тіл білімінің ойлау категориялары мен ойлаудың заңдары туралы ғылым – логикамен, ойлау процестері және олардың тілде көрінуі туралы ғылым – психологиямен байланысы келіп туады» - дейді, «Тіл білімінің негіздері» оқулығы[1].Оқушы қазіргі таңда жұмысты психологтың ұсынысын басшылыққа алып дамыту жұмыстарын сынып жетекшісі басшылыққа алады .

 Біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін М.Мұқановтың заттардың түсін ажырату тұжырымы да құрайды. Бұл тұжырымның мағынасы мынандай: түстердің аты әр ұлттың тілінде әр басқа. Сондықтан түстерді қаншалықты дәрежеде ажырату әр ұлттың өзіне тән қасиеті болып саналады.

       Әдетте ажыратуда оның абстракті, яғни категориялық аттары және нақты бейнелік аттары кездеседі. Абстракті яғни категориялық түстерге қызыл, жасыл, көк, сары, қоңыр, сұр, күлгін, көкшіл және т.б. түстер жатады. Түстердің бұл түрін категориялық дейтін себебі күнделікті өмірде бұл түстерді нақты заттардан ойша бөліп алып, солардың бәріне бір ат береміз. Мысалы, жасыл түстер жапырақтарда, ағаштарда кездеседі. Бірақ біз осы жеке заттардан жасыл түсті бөліп алып, оны абстракті түрде жасыл дейміз. Ал нақты бейне түстерін алсақ, бұған түйенің жүніндей түс, аспан түсі, теңіз түсі т.б. жатады. Осы түстерді нақты ой бейнесіне жатады дейтін себебі: олар жеке заттар мен бірлесе отырып айтылады. Тобылғы түсті дегенге бұған тек нақты тобылғылардың түстерін ғана емес соған ұқсас өзге заттардың түстерін де  айтамыз. Кейбір оқымыстылардың (В.Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уоров) айтуына қарағанда, адам белгілі бір затты қабылдағанда сол заттың аты оның тілінде бар болса ғана қабылдайды да, жоқ болса – ажырата алмайды.

Қабылдау дегеніміз затты не құбылысты алғаш рет көргенде ойша бейнелеу деген сөз. Ал алғашқы рет бейнеленетін заттар мен құбылстарды адам қайта көріп, алғаш көргенін екінші рет таниды. Тану кезінде ол сол заттың не құбылыстың атын атайды. Ал адамның заттың атын атауы алғашқы көргенін еске түсіріп, жанғыртуға мүмкіндік береді. Демек, кейбір түстердің қайсыбір ұлт тілінде аталмауы оларды көрмейтіндігінде емес. Бұлар қабылдау мен тану процесі арасындағы ерекшеліктер «халық қазақ тіліндегі көк түсті неге көкшіл түстен ажыратпады? Өйткені көкшіл деген атау қазақ тілінде болған жоқ, бұл орыс тіліндегі голубой деген түсті қазақшаға аударудан келіп шықты.

       Мұның мәнісі мынада: егер біз бір құбылысты көзімізбен көріп, бірақ оны айта алмасақ, онда сол құбылысты есте сақтап, обьективті түрде ажырата алмаған болар едік. Өйткені біздің көзімізге көрінген құбылыс тек субьективті түрде ған болып, тез ұмтылып кетеді де, оны белгі арқылы есте қалдыруға мүмкіндік болмас еді. Демек, бұл жерде түстерді белгілі категорияға жатқызып, сөзбен атау сол түсті қабылдап, ұғым арқылы бейнелеуге мүмкіндік береді.  

      Д.Р.Адерсон «Тілдік универсалийлер» деген зерттеу еңбегінде жас мөлшерінің тілді игеруге әсері туралы теориясын жасаған. Бұл теорияның тұжырымы бала тілді 8-10 жасқа дейін жақсы игереді. Бұл тұжырымның екінші тілді игеруге қатысты айтылғанына қарамастан, осы еңбегінде ғалым Ньюпорт пен Супалла жүргізген ана тілін меңгеруге байланысты зерттеулердің де нәтижесі осы қорытындыға келіп тірелгенін айтады. Олар жүргізген зерттеу барысында жест тілін ересек кезде меңгерген үлкендер оны бала кезінде үйренгендерге қарағанда нашар меңгерген.

      Психолгтардың бұл жасаған тұжырымдардың біздің зерттеу мәселемізге қатысы бар деп есептейміз. Өйткені «Ана тілі» пәнін бастауыш сыныптардың 7-10 жастағы балалары оқиды. Олардың осы жастағы тілді меңгеруге деген қабілеттілігін көркем сөзді игеру үрдісінде де табысты қолдануға болады.

       Қорытындылай келе оқушының ең алғашқы қаланған ірге тасының мықтылығына орай баланыңда когнетивті ойлауы, соған байланысты сөйлеуі, қоршаған ортадағы заттардың қабылдануыда қалыптасады. Элис және Бехон зерттеулеріндегі А – В – Се – Св – В деп белгілегендей, адамдағы 5 жастан кейінгі көрініс осындай болмақ, яғни А – жағдай, В – ой, Се – эмоция, Св – әрекет. Осыдан кейін осындай формула пайда болат. В – А – В – Се – В – Св – В яғни ойлап барып жағдайға келет, жағдайдан кейін тағы ойласады, кейін эмоция пайда болады сосын тағы ойласады, сосын әрекетке көшіп барып, қандай әрекет жасасада кейін тағы ойласып қорытындысына қуанат немесе өкінетін уақыттар болады. Сондықтан қандай жағдай болмасада, эмоцияны тежеген абзал.

Қолданылған әдебиеттер

1.Пиаже Ж. Избранные психологические труды. М., 1994.

2.Пиаже Ж. Речь и мышление ребёнка. М., 1994.

3.Флейвелл Дж. Х. Генетическая психология Жана Пиаже. М., 1967.

4.Пиаже Ж. Теория Пиаже. Разд. III: Теория стадий // История зарубежной психологии. 30-е — 60-е годы XX века. Тексты / Под ред. П. 5. Я. Гальперина, А. Н. Ждан. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1992. С. 232—292.



6.Пиаже Ж. Комментарии к критическим замечаниям Л. С. Выготского на книги «Речь и мышление ребёнка» и «Суждение и рассуждение ребёнка» // Хрестоматия по общей психологии. Психология мышления / Под ред. Ю. Б. Гиппенрейтер, В. В. Петухова. М., 1981.

7. http://www.rusnauka.com/5_SVMN_2013/Psihologia/7_129379.doc.htm
Каталог: uploads -> doc -> 0532
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0532 -> Мұғалімнің өз білімін көтеру жоспары Өз білімін көтеру тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет