“жас ерекшелік психологиясы” курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


Лекция Жасөспірімдік кезеңдегі темперамент типтері мен нерв жүйесінің ерекшеліктері. (2 сағат)



бет20/27
Дата19.12.2022
өлшемі310 Kb.
#163321
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ

11 Лекция Жасөспірімдік кезеңдегі темперамент типтері мен нерв жүйесінің ерекшеліктері. (2 сағат).
Жоспары:

  1. И.П. Павлов пен Гиппократ бойынша темперамент және нерв жүйесінің типтері.

  2. Н.И. Красногорский бойынша темперамент сипаттамалары. Меланхолиг, сангвиник, флегматик, холерик типтерінің сипаттамалары.

  3. Бала темпераментін іс-әрекеті мен мінез-құлқына қарап анықтау. Жасөспірім кезеңдегі мінездің акцентуациясы.

А.Валлон бала дамуының патопсихологиялық әдістің көмегімен нормаларды, әртүрлі ауытқуларды және дамудың тежелуін бақылауға негізделге заңдылықтарды көрсетті. А.Валлон қалыпты бала патологиялық баладан шығады деп мойындады.


Тұлға даму стадиясының анализі жарты ғасырға созылған жаңа сұрақтарды туғызады: неге бір стадияда жақсы бейнеленген ағза, келесіге өтеді? Қандай жолмен дамушы ағза өз бірегейлігін сақтап, сапалы түрде өзгереді? Осы сұрақтарға теориялық негіздегі жауап Х.Вернердің ортогенетикалық концепциясынан табуға болады. Сөздік анықтамасы бойынша. Онтогенез – тірі ағзалардың эволюциясы қатаң анықталған бағытпен жүреді деп сендіретін, тірі табиғат дамуының теориясы. Ортогенетикалық концепция психологияда психикалық өмір мен оның дамуын қамтиды. Х.Вернер әр түрлі бағыттағы - филогенез, онтогенез, микрогенез. Отногенез, потогенез эволюцияларының салыстырмалы анализін жүзеге асырады. Қай жерде тіршілік болса, ол жерде өсу мен даму жүреді, сондықтан жеке тұдғаның және адам нәсілінің психологиясын, баламен жануардың психологиясы психапотология және психология генетикалық негізге ие деп өрсетті. Х.Вернердің пікірінше, зерттеудің әр түрлі аумағынан алынған фактілер саналы өмір үшін қолданылатын дамудың жалпы заңдылықтарын ашуға болады.
Онтогенездің, патогенездің, микрогенздің салыстырмалы анализі Х.Вернергепсихика дамуы жалпы және формальді задылықтарға бағынады деген қорытындыжасауға мүмкіндік берді. Бірақ та жалпы қырлардан басқа феномендерді субстратпен салыстыра әртүрлі спецификалық айырмашылықтар бар. Оның пікірінше, Ст.Холдың қатесі онто және социогенез стадиялары параллель болса да, олрдан ұқсастықты іздеуі. Х.Вернер салыстырмалы генетикалық психологияның ғылым ретіндегі мүмкіндігін толығымен жоққа шығаратындықтан рекапитуляция сыншыларын дұрыс деп санамады. Х.Вернер көрсеткендей, параллель салыстыратын психикалық құрылымды жалпы формальдық мәнде ұқсастығын ғана айтады. Олардың қатарына мысалы, бала өседі және оның психикалық өмірі өзгеріс үстінде, ал ересек адамдар қарапайым қоғамда толық дамыған. Осыдан басқа бала, бала әлемінен бөлек ересектер әлемінде дамиды. Бірақ осы іргелі айырмашылықтар ұқсас мүмкіндермен генетикалық параллелді жоққа шығармайды.
Тәжірибені ынаталандыру мақсатында барлық ағзлардың функционалды құрылымының минималды деңгейіне сәйкес пайда болатындығын салыстырмалы анализ тұжырымдады. Олардың басқа жағдайда дамуы мүмкін емес. Ағза ортаның қасиеттерін зерттейді және осының әсерінен физиологиялық және психологиялық даму пайда болады. Физиологиялық құрылымдар физиологиялық мүшеге ие болатын ортаның қасиеттеріне ғана ықпал ете алады. Осындай жолмен психологиялық құрылым психикалық жүйеге сәйкес келетін тәжірибе мен ақпаратты ынпалдандырады.Осылай, ағза құрылуы оның өзара әрекеттестігімен оның тәжірибе нәтижесін анықтады. Бұл тәжірибе өз кезегінде өзара әрекеттестіктің қайнар көзі болған функционалдық құрылымда анықталады. Осындай кері байланыс бір стадиядан екінші стадияға прогрессивті, сапалы түрде ауысуға әкеледі. Х.Вернер бойынша, дамудың обьективті себебі нақтыланады: өткен стадиядағы ұйым жобаланады, бірақ ол енді болатын стадиядағы ұйымды қамтамасыз етпейді. Ұйым дамудың әр сатысында бір-бірінен ерекшеленетін болса, онда ағзаның ортамен өзара әрекеттестігі өмір барысында өзгереді: егер ағза үшін осы өзара әрекеттестік қолайлы болса, онда ұйым стабильді қалпында қалады.
Х.Вернердің концепциясында даму процесіне, тұрақтылық пен өзгерісті түсінуге «әртіс – сахна » бейнелерін пайдаланады. Орта – бұл сахна немесе ағза дамуымен іс-әрекеті үшін обьект, ал ағза – бұл әртіс немесе осы сахнадағы субьект. Демек, ағза ортаға әсер етеп қана қоймай, ол - өз сахнасының операторы. Прогрессивті немесе регресивті эволюция процесінде туындайтын «әртіс - сахна» байланысындағы немесе «субьект - обьект» өзара қарым – қатынасында даму анализі өзгерістердің зерттеу заңдылықтарын талап етеді.
Х. Вернер және оның Американдық ізбасары Б.Каплан дамуда «сахна - әртіс» өзара әрекеттестігінде өзгеріс пайда болады. «Сахна» қарапайым даму стадиясында немесе психологиялық ортада, - бірінші инициатор өзара әрекеттестік. Ағзаның функционалдық құрылымы оның мінез-құлқының формасын анықтаса да бәрібі сыртқы ынталандыруға салыстырмалы пассивтік реакция. Дамудың жоғарғы стадиясында ағза өзара әрекеттестіктің бірінші иницаторы болып табылады. Бұл мағынада « әртістің» мінез-құлқы ортаға спентанды белсенді ықпал етеді. Ағза өз әрекеттерінің мінезін анықтағанда және таңдау жасағанда дербестікке ие және ол өз қажеттіліктері мен мақсаттарын қанағаттандыру үшін өз-өзін қамтамасыз етеді.
Онтогенезде көрсетілген «әртіс» және «сахна» ортасындағы қарым-қатынаста генетикалық өзгеріс нышаны,- жай қабылдаудан оқиғаны критикалық бағалауға өту. Эгоцентрлік өзара байланыс өте ауқымды, ағза өзімен орта арасынан айырмашылықты көрсетпейді. Баланың түсті ішкі құбылыс ретінде қабылдауы мысал бола алады. Түсте және өңде көрген құбылыстардың арасында айырмашылықтардың болмауы психозда, қарапайым қозғалуда, деперсонализм жағдайында көрініс табады.
Дамуда қарапайым өзара әрекеттестіктің дифференциясы әртістің сахнамен интеграциясымен қолдау табады. Субьект пен обьектің арасында
Дифференциацияның нығаюы ағза нақты ситуацияға бағынышты емес екенін көрсетеді. Осындай еркіндіктің салдарын өз мақсаттарын нақты анқтай алады. Субьектігі жақсы таңдау жасап және ситуацияны өзінше өңдеуге мүмкіндік туады. Ол өз сөзімен ортаға манипуляция жасайды. Х.Вернерге сәйкес, дамудың жоғарғы сатысында әлемді өз қажеттіліктер позициясымен түсіндіру тенденциясы аз бақыланады.
Х.Вернер ақыл-ой дамуының жалпы бағыттарына сипаттама бере келе, ол осы процестің функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің келесі көрсеткіштерін бөліп көрсетті. Бұл синкретикалықтан дискретикалыққа, диффузиялықтан есеп беруге, ригидалықтан икемділікке, тұрақсыздықтан тұрақтылыққа өту. Синкретикалық, мысалы, Х.Вернер ақыл-ой өмірінің бастапқы қарапайым жүйесінен көреді және сәби кезеңінде эмоционалдық процес аумағында, қабылдау облысында және қиял процесінде, фунционалды дифференцияланбаған субьект-обьект қарым-қатынасында көреді. Х.Вернер бойынша даму немесе ортогенез икемділік және тұрақтылықтың, функционалды дискреттіктің, есеп берудің ішкі жүйедегі сенімді жүйелер арасында өсумен құралады.
Осы айтылған дамудың жалпы бағытының формальді қырлары, Х.Вернер даму деңгейіне салыстырмалы баға беруге тырысады. Мұндай баға 3 факторға байланысты беріледі: даму процесінің көрсеткішіне анықтама; анализдік құбылысты құратын іс-әрекеттер жүйесінің анықтамасы; жеке ақыл-ой операциясының анализі Х.Вернер айтқандай, диапозды ағзаның диапозон қабілетінде көрінетін жеке бақылаулар негізінде қоюға болмайды. Кез келген психологиялық құбылыс ғылыми тұрғыдан қарастырғанда ағза дамуының тұтас перспективалық негізінде классикациялануы керек. Оның орны мүлдем өзгермеген. Егер дамуда жаңа перспектива пайда болса, онда бір ақыл-ой құбылысы әр түрлі деңгейде болады. Бұл баланың оқымаған ересек пен ақылынан айырылған ауру адамның іс-әрекетін қарапайым даму стадиядағы іс-әрекетпен салыстыруға болмайды; ересек адамның (білімді, оқыған адамның) іс-әрекетін даму стадиясының жоғары деңгейіне сәйкес келеді деп айтуға болмайды.
Ақыл-ой дамуының салыстырмалы анализі Х.Вернерге биопсихологиялық эволюцияда ақыл-ой дамудың 3 стадиясын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл – сенсомоторлық, перцептивтік және ақыл-ой дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет