“жас ерекшелік психологиясы” курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


Дәріс Психологиядағы жас периодизациясы мәселесі. Даму психологиясының тарихи пайда болуы



бет5/27
Дата19.12.2022
өлшемі310 Kb.
#163321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ

3 Дәріс Психологиядағы жас периодизациясы мәселесі. Даму психологиясының тарихи пайда болуы.
Жоспары:

  1. Л.С.Выготскийдің жұмыстарындағы периодизация мәселесі.

  2. ”Жас дамуының әлеуметтік жағдайы” ұғымдары.

  3. Баланың психикалық дамуындағы дағдарыстардың мәнін түсіну. Жетекші іс-әрекет түсінігі.

  4. Жетекші іс -әрекет және жастағы негізгі психологиялық жаңа құрылулар. Онтогенездегі жетекші іс -әрекеттердің ауысуы.

Даму мәселесін талдау бихевиоризмнің жалпы бағдарымен байланысты. Бұл бағыт эмпериялық философияда кең тамыр жайған және Америкалықтардың адам туралы түсініктеріне сай келеді: қоршаған орта одан не жасаса, сол адам. Америка психологиясында бұл бағыт үйрену түсінігімен байланысты. Бұл концепцияны өңдеуге И.Л. Павлов идеялары әсер етті. Америка психологтары И.Л.Павлов идеяларын қарастыруда іс - әрекет тек қана тірілерге тән сипат деген тұжырым жасады. Негізінен, Америка психологтары И.Л.Павловтың шартты рефлекс принципін ұстанды. Бұл Дж. Уотсонның психологиясында жаңа концепция ойлап табуына түрткі болды. Америка психологиясына осы И.Л. Павловтың асқорыту жүйесі теориясы арқылы ерекше ғылыми эксперимент жүргізу туралы ой келді. П.И. Павлов арқылы жасалған эксперимент 1897 жылы болып, Дж. Уотсон 1913 жылы оны жарыққа шығарды.
Ерте кездегі психологиялық теориялар қатарына «рекапитуляция» концепциясы жатады. Э. Геккель эмбриогенезге байланысты биогенетикалық заңды қалыптастырды: онтогенез – филогенездің қысқа және жылдам қайталануы.Бұл заң бала дамуының онтогенетикалық процесіне көшті. Американ психологы Ст.Холл: «Бала өз дамуында адамдардың болмысына тән дамуды қысқа қайталап шығады»- деп есептеді. Оның ойынша бала түн жарымда қорқынышта шошып оянып, көпке дейін ұйықтай алмайды. Ол бұны атавизммен түсіндіреді. Бұл дегеніміз бала өткен дәуірге тап болады, мысалы адам жалғыз орман ішінде көп қауіп-қатердің ортасында ұйықтап жатып, кенеттен оянып кетеді.Ст. Холлдың ойынша, ойын – бұл балаға ең керекті жаттығу.Бала осы жаттығу арқылы өзінің пайдасыз қылықтарынан толығымен арылады. Бала суретінің дамуы адам тарихындағы бейнелеу өнерінің кезеңдеріне сәйкес келеді деп есептейді.
Ст.Холлдың бұл тұжырымдарына көптеген психологтар сын айтып, қарсы шықты. С.Л.Рубинштейн осыған сәйкес ұқсастықтар негізсіз деп есептеді. Оның пікірінше: «Ересек адам қаншалықты жабайы болса да, толық әрі жетілген индивид ретінде табиғатпен қарым – қатынас жасап, өз өмірі үшін күреседі. Ал, баланың қоршаған ортамен қарым – қатынасы мүлдем өзгеше болады». Дегенмен де бала психологиясын меңгерудегі Ст.Холлдың жұмысы көптің назарын аударды. «Америкада бәрі кеңінен жасағанды ұнатады» - деді Щвейцар психологы Э.Клапаред. Ойлаған максатқа жетіп, көптеген нақты материалдар жинау үшін әр алуан анкета түрінде зерттеу жүргізілді, бірақ бұл жұмыс көбіне күмән тудырып,сенімсіз болды.Мұғалімдер журналдарда берілген сұрақтамаларға жауап беріп үлгере алмады және осы үшін оларды сөкті. Э.Клапаред бойынша: «Ғылым Америкадағы қалалар секілді тез дамымайды».Психологиядағы рекапитуляция концепциясы эмбриологияда бұл концепцияны критикалауға, яғни келіспеушілікке дейін туындады. И.И.Шмальгаузеннің айтуынша, филогенезде эмбриогенездің тұтастай қайта құрылуы жүзеге асады. Ал, Э.Геккелдің критикасы осы эмбриогенез тарихының мәселесін қайта көтерді.
Рекапитуляция концепциясының шектелуіне қарамастан, психологияда биогенетикалық принцип заңдылық іздеумен қызық болды. Д.Б.Эльконин айтпақшы: «бұл дұрыс емес концепция болды, алайда бұл нағыз теоритикалық концепция еді».Егер осы концепция болмағанда басқа да теориялық концепциялар болмаған болар еді. Ст. Холлдың көрсетуіндей, тарихи даму мен жекелеген дамудың арасында әлі күнге дейін қаралмаған байланыс бар. Рекапитуляция теориясы ғылым сахнасында көпке дейін қала алмады. Бірақ Ст. Холлдың идеясы балалар психологиясына А.Гезелл және Л.Термен атты екі атақты шәкіртінің зерттеулері арқылы ықпал етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет